Вестник Карагандинского университета Əож 37: 372. 8



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата13.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#82188
1   2   3   4   5
Байланысты:
kudusov2

● Есептің мазмұнын зейін қойып тағы бір талдаңыз жəне берілген жағдайға неғұрлым қара-
пайым үлгі жасаңыз. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Стандартты емес есептерді… 
Серия «Физика». № 3(67)/2012 
73 
● Жалпы мазмұнға сүйеніп заңдылықты шығарып алыңыз (симметрия идеясына, сақталу заңы-
на, қарапайымдылық, салыстырмалылық, себептілік қағидалары, суперпозиция, анықталағандық қа-
тынасына сүйене отырып, ұқсастықты қолдану). 
● Есепте қаралатын заттар мен процестердің ерекшеліктеріне көңіл аударыңыз. Есептің өзін 
немесе онда қаралатын нысандарды бөлімдерге бөліңіз, оларды қайта құрастырыңыз. 
● Есеп шартының нақтылау дəрежесін уақытша өзгертіңіз. 
● Өз жұмысыңыз үшін ыңғайлы жағдай жасаңыз. 
● Өзіңізді қарастырылатын нысан орнына қойып көріңіз. 
Үшіншіден, нақты ұсыныстар эвристикалық тəсіл деп аталады. Эвристикалық тəсілдерді екінші 
деңгейлі эвристикалық ұсыныстармен жобалау сəйкестігімен алты біріктіру жасауға болады. 
1) «Шартты талдау жəне модель» стандартты емес жағдайдың стандарттыға айналуының бастап-
қы кезеңінде қолдану пайдалы болатын тəсілдерді біріктіреді. Оған мыналар жатады: 
– талаптан шартқа қарай жүру жəне артығын алып тастау; 
– терминдерді анықтау жəне логикамен құрастыру; 
– қасиетін дəріптеу; 
– мəтінді сызбаға орналастыру; 
– қосымша мəлімет жинау; 
– қарапайым модель жасау. 
Берілген жағдаяттың бастапқы моделін жасағаннан кейін, физиканың неғұрлым жалпылама заң-
дары мен əдіснамалық қағидалары нəтижесінде жалпы есеп жағдайына қарап, есептің шешімін табу-
ға тырысу керек. Кейде бұл мүмкін, сонда есептің шешуі қысқа да əдемі болады! Егер есепті толық 
шығара алмаса, онда анықталған заңдылық арақатынасты шешуге қажетті əрі қарай ізденісті біршама 
жеңілдетеді. 
2) «Жалпы тəсілге» эвристикалық тəсілдер кіреді: 
 жағдаятқа жалпы қарау; 
 ұқсастықты табу; 
 симметрия іздеу; 
 сақталатын сипаттамаларды анықтау; 
 басқа қырынан қарау; 
 беттесу нəтижесі ретінде көрсету (суперпозиция). 
3) «Ерекшелігін анықтау». Бұл жерде келесіні назарда ұстау қажет: 
 ерекше қасиетін ескеру; 
 өзгерістердің келістілігін ескеру; 
 геометриялық бейнесін пайдалану; 
 графигін зерттеу; 
 нақтылау-модельді өзгерту. 
4) «Бөлімдерге бөлу жəне қайта құру»: 
 бөлімдерге бөлу; 
 дəуірлеуді айқындау; 
 көмекші элементтерді кіргізу; 
 өзара орналасуын өзгерту; 
 ұқсасқа алмастыру; 
 ізделетін бөлікті өзі арқылы білдіру; 
 кері есеп шығару. 
5) Жалпылау деңгейін өзгерту немесе есеп шартын нақтылау есеп жағдайын өзгертудің тағы бір 
тəсілі болып табылады. Егер кейбір белгісіз шамаларға нақты сандық мəн берсе, есеп жағдайын бір-
шама нақтылауға болады (олардың қарапайымдылығы мен дұрыс мағына жинау түсінігі арқылы). 
Бұл мəндерде нақты есептердің бір немесе бірнеше жеке шешімі табылады. Ол шешімдер негізінде 
алғашқы есепті шешу мүмкіндігі жайында қорытынды жасалады. Кейбір нысандар қасиетін нақтылап 
қана қоймай, идеалдандыруға да болады. Мысалы, нысанның кейбір сипаттамасының сандық мəні 
нөлге тең делік. Онда есеп біршама жеңіл болады. Есепке жауап алып, нысан одан қосымша идеал-
дандыру алынғаннан кейін есеп жағдайына енетін үлеске түзету жасайды жəне алғашқы есепке ше-
шім табады. Есеп жағдайын нысандардың нақтылығы мен дəріптелуі ғана емес, сонымен қатар есеп 
шартын уақытша жалпылау жеңілдетеді. Бірақ жалпылау дəрежесі əр шаманың орнына тек оның сан-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


А.С.Кудусов, Э.К.Мусенова
74 
Вестник Карагандинского университета 
дық мəнінің реті (шаманың реттілігі бойынша бағалау əдісі) немесе тек сол шаманың бірлігін (өлшем 
бірліктер əдісі) алмастырылғанда ғана үлкен бола алады. Өлшем бірліктер əдісін немесе шаманың 
реттілігі бойынша бағалау əдісін қолдану логикалық түрлендіруге жəне математикалық есептеуге ке-
тетін уақытты біршама қысқарта алады. Сонымен, «Шарттың нақтылау дəрежесін өзгерту» мына тə-
сілдерге біріктіріледі: 
 біршама идеалдандырылған есепті шығару; 
 біршама жалпыланған есепті шығару; 
 біршама нақтыланған есепті шығару. 
Əрине, мұндай есептерді шығарғаннан кейін алғашқы есепті талдауға қайта оралу қажет жəне 
оны шығару үшін айқындалған заңдылықты қолдану керек. 
6) «Ішкі қорларды жаңғырту» біздің есепті сəтті шығарудағы психологиялық жағдайымызға үл-
кен əсерін тигізеді. Есеп шығарушы өзінің ізденімпаз ойшыл жəне практикалық əрекеті үшін неғұр-
лым қолайлы жағдай жасауға жəне қарастырылатын процестерді қабылдаудың жеке субъективті тə-
жірибесін жоғары дəрежеде қолдануға тырысу керек. Ол үшін: 
 өзінің сенімділік деңгейін реттеу; 
 нысан бейнесіне үйрену, «Кішкентай адамдар əдісін» қолдану; 
 «миға шабуыл» жасау; 
 жұмыс жағдайын өзгерту. Басқа іске кірісу керек. 
Бірақ шығармашылық ізденіс үдерісін болжау мүмкін емес. Сіздің бірнеше минутта есеп жағдайын 
жеңілдететін қажетті тəсілді таңдап алуыңыз немесе ойлап табуыңыз мүмкін, ал бұл үшін бірнеше тəу-
лік отыруыңыз да мүмкін. Егер талаптансаңыз, есепті ерте ме, кеш пе, əйтеуір, шығарасыз. Бірақ емти-
хандарда бақылау жұмысын шығару барысында, физика пəнінен олимпиадаларда жəне сайыстарда есеп 
шығаруға берілетін уақыт шектеулі. Мұндай жағдайларда біздің əр түрлі есептерді шығарып жаттығуы-
мыздың рөлі зор. Өз бетінше есептерді шығара отырып немесе оқу құралымен таныса отырып, сіздер 
сіз үшін калыпты болған нақты жағдайда шамалар арасындағы өзара байланысты белгілеудің көптеген 
жеке алгоритмдік тəсілін есте сақтайсыздар. Керек тəсілді білу есепті шығаруға кететін уақытты бірша-
ма азайтады. Физикалық құбылыстардың əралуандылығы физика есептерінің одан да көп түрлі болуы-
на жəне оларды шығарудың көптеген жеке тəсілдеріне сүйенуге əкеледі. Есепте жиі кездесетін жеке ал-
горитмдік тəсілдерді есте сақтауды жеңілдету үшін жəне басқа есептерді шығаруда, сонымен қатар фи-
зиканың басқа бөлімдеріне «көшуге» ыңғайлы біршама эвристикалық болу үшін, оларды мұндай білім-
ді неғұрлым көп талап ететіндей тұжырымдауға болады. Мұндай эвристикалық бағытты тұжырымдама-
сы бар алгоритмдік тəсілдерді эвристикалық-алгоритмдік тəсіл деп атайды. 
Кез келген есепті шығару оның тұжырымдамасын (мазмұнын) зерттеуден басталады. Сонымен 
қатар біз есеп талаптарымен танысамыз, шартын (берілгенін) зерттейміз жəне есептің негізгі шиеле-
нісін анықтаймыз. Яғни мына сұрақтарға жауап беруге тырысамыз: Не белгілі? Нені табу керек? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет