Вестник Карагандинского университета Əож 37: 372. 8



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата13.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#82188
1   2   3   4   5
Проблемасы неде? Есептің шартын талдай отырып, əрқайсымыз нысандар мен құбылыстарды 
абстракциялаймыз, идеалдаймыз (дəріптейміз), басымдық процесті көрсетеміз, қосымша мəліметтер 
жинаймыз, шарттың артығын алып тастаймыз, сапалы жəне сандық сипаттама арасындағы өзара бай-
ланысты бекітеміз, шартты шешуге қажеттісін жəне жеткіліктісін айқындаймыз, есепті шығаруға əке-
летін есеп жағдаятының моделін жасаймыз [3]. 
Біріктірілген эвристикалық «Шартын талдау жəне модель жасау» тəсілі бізге шартты талдау ке-
зеңін жəне есеп жағдаятының (есеп құрауда) алғашқы моделін жасауды тиімділеу үшін қандай əре-
кетті қолдануға болатынын ойға салады. Бұл біріктіруге келесі эвристикалық тəсілдер жатады: 
● Талаптан шартқа өту жəне артығын алып тастау. 
Есеп мəтінін жете түсінуді есеп жағдаяты туралы жалпы түсінікті қалыптастыру жəне есеп мақ-
сатын айқындау барысында, онымен бірінші жүгірте таныстықтан кейін жүзеге асырған дұрыс. Нені 
табу керектігі анықталғаннан кейін шартын жете зерттеуді бастауға болады. Əрекеттің мұндай біріз-
ділігі жауапты табуға пайдасын тигізетін, яғни есепте қойылған проблемаларды шешуде жеңіл-желпі 
болатын шарттарды жылдам айқындауға əкеледі. 
● Терминдерді айқындау жəне логикалық құрылымдау. 
Есептің мазмұнымен бірінші танысқаннан кейін белгілі шарт пен есеп мақсаты арасындағы ло-
гикалық өзара байланысты құру əрдайым бола қоймайды. Мəліметтер мен мақсатты жақындастыру 
үшін оларды айқындауға əкеліп соғады. Сонымен, кеңістікті фразаларды нақты терминдермен, тер-
миндерді олардың анықтамаларымен алмастырады, құбылыстарды сапалы салғастыру туралы мəселе 
осы құбылыстарды сипаттайтын физикалық шамаларды сандық салғастыру туралы мəселеге əкеледі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Стандартты емес есептерді… 
Серия «Физика». № 3(67)/2012 
75 
Кейбір физикалық шаманың сандық мəніне жасырын формада көрсететін есеп мəтініндегі тірек сөз-
дер мазмұнына немесе толық фразаларға ерекше көңіл аудару керек. Бірнеше мысал келтіруге болады: 
Егер «дене тыныштық күйінен қозғалса», онда оның бастапқы жылдамдығы нөлге тең. 
Егер «газ гелий» (не аргон не басқа инертті газ) болса, онда бұл газды идеалды, бір атомды деп 
санауға болады жəне оның ішкі энергиясын U = vRT формуламен есептейді. 
Егер «газ жəне оның сұйықтығы жабық ыдыста болса», газ қанық болып табылады. 
Егер «жабық ыдыста су жəне 100 ºС-тағы оның буы бар болса», онда бу қанығу жағдайында бо-
лады жəне оның қысымы 10
5
Па-ға тең болады. 
Егер «ток көзі идеалды болса», онда оның ішкі кедергісі нөлге тең болады. 
Егер «су көлемі» берілген болса жəне оның жылулық ұлғаюын есепке алмау керек болса, онда 
судың массасын су тығыздығы 1 г/см
3
-ге тең екенін еске түсіре отырып, табуға болады. 
Терминдерді анықтау ақпаратты логикалық құрылымдауға көмектеседі жəне кейде есеп сұрағы-
на жауап табудың əрекет жоспарын бірден белгілейді. 
● Нысандар қасиетін дəріптеу (идеалдау). 
Физикалық есептерде зерттелетін нақты дене жəне құбылыс сондай күрделі, басқа денелермен 
жəне құбылыстармен өзара байланысты, яғни оларды саналы жеңілдетпей (идеалдамай) нақты бірде-
бір есеп шығарылмас еді. Есепті шығара отырып, біз санамызда есепте қаралатын нысандардың ойша 
бейнесін құраймыз, бізбен жасалған нысан моделі қаншалықты қарапайым болса, сонда олардың ара-
сындағы белгісіз өзара байланысты табу оңай. Идеалдау барысында нысанның берілген жағдайда 
елеусіз болатын ерекшеліктерін ескермейді. Есеп жағдайының жеңілдетілген моделін жасауда жасал-
ған модель жалған қорытындыға əкелмес үшін, нақты фактілерге қарама-қайшы қарастырылатын де-
не мен құбылыстың мəнді қасиетін сақтауға тырысу керек. 
Кей жағдайда есепті тұжырымдаудан зат пен процестің идеалдау сипаты белгілі болады. Физика 
есептерінде жиі кездесетін идеал шамаларды мысалға келтіруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет