Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата31.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#10937
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Нагата Хирос. История философской мысли Японии. – М.,1991. – Б. 78. 
2. Светлова Г.Е. Путь богов. – М.,1985. – Б. 45. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
107 
 
3.  Гривин  В.С.  Из  истории  «национальной науки»  (кокyгaку)  Японии.  –  М.,1974.  –  Б. 
64. 
4. Кин Д. Японская литература ХYІІ-XIX столетй. – М.,1978. – Б. 73.  
5. Конрад И.И. Очерки японской литертуры. – М.,1973. – Б. 56. 
6.Конрад И.И. Японская литература от «Кодзики» джо Toкутоми. – М.,1974. – Б.45. 
7. Пинус Е.М. «Кодзики»-Записи о делах древности. – Л.,1972. – Б. 58. 
8. Chie Nakane and Shinzaburo Oishi Tokugawa Japan the Social and Economic Antecedents 
of Modern Japan Tokyo Press. 1990. – Р.167.193.  
9. Mikiso Hane Premodern Japan a historical survey.by Westview Press 1991. – P.186-222.  
10. История Японии. – М.,1968. – Б. 68. 
11. Жуков Е.М. История Японии. – М.,1989. – Б.75. 
Резюме 
Айтбай Р.Т., доцент,к.и.н. 
(г. Алматы,Казахский государственный женский педагогический университет) 
Распространение в Японии западного учения в эпоху Токугавы 
В  статье  рассматриваются  проблемы  распространения  в  Японии  западного  учения  в 
эпоху  Токугавы.  Показана,что  европейские  науки  в  Японию  были  введении  в  период 
Сэнгоку: в начале христианское учение и огнестрельное оружие, первые данные об западной 
хирургии. Японцы хотя с интересом знакомились с западной наукой, но не приняли западное 
мировоззрение.  Они  рассматривали  западную  науку  как  один  из  инструментов  облегчение 
жизни.  В  статье  расказываются  об  этих  проблемах.  Западную  науку  в  Японию  привезли 
голландские  купцы.  Японцы  заинтересовались  данными  естествознания,  в  частности 
изготовлением пороха, военным искусством, гелиоцентрическим учением Коперника. Автор 
в  статье  рассматривает  взгляды  последователей  «западной  науки»  разделяя  их  в  трех 
группах.  
Ключевые  слова:  Токугава,  Сэнгоку,  западные  науки,  голландоведение,  европейские 
науки, миссионеры, мировоззрение, естествознание, конфуцианство. 
Summary 
Aitbai R.T., Candidate of historical sciences, associate professor 
(c. Almaty, Kazakh State Women's Teacher Training University) 
Spreading in Japan  Western doctrine of the era of Tokugawa 
The  article  deals  with  the  problem  of  the  spreadıng  of  Western  doctrıne  of  the  era  of  the 
Tokugawa  in  Japan.  It  is  shown  that  European  doctrıne  in  Japan  were  sent  on  mission  to  the 
introduction  of  the  Sengoku  period:  at  the  beginning  of  the  Christian  doctrine  and  firearms,  first 
data  on  the  western  surgery.  Japanese  even  with  interest  acquainted  with  Western  doctrıne,  but 
bringing  the  western  world.  They  regarded  Western  doctrıne  as  a  tool  for  facilitating  life.  The 
article  blogged  about  these  issues.  Western  doctrıne  was  brought  to  Japan  by  Dutch  traders. 
Japanese interested in data science, in particular the manufacture of gunpowder, the art of war, the 
teaching  of  the  Copernican  heliocentric.  The  author  of  the  article  examines  the  view  of  the 
followers of the «Western science» dividing them into three groups. 
Key words: Tokugawa, Sengoku, western science, Rangaku, European science, missionaries, 
world, science, Confucianism. 
 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
108 
 
ӘОЖ 9(с)77 С 52 
МҰСЫЛМАНДЫҚ ӨРКЕНИЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ 
 
А.М.Сманова, т.ғ.к., доцент 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  арабтардың  күшті  орталықтанған  мемлекет  құруға  қол 
жеткізіп,  онда  жоғарғы  билеуші  бір  уақытта  діни көсем  бола  алғандығы  туралы  айтылады. 
Арабтар  исламды  тарату  үшін  діни  жорықтарға  бірікті  (газават).  Олардың  күшті 
экспанциясы  алып  территорияларды  шалып  өтті.  VIII  ғ.  ортасында  Аравия,  Сирия, 
Палестина,  Месопотамия,  Мысыр,  Солтүстік  Африка,  Пиреней  түбегі,  Закавказье,  Орта 
Азия,  Үндістан  жерлерінде  араб  халифтарының  билігі  орнады.  Ортақ  ережені  сақтау, 
міндетті  тәлім-тәрбие  нормасы,  дәстүрге  бейімдеушілік,  жалпы  азамзаттық  этика  – 
ортағасырлық  Шығыстағы  мұсылмандықты  алдыңғы  қатарлы  өркениеттік  даму  жолына 
түсірді. 
Түйін сөздер: ислам, халиф, визирь, газават, Мекке, Медине.  
Бастапқы кезде араб тайпаларының ислам қағидасы негізінде бірігуі үлкен маңызға ие 
болды.  Исламның  негізін  қалаушы  (араб  тілінен  аударғанда  «бағыныштылық»)  шынайы 
тарихи тұлға – Мұхаммед пайғамбар (570-632). Абыздардың тегінен шыққан ол жастайынан 
жетім қалып, балалық шағын тапшылықта өткізеді. Болашақ пайғамбар саудамен айналысып, 
жиһанкезге айналады, ол жастайынан өте әсершіл және ойы зерек болатын. Оның жаңа аях-
хадистері болашақта әлемдік діндердің бірі болуға бұйырыпты, яғни Мұхаммедтің бұл ашуы 
– жоғарыдан берілген діни құдайшылдық [1,74].   
Сонымен Мұхаммед күшті орталықтанған мемлекет құруға қол жеткізіп, онда жоғарғы 
билеуші бір уақытта діни көсем бола алды. Арабтар исламды тарату үшін діни жорықтарға 
бірікті  (газават).  Олардың  күшті  экспанциясы  алып  территорияларды  шалып  өтті.  VIII  ғ. 
ортасында  Аравия,  Сирия,  Палестина,  Месопотамия,  Мысыр,  Солтүстік  Африка,  Пиреней 
түбегі,  Закавказье,  Орта  Азия,  Үндістан  жерлерінде  араб  халифтарының  билігі  орнады. 
Арабтардың  шапқыншылығы  Константинопольдағы  византиялықтардың  (718  ж.)  және 
Францияның оңтүстігіндегі Пуатье маңындағы шайқастан кейін тоқтады (731 ж.). Дегенмен 
тез  арада  әскери  шараларды  жүргізудің  өзі,  әртүрлі  мемлекеттерде  феодалдық 
қатынастардың пайда болуына түрткі болды [2]. 
VIII-IX ғғ. арабтарда жер иелігінің басты түрі жер телімдері болып, оны халифтың өзі 
сыйақы  ретінде  үлестіріп  отырды.  Жерге  ие  болған  шаруалар  мемлекетке  салық,  ал 
шонжарларға  рента  төлеп  отырды.  Араб  ақсүйектеріне  әскери  қызмет  атқару  да  жүктелді. 
Жер  телімінің  үлкен  бөлігі  мұсылман  діндарлық  мекемелеріне  (вакф)  тиесілі  болды.  Бұл 
жерлерден  салық  жиналған  жоқ,  ал  қызметкерлері  әскерге  тартылмады.  Нәтижесінде  жер 
иеліктерін  діни  қызметкерлерге  сыйға  тарту  үдерісі  кең  қолданысқа  ие  болды.  Мұндай 
вакфтар  атаулы  болды,  ал  бай-шонжарлар  кірістің  үлкен  көлемін  өздеріне  алып  қалды. 
Арабтар  басып  алған  жерлеріндегілерді  ислам  дініне  байлап  тастаған  жоқ.  Мәселен, 
мұсылман емес халықтар қосымша салық төлеумен ғана шектеліп отырды, мұның өзі  жаңа 
дінді  қабылдау  үшін  ынталандыруды  күшейтіп  отырды.  Исламды  тарату  және  оның  тез 
салтанат құруы шарттылықтың жанындағы жай-жапсар болды [3].   
Біріншіден,  мұсылмандық  жас  діни  ағым  болып  есептеледі,  ол  көптеген  қағидаларды 
өңдеп,  ойлап  тауып  және  тамаша  түрде  іске  асыра  білді.  Ислам  теориясының 
пайымдауынша,  өлгеннен  кейінгі  өмірлік  идеясын  тартымды  мазмұнда  көрсетуі  болды. 
Мұсылмандық  пейіштің  жаннатында  (арабша  «бақша»),  дұрыс  жолдағы  діншілдерді  адам 
айтқысыз  тамаша  саялы  бақ  күтіп  тұрды.  Ал  жаханнамда  (тозақ),  керісінше  мәңгілік  тозақ 
отына  өртеніп,  бейнет  қана  күтіп  тұрды.  Сондықтан  кейбіреулердің  түсінігі  бойынша 
мұсылман  еместердің  барлығы  тозаққа  түседі  деген  түсінік  қалыптасты  [4].  Көптеген 
пайғамбарлармен  салыстырғанда  Мұхаммед  пайғамбардың  алдындағы,  Адам  ата,  Нұқ, 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
109 
 
Авраам,  Мұса,  Иса  және  басқалар  да  құрметті  орындардан  көрінді.  Мәселен,  діни  ілім 
түсінігі  бойынша  Қатерлі  сот  күні  басталғанда  адамдар  үшін  Мұхаммед  пен  Исаның  бірге 
қызметі айтылады.  
Екіншіден,  жаңа  дін  өзінің  қарапайымдылығымен  де  ерекшеленді.  Мұсылман 
дініндегілер басты бес талапты орындаулары  керек болды: 1. Негізгі қағиданы мойындау  – 
«Құдайдан басқа, Құдай (Алла) жоқ және оның пайғамбары – Мұхаммед». 2. Меккеге қарап, 
күніне бес рет намаз оқу. 3. Жылдың бір айын оразаға арнау керек. 4. Міндетті түрде пітір-
садақа беру. 5. Өз өмірлерінде бір рет болса да Меккеге қажылыққа бару. Бұл талаптардың 
барлығы түсінікті және қолжетімді  болғандықтан, оны көшпелі-малшылар, әскерилер, Таяу 
Шығыстың саудагерлері т.б. тез меңгеріп алды. 
Үшіншіден, мұсылмандықты қабылдаған халықтар үшін жаңа діни ілім басқыншылық 
сипатта  да  көрініс  тапты.  Сондықтан  арабтар  үшін  бұл  идеологиялық  негіздегі  қасиетті 
соғысқа – газават бастады. 
Төртіншіден,  исламның  маңызды  ерекшелігі  оның  күшті  шоғырландырушы, 
біріктіруші  күші,  орталықтандырушы  тенденциясы  болды.  Жаңа  ілім  тек  қана  құтқарушы 
жолды  көрсеткен  жоқ,  сонымен  бірге  даму,  қозғалыс,  тарату  идеясын  бағыттады,  Құранда 
көрсетілген  құндылық  жүйесін  уағыздады.  Ортақ  ережені  сақтау,  міндетті  тәлім-тәрбие 
нормасы,  дәстүрге  бейімдеушілік,  жалпы  азамзаттық  этика  –  ортағасырлық  Шығыстағы 
мұсылмандықты алдыңғы қатарлы өркениеттік даму жолына түсірді [5]. 
Исламның  арқасында  Адам  табиғатының  жаңа  қырлары  таратыла  бастады.  Мәселен, 
бұл  үдеріс  ерекше  климаттық,  географиялық,  әлеуметтік-мәдени  жағдайымен  басты  рөлді 
иемденді.  Қоғамдық  өмірдің  барлық  саласында  мұсылмандық  алдыңғы  қатарда  болды. 
Мұхаммед  және  бірінші  халифтер  (таңдаулы  мұрагерлер)  мемлекеттің  өзгеше  түрін  құрды, 
яғни  ол  теократикалық  (теос-құдай,  кратос-билік)  деп  аталды.  Сондықтан  Араб  халифаты 
теократикалық  мемлекет  болды.  Араб  халифатында  (632-1258)  барлық  діни,  әскери  және 
әкімшілік билік халифтың қолына шоғырланды. Төртінші халиф  – Әли өлтірілгеннен кейін 
мұсылмандарды  Омейядтар  (661-750)  династиясы  биледі.  Елдің  орталығы  Дамаск  қаласы 
болды.  Омейядттарды  қатыгездікпен  жойғаннан  кейін,  оларды  Абассидтер  (750-1258) 
ауыстырып, астананы Бағдадқа көшірді [6].  
Халифат өз алдына деспоттық мемлекет  болып, халифтың жақындарының бірі  визирь 
деп аталды, ол халифтың атынан қаржы-шаруашылық ісімен айналысты. Жоғарғы биліктің 
сүйеніші  гвардия  болды.  Ал  жекелеген  облыстарды  шейхтар  мен  сеидтар  басқарды. 
Жергілікті  халықтың  барлығы  –  харадж  жер  салығын  төтеп  отырды,  яғни  түскен  өнімнің 
оннан  бір  бөлігі,  сонымен  бірге  армия  үшін  заттай  салық  та  төледі.  Ал  мұсылман  емес 
халықтар қосымша жан басы салығын төлеуге міндеттелді. 
Армияны дәл ұйымдастыру, жоғарғы қарқынды ептілік, діни жанкештілік (қаза болған 
әскерге  жаннатқа  түсу  кепілдігі  берілді),  сонымен  бірге  көрші  мемлекеттерді  азаптаудан 
туындаған  ішкі  алауыздық  –  осының  барлығы  арабтардың  үлкен  жерді  иемденуіне  себеп 
болды.  Дегенмен,  ІХ  ғ.  бірінші  ширегінде  алғашқы  мұсылман  империясы  жеке 
мемлекеттерге ыдырап кетті. Ал Х ғ. соңында араб территориялары күшейіп алған Иранның 
ықпалына түсіп, 1258 жылы Бағдадты моңғолдар жаулап алғаннан кейін араб халифаты өмір 
сүруін тоқтатты.  
Күнделікті  өмір  сүру  саласы  бойынша  арабтар  өңделмелі  жер  шаруашылығын  жақсы 
меңгерді,  мәселен  олар  әлемді  бау-бақша  мәдениетімен  таныстырды,  мысалы  қарақұмық, 
күріш,  өрік,  қарбыз,  лимон,  дамаск  райханы,  қант  қызылшасы  т.б.  Жылқы,  қой  және  түйе 
өсіруден  олардың  байсалды  бәсекелесі  бола  қойған  жоқ,  оларды  азық-түлік  және  көлік 
ретінде  пайдаланды.  Араб  жерлерінен  фосфор  және  күкірт  қышқылын  жасау  әдістері 
табылған.  Арабтық  шығыста  қағаз,  керамика,  әртүрлі  құрылыс  материалдары,  хош  иістер, 
маталар (жібек, муслин, атлас) шығарылды. Араб географтары сол кездегі әлемді іргелі түрде 
суреттеп  берді.  Арабтардың  сандық  жүйесін  бүкіл  әлем  қабылдады.  Араб  математиктері 
алғашқы  болып  «нөлге»  анықтама  беріп  кетті.  Антикалық,  қытайлық,  үнділік  және 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
110 
 
византиялық  мәтіндердің  бізге  дейін  сақталып  қалуына  араб  аудармашылары  үлкен  үлес 
қосты.  
Мысалы  деректерде  араб  қалаларының  көшелерінде  шам  бағаналары  жарқырап 
тұрғаны  туралы  айтылады,  ал  бұдан  жүздеген  жылдардан  кейін  де  «Лондонның  бірде-бір 
көшесінде  шам  бағанасы  болған  жоқ,  ал  Париж  болса  батпаққа  батып  жатты»,  –  деп 
келтірілген  [7].  Азиаттық  сән-салтанаттың  барлығын  арабтар  Еуропаға  таныстырды.  Сән-
салтанатты  салынған  араб  үйлері  арнайы  ауамен  жылытып  отырды,  төбеге  салпыншықты 
люстралар  ілінді,  ал  жиһаздарды  алтын  мен  піл  сүйегінен  безендіріп  жасалып,  бөлмелерге 
парсы  кілемдері  төселді,  әр  жерге  үй  гүлдері  мен  экзотикалық  өсімдіктер  қойылды. 
Кітапханалардағы  кітаптардың  өзі  адам  айтқысыз  тамаша  безендірілген.  Гаремдік  әйелдер 
бүкіл  Жерорта  теңізі  жағалауында  әдеміліктің  үлгісіне  айналды.  Арабтар  Еуропадағы  ең 
алғашқы  бағбандар  болды,  ең  бағалы  жеміс-жидекті  Еуропаға  солар  алып  келді.  Арнайы 
хауздарда балық өсіріп, құстар мен аңдарды қолға үйретті.  
Батыс  Еуропада  ортағасырдың  соңы  Ұлы  географиялық  ашулардың,  сауда 
капитализмінің  тууы,  абсолюттік  монархияның  және  жаңа  ақыл-ой  болмысының  пайда 
болуымен тығыз байланысты. Ал осы кезде Шығыс елдерінде не болды? Мұнда өте қиыны 
ешкім  ойлап  та  көрген  жоқ,  яғни  капитализм  нығайып  қана  қоймады,  сонымен  бірге  жер 
бетінен толықтай бір тайпа мен халықты және дәстүрлі мәдениетті жойып, өзінің мүддесіне 
пайдаланатын  отарлық  жүйені  құрды.  ХVІ  ғасырда  азияттық  империялар  өте  күшті  және 
батысеуропалық  елдерге  қарағанда  әлдеқайда  бай  болды.  Мұны  былай  түсіндіруге  болады: 
көптеген  Азия  және  Африка  мемлекеттері  көне  мәдени  өркениеттердің  ұлы  ошақтарының 
тарихи ізбасары. Ол мәдени ошақтар Хуанхэ және Янцзы, Тигр және Евфрат, Ніл және Ганга 
өзендері  маңына  орналасқан.  Бұл  жерлерде  жоғарғы  қарқынмен  дамыған  суармалы  жер 
шаруашылығы,  алғашқы  жазу  мен  күнтізбе  жүйесі,  ал  кейінгі  жылдары  үш  ұлы  өркениет 
пайда болды: қытай-конфуциялық, үнді-буддалық, араб-исламдық. Осы ұлы үш өркениеттің 
әрқайсысы әлемдік мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлесін қосты [8]. 
Қытайлықтар  оқ-дәрі,  кітап  басып  шығару,  фарфор,  қағаз  ақша,  компас  ойлап  тапты. 
Сонымен  бірге  Қытай  шәй  және  жібек  өндірісімен  әлемге  танылды.  Ал  конфуциялық 
философия  мен  этика  Жапония,  Корея,  Вьетнам  және  Қиыр  Шығыстың  басқа  да  елдеріне 
әсерін  тигізді.  Үндістанда  бірінші  рет  мақта  өндірісі  пайда  болды,  үнділіктер  қант 
қызылшасынан қант алуды үйренді, сонымен бірге үй құстарын қолға үйретіп, дәм-татымдар 
кеңінен  өндірілді.  Ал  буддалық  және  үнділік  (индус)  философия  жүйесі  Жапонияда, 
Кореяда,  Қытайда,  Моңғолияда  және  Оңтүстік-Шығыс  Азияның  көптеген  елдеріне  тарады. 
Араб-ислам  әлемі  Еуропа  халқына  алгебра,  медицина,  химия  және  астрономияны 
таныстырды.  Тіпті  «философия»  сөзінің  өзі  арабша  «фәльсафе»  –  «бақыт  туралы  ғылым» 
дегенді  білдіреді.  Ал  1079  жылдың  өзінде  ақын  және  философ  Омар  Хаям  жылдық 
күнтізбеге  өзгерту  енгізді,  ал  Еуропада  мұндай  нақты  күнтізбе  тек  1582  жылы  ғана  пайда 
болды.  Оны  папа  ХІІІ  Григорий  бекітіп,  қазірге  дейін  григоряндық  күнтізбе  деп  аталады. 
Азияттық көпестер бірінші рет сауда чектерін айналымға енгізді, ал «чек» сөзінің өзі парсы 
тілінен шыққан. 
Шығыс әлемге атақты тарихшыларымен де танымал. Атақты ирандық тарихшы Рашид 
ад-Дин  Батыс  Еуропадан  бастап  Қытайға  дейінгі  дүниежүзі  тарихын  жазып  шықты,  мұның 
өзін  ол  ХІV  ғасырда  жазды,  ал  бұл  кезде  еуропалық  тарихшыларға  мұндай  үлкен  көлемде 
тарихи еңбек жазу ойларына да кірмеді [9].
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Бычков А.А. Легенды и мифы страны пророков. – М.: Олимп, 2008. – Б. 74. 
2.
 
Элиаде  М.  История  веры  и  религиозных  идей.  От  Магомета  до  Реформации.  –  М.: 
Академический проект, 2008. – Б.58. 
3.
 
Ислам классический: Энциклопедия. – М.: Эксмо; – СПб.: Мидгард, 2005. – Б.69. 
4.
 
Шредер  Э.  Народ  Мухаммеда:  антология  духовных  сокровищ  исламской 
цивилизации. – М.: Центрполиграф, 2008. – Б. 74. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
111 
 
5.
 
Николь  Д.  Мир  ислама.  –  М.:  Мир  книги,  2007;  Нъюби  Г.  Краткая  энциклопедия 
ислама. – М.: Фаир-Пресс, 2007. – Б. 65.  
6.
 
Хори  К.  Что  такое  ислам:  история  и  действительность.  –  СПб.:  Амфора,  2008. –  Б. 
78. 
7.
 
Мюллер  А.  История  ислама.  От  доисламской  истории  арабов  до  падения  династии 
Абассидов. – М.: ACT: Астрель, 2004. – Б. 68. 
8.
 
Филъштинский И. – М. История арабов и Халифата (750-1517). – М.:Муравей-гайд, 
2001. – Б. 62. 
9.
 
Гнедич П.П. Всемирная история искусств. – М.: Современник, 1996. – С. 230 –233. 
Резюме 
А.М.Сманова, к.и.н., доцент 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
История развития мусульманской цивилизации 
Арабы объединились для распространения ислама путем религиозной войны (газават). 
Их  мощная  экспансия  затронула  огромные  территории.  К  середине  VIII  в.  под  властью 
арабских  халифов  находились  Аравия,  Сирия,  Палестина,  Месопотамия,  Египет,  Северная 
Африка,  Пиренейский  полуостров,  Закавказье,  Средняя  Азия,  Индия.  Соблюдение  единых 
правил  общежития,  обязательных  норм  поведения,  приверженность  традиционной,  а  по 
существу,  общечеловеческой  этике  превратили  толпу  в  народ  и  вывели  мусульманский 
средневековый Восток на первые позиции в общецивилизационном развитии. 
Ключевые слова: ислам, халиф, визирь, газават, Мекке, Медине. 
Summary 
A.M.Smanova, candidate of historical science, assoc. professor 
(c. Almaty, Kazakh State Women`s Teacher Training University) 
The history of development of islamic civilization 
The  Arabs  came  together  for  the  spread  of  Islam  by  religious  war  (jihad).  Their  powerful 
expansion affected vast areas.In the middle of the VIII century under the rule of Arab caliphs were 
ın Arabia, Syria, Palestine, Mesopotamia, Egypt, North Africa, the Iberian Peninsula, the Caucasus, 
Central Asia, India. Compliance with common rules of social intercourse, binding rules of conduct, 
adherence to traditional and essentially universal ethics crowd turned to the people and brought the 
medieval Muslim East in the first position in the general civilizational development. 
Key words: Islam, the caliph, the vizier, jihad, Mecca, Medina. 
 
 
 
ПЕДАГОГИКА – ПСИХОЛОГИЯ, PEDAGOGY – PSYCHOLOGY 
 
ӘОЖ 371.927 
МЕКТЕПАЛДЫ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЭКСПЕРИМЕНТ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ 
ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ  
 
Қ.А.Аймағамбетова, п.ғ.д, профессор 
А.Сәдуақас, магистрант 
(Алматы қ, Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  мектепалды  жастағы  балалардың  табиғат  туралы  алған 
білімдері  эксперимент  жүзінде  дәлелденіп,  олардың  саналы  ұғынуы  негізге  алынды  және 
көрнекті  психологтар  мен  педагогтардың  еңбектеріне  сүйене  отырып  жасалды.  Сонымен 
қатар, балалардың танымдық қабілетін дамыту үшін экологиялық тәрбиенің маңыздылығын 
атап  өту  қажет.  Экологиялық  тәрбиені  меңгере  отырып,  балалардың  табиғатқа  деген 
сүйіспеншілігі,  патриоттық  тәрбиесіне  көңіл  бөлінеді.  Е.С.Евдокимова  экспериментке 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
112 
 
байланысты  жоба  типтерін  бөліп  қарастырды.  Қазіргі  нарықтық  заманда  бәсекеге  қабілетті 
білгір де озат, жігерлі де айбатты, алғыр да білікті, білімді ұрпақ тәрбиелеу ұлт көшбасшысы 
Н.Ә.Назарбаев Жолдауында осы мәселені бастапқы негіз ретінде қарастырған. 
Түйін сөздер: қоршаған орта, табиғат, эксперимент, құндылық, танымдық зерттеу, өзін-
өзі бағалау, экологиялық тәрбие. 
Қоғамның дамуының қай кезеңінде болмасын, табиғат  баланың дүнетанымын дамыту 
құралы ретінде орын алып, оған ерекше көңіл бөлінген. Оған дәлел адам, қоғам, табиғаттың 
арасындағы сабақтастықты түсіндіруде пайда болған әл-Фараби, Қашқаридің философиялық 
ой-пікірлері, шет ел классик ағартушылары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоццидің 
еңбектері мен Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың таным туралы ілімдері. 
Психологтардың еңбектерінде (А.Н.Леонтьев, Н.Н. Поддьяков, А.Н.Поддьяков) зерттеу 
әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатыны айтылады. 
Педагогика  саласында  балалардың  танымдық  қызығушылығын  арттыруда  оқыту 
тәжірибесін  қарастырған:  өсімдікті  өсіру  еңбегі  (Н.К.Постникова),  ойын  қызметі 
(Н.А.Бойченко),  табиғат  тану  (Ж.M.Маневцова),  әлеуметтік  құбылыстар  (И.Ч.Красовская). 
Бірақ  бұл  зерттеулерде  мектепалды  жастағы  балалардың  эксперимент  әдісін  қолдану 
негізінде табиғат туралы ғылыми ұғымын қалыптастыру мәселесі қаралмаған. 
Қазіргі таңда мектепке дейінгі кезеңнен бастап, балаларға өзін қоршаған ортадан ұғым 
беру,  сол  арқылы  олардың  дамуына  жағдай  жасау  қарастырылады.  Мұндай  ұғымды  айтып 
түсіндіру  бойынша  емес,  түрлі  жеңіл  эксперименттер  тәжірибелер  жасату  арқылы 
ұғындырған тиімді.  
Мектепалды жастағы балаларға экологиялық тәрбие беру мәселесін белгілі педагогтар 
С.Н.Булгаков, В.И.Вернадский, Л.Н.Гумилев, В.С.Соловьев, Н.Ф.Федоров, сондай-ақ И.Гете, 
И.Кант, Ф.Ницше, М.Хайдеггер, А.Швейцер, О.Шпенглер қарастырған. 
Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде білім беру мәселесі жаңа толықтыруларға 
ие  болып  отыр.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  стандартында  балалардың  қызығушылығын 
қалыптастыру  талап  етіледі,  себеп-салдар  қызығушылығы  қаралады.  Сондай-ақ  табиғи 
құбылыстар мен адам әрекеті үшін ойлап тапқан бақылау мен эксперимент әдістері арқылы 
қызығушылығын анықтау талап етіледі.  
Мектепалды  жастағы  балалардың  жетістікке  жетуін  қамтамасыз  ететін  танымдық-
зерттеу  қызметі  баланың  даму  тетіктерін  дамытуға  септігін  тигізеді.  Танымдық-зерттеу 
қызметін  дамытуға  эксперимент  әдісі  көмектеседі,  жүйелілік,  теориялық  ойлау,  қоршаған 
ортаны  тануын  түсіну,  сондай-ақ  адамға,  табиғатқа,  рухани  және  көркем  құндылықтарға 
қатынас жүйесін қалыптастыру – басты мақсат.  
Дәстүрлі  мектепке  дейінгі  педагогикада  эксперимент  балалардың  танымдық-зерттеу 
нысанасы  ретінде  қаралады,  бұл  үрдісті  жеңілдетуге  және  тездетуге  (Т.И.Гризик, 
О.В.Дыбина, Т.И.Ерофеева, Н.Н.Поддъяков және т.б.) көмектесті. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  эксперимент  қызметі  педагогтар  үшін 
дәстүрлі  әдіс  сияқты  жаңа  әдістер  және  технологиялар  қолданылады.  Дәстүрлі  әдістерге: 
суреттер  көру,  зерттелген  объектілер  мен  құбылыстар  туралы  мультимедиялық 
көрсетілімдерін көру, эксперимент мазмұны мен нәтижелерiн талқылау; ойын эксперименті, 
эксперимент элементтері, рөлдік ойындар жатады. 
Балалар  экспериментін  ұйымдастыру  проблемалық  оқытуды  өзіндік  әдіс  ретінде 
ұсынады,  балалардың  танымдық  белсенділігін  арттыру  және  мәселенің  шешімін  өз  бетімен 
шешуіне  үйретуді  ұсынады.  Бала  эксперимент  барысында  моносызбалар  мен  коллаждар 
құрайтын мономотехникалық жеке  әдістер қолданылып,  бала тәжірибесінің қорытындысын 
жалпылайды.  ТРИЗ  элементін  пайдалана  отырып  («кішкентай  адамдар»  қабылдауы, 
синтетика  әдісі,  «басқатырғыш»  әдісі,  «миға  шабуыл»,  «жүйелік  операторы»  және  т.б.) 
сондай-ақ  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  экспериментке  қызығушылығын 
қалыптастыруға ықпал ететін болады. 
Бала экспериментін жүзеге асыру үшін, кейбір педагогикалық шарттарды ескеру қажет, 
мұғалімдердің  жұмысқа  даярлығы,  білім  беру  қызметінде  мектепке  дейінгі  балалардың 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
113 
 
қызығушылығын  қалыптастыру  тәжірибесі  бар,  тәжірибелер,  ғылыми-зерттеу,  тиісті 
бағдардағы  қауіпсіз  заттық-кеңістіктік  ортаны  дамыту  және  балабақша  мен  отбасы 
қатынасын эксперимент арқылы нығайту қажет. 
Жобалық  әдістің  негізі  болып  саналатын  бала  эксперименті  баланың  танымдық 
қызығушылығын  арттыруға,  өзінің  білімін  кеңейтуге  ұмтылысын  және  сыни  тұрғыдан 
ойлауын  арттыруға  септігін  тигізеді.  Жобаның  басты  мақсаты  –  баланың  эксперименттік 
қызметі  мақсатқа  бағыттылық  пен  сирек  кездесетін  және  тақырыптық  байланыссыз 
эксперимент  жүргізуге  әсер  етеді.  Жоба  экспериментіне  басқа  қызметтерді  де  қосып 
қарастыруға  болады,  ол  балалардың  қызығушылығын  арттыруды  қолдайды.  Экспериментті 
жүйелі жүргізу балалардың жалпы түсінігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.  
Е.С.Евдокимова  жобаны  белгілі  бір  өнім  алынып,  оның  болашақта  қолданыста  
болатын  балалар  үшін  кешенді  қызметі  деп  қарастырады.  Балабақшада  жобаның  түрлі 
типтері  бар  заттық-мазмұндық  моно  жобалар  ажыратылады,  олар  тек  бір  білім  беру 
ауданымен  іске  асырылады  және  көп  түрлі  білім  беру  ауданымен  ажыратылатын  кешенді 
жобалар  да  бар.  Бала  қызметі  жобасында  зерттеушілік,  шығармашылық,  ойындық, 
ақпараттық-танымдық  және  басқа  жобалар  бар.  Адамдардың  қатысуымен  жеке,  жұптық, 
топтық,  ұжымдық,  бұқаралық  бола  алады.  Ұзақтығына  байланысты  қысқа  мерзімді  (мини-
жоба), орта және ұзақ болып бөлінеді.  
Экспериментке  қатысу  балалардың  сыртқы  әлеммен  көптеген  өзара  байланысты 
объектілерді тануға ынталандырады. Эксперимент балалар дүниетанымын кеңейтеді, әртүрлі 
құбылыстарды  ажыратуға,  қолданыстағы  қарым-қатынасты  түсінуіне  көмектеседі.  Бұдан 
басқа, балаларға эксперимент әдісінің өтуінің өзі қызығушылық тудырады, әрбір құралдарды 
пайдалана  отырып,  жаңа  жорамалдарға,  жалпы  мәселені  шешу  үшін  интеллектуалды 
ойларын қоса отырып, жаңа білімдерді қолдану нұсқасы ұсынылады. 
Эксперимент  –  ғылыми  тәжірибe,  әдістің  aртықшылығы,  бізге  кeрeкті  үрдіс  пен 
құбылыс  қaшaн  көрінeді  дeп  күтіп  отырудың  қажeті  жоқ.  Экспeримeнт  жaсaғaндa 
психикaлық үрдістерді нeғұрлым дәлмe-дәл көрсeтeтін олардың уақытын, өту шапшaңдығын 
т.б. өлшeйтін aрнaулы aспaптaр, aппaрaттaр қолданылaды.  
Н.Н.Поддъяков баланың ерекше ойлау типін зерттеген, айқын-әсерлі бірлігі мен айқын-
бейнелі  ойлауы  бақылау  қасиеттері  мен  заттардың  байланысын  жасырын  түрде  анықтауын 
зерттеген. Бұл ойлау типі балалар эксперименті деп аталды.  
Балалар  эксперименті  ересектерге  қойылмайды,  балалардың  өзі  құрастыру  керек. 
Ересектер  эксперименті  сияқты  жеке  қасиеттерін  тануға  және  объектілердің  қатынасы  мен 
құбылыстарды  бағыт  ретінде  қаралады:  адам  мүмкіндік  алуын  немесе  оны  тоқтатуына  ие 
болады. Эксперимент әдіс үрдісінде бала жаңашылдыққа ие болады, күтпеген ақпараттарды 
алады.  Бұл  әрекет  барысында  баланың  өзіндік  даму  сәті:  бала  жаңа  құбылыстарды  жасай 
отырып, жеңілден күрделіге көшеді. 
Ойлау үрдісі бұрындары жасалған сызбалар мен дайын әрекет түрлерін қолданып қана 
қоймай,  бала  мүмкіндігіне  сай  жаңа  құрылыс  жасайды.  Эксперимент  әдісі  баланың  кез 
келген әрекетке жан-жақты қарауына, зерттеуіне ықпал тигізеді. Баланың әрекет барысында 
қателесіп  қалу  қорқынышын  жойып,  өзіндік  ойлауына  шектеу  қойдырмау  әрекетіне  ие 
болады.  
Эксперимент  әдісін  жүргізу  кезінде  балада  жаңа,  түсініксіз  білім  қалыптасады. 
Поддъяков білімсіздіктен білімділікке (түсініксіздіктен түсініктіге, түсініксіз білімнен анық, 
нақты білімге) көшу, тек ойлау әрекетін дамытпайды деп жобалап көрсетті.  
Балалардың барлығы дерлік кез келген затқа эксперимент жасағанды ұнатады. Кейбір 
балалар  ойнағанды  ұнатпайды,  олар  белгілі  бір  әрекетпен  айналысқанды  жөн  көреді, 
олардың психикалық дамуы қалыпты, оларды қоршаған ортамен эксперимент  әдісі арқылы 
таныстырмаса, психикалық тұрғыда кері әсерін тигізуі мүмкін.  
Үш  жастан  кейін  бала  бірігу  әрекетіне  көшеді.  Бала  келесі  кезеңге  көшеді  –  әуестік. 
Балаға  дұрыс  тәрбие  берсе,  әуестік  қасиеті  дұрыс  жүзеге  асырылады.  Экспермент  түрлі 
принциптер бойынша жіктеледі. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
114 
 
Объектілердің  сипаты  бойынша,  тәжірибелер:  өсімдіктермен,  жануарлармен,  өлі 
табиғат объектілерімен: басты объект адам болып табылады. 
Тәжірибе жүргізу орны: топтар бөлмесі, орман, аумақтар. 
Бала саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық. 
Жүргізу себебі бойынша: жопарланған, кездейсоқ, баланың сұрағына жауап ретіндегі. 
Педагогикалық  үрдіс  сипаты  бойынша:  эпизодтық  (уақыт  аралығында  жүргізу), 
жүйелілік. 
Жүргізілу ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді (5-15 минут), ұзақ мерзімді (15 минуттан 
жоғары) 
Объектіні бақылау саны бойынша: бір, бірнеше немесе циклдік. 
Цикл орны бойынша: түпкілікті, қайталанушы, бастаушы және аяқтаушы. 
Ойлау операцияларының сипаты бойынша: салыстырмалы, декларантты, жалпылама. 
Балалардың  тану  сипаты  бойынша:  иллюстративті  (балалар  бәрінен  хабардар, 
эксперимент оған тек дәлел), іздену (балалар нәтижесі қандай болатынын білмейді).  
Аудиторияда қолдану әдісіне сәйкес: көрсету, алдыңғы. 
Әрбір эксперимент өзіндік әдіске ие, оның нәтижелі және кері жақтары бар. 
Балалардың дамуы ересектер басшылығымен жүзеге асады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет