Стандартты емес есептерді…
Серия «Физика». № 3(67)/2012
75
Кейбір физикалық шаманың сандық мəніне жасырын формада көрсететін есеп мəтініндегі тірек сөз-
дер мазмұнына немесе толық фразаларға ерекше көңіл аудару керек. Бірнеше мысал келтіруге болады:
Егер «дене тыныштық күйінен қозғалса», онда оның бастапқы жылдамдығы нөлге тең.
Егер «газ гелий» (не аргон не басқа инертті газ) болса, онда бұл газды идеалды, бір атомды деп
санауға болады жəне оның ішкі энергиясын
U = vRT формуламен есептейді
.
Егер «газ жəне оның сұйықтығы жабық ыдыста болса», газ қанық болып табылады.
Егер «жабық ыдыста су жəне 100 ºС-тағы оның буы бар болса», онда бу қанығу жағдайында бо-
лады жəне оның қысымы 10
5
Па-ға тең болады.
Егер «ток көзі идеалды болса», онда оның ішкі кедергісі нөлге тең болады.
Егер «су көлемі» берілген болса жəне оның жылулық ұлғаюын есепке алмау керек болса, онда
судың массасын су тығыздығы 1 г/см
3
-ге тең екенін еске түсіре отырып, табуға болады.
Терминдерді анықтау ақпаратты логикалық құрылымдауға көмектеседі жəне кейде есеп сұрағы-
на жауап табудың əрекет жоспарын бірден белгілейді.
● Нысандар қасиетін дəріптеу (идеалдау).
Физикалық есептерде зерттелетін нақты дене жəне құбылыс сондай күрделі,
басқа денелермен
жəне құбылыстармен өзара байланысты, яғни оларды саналы жеңілдетпей (идеалдамай) нақты бірде-
бір есеп шығарылмас еді. Есепті шығара отырып, біз санамызда есепте қаралатын нысандардың ойша
бейнесін құраймыз, бізбен жасалған нысан моделі қаншалықты қарапайым болса, сонда олардың ара-
сындағы белгісіз өзара байланысты табу оңай. Идеалдау барысында
нысанның берілген жағдайда
елеусіз болатын ерекшеліктерін ескермейді. Есеп жағдайының жеңілдетілген моделін жасауда жасал-
ған модель жалған қорытындыға əкелмес үшін, нақты фактілерге қарама-қайшы қарастырылатын де-
не мен құбылыстың мəнді қасиетін сақтауға тырысу керек.
Кей жағдайда есепті тұжырымдаудан зат пен процестің идеалдау сипаты белгілі болады. Физика
есептерінде жиі кездесетін идеал шамаларды мысалға келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: