ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі тәлім-тәрбие тұжырымдамасы.
//Қазақстан мұғалімі. – Алматы. – 1993.
2. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы:
Рауан. 1995. – 170 б.
3. Камалова Н.К. Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері. – Шымкент: Оқу
құралы. 2009.
4. Камалова Н.К. Той-мерекелік, салт-дәстүрлік әрекеттер. – Астана: Оқу құралы. 2005.
Резюме
Акимбаева Г.Т., старший преподаватель
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Роль организации народной традиции в культурно-досуговой работе
В статье рассматривается роль об организации народной традиции в культурно-
досуговой работе.
Ключевые слова: культурный досуг, культура, национальные традиции, праздники,
организация и т.д.
Summary
Akimbaeva G.T., senior teacher
(c. Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
134
The role of the organization in the folk tradition of cultural and leisure work
The article discusses the role of the organization in the folk tradition of cultural - leisure work
Keywords:
cultural leisure, culture, national traditions, holidays, organization, etc.
ӘОЖ
02.025.3
ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГ – ЖАҢА АҚПАРАТТЫҢ
ІЗДЕУ ЭЛЕМЕНТІ
Б.С.Асанова, т.ғ.к., аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада қазіргі күнде кітапханаларда ерекше орын алған электронды
каталог мәселелері қарастырылады. Кітапхананың ақпараттық кеңістігінде қор құрамы мен
мазмұнын ашып көрсететін, қорларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін каталогсыз елестету
мүмкін емес. Автор электронды каталогтың кітапханадағы түрлі ақпараттарды
тасымалдаушы құжаттарға ең тиімді және жедел қол жеткізуге мүмкіндік беретін жолдарын
баяндайды. Электронды каталогтың деректер базасын қолдану арқылы жылдам ақпарат
алуды жүзеге асыруға болады. Жаңа ақпараттық технологияларды: АБИС, ИРБИС, РАБИС,
КАБИС бағдарламаларын енгізу мәселелері қарастырылады. Әр бағдарламаның кітапхана
қызметі саласындағы қызмет көрсету және дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері көрсетіледі
Түйін сөздер: ақпараттық технология, электронды ресурс, электронды каталог.
Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келе жатқаны – бүгінгі сапалы, әрі
мезгілімен қол жеткізілетін ақпаратқа деген сұраныстың жедел өсуінен байқалады. Оның
ұлғайып келе жатқан көлемі, жеткізу формаларының әртүрлілігі қазіргі заманғы
кітапханалардан жаңа технологиялық үрдістерді енгізуді талап етеді. Адамзат білімінің
негізгі көлемі баспа өнімдерінде сақталады, бірақ, қағаз өнімдерінің жеткіліксіздігі,
өндірісінің және жариялануының қымбаттығы, тез ескіретіндігі баспа өнімдерін бүгінде
электронды ресурстардың ығыстыруы жиілеп келеді. Соңғыларының арасында толық мәтінді
электронды ресурстар – виртуалды кітапханалар мен мәліметтер қорларының сандық ретті
жиынтықтары оқырмандар қызығушылығын туғызбай қоймайды.
Әр кітапхана ұйым ретінде белгілі бөлімдерімен, алдын ала ұйғарылған функциялардан
орындаудан тұрады. Автоматтандырылған кітапхана кітапхананы ұйымдастырудың алдыңғы
қатарлы формаларының бірі және де ең алдымен ол жүйелер мен элементтердің өзара
байланысты жүйесі. Ол кітапхананың мүмкіндіктерін, қызмет көрсету салаларын кеңейтуге,
оқырмандарға жедел қызмет көрсетуді жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қандай жүйе
болмасын оның тіршілік қабілетін қолдап отыратын осындай құрамдар жиынтығынан тұруы
керек. Егер де біреуі ғана болмай немесе нашар жұмыс жасайтын болса, онда жүйе толық
өзінің басты мақсатын орындай алмай, жойылуға дейін барады.
Технология жетістігіне қарай қазіргі қазақстандық кітапханалар да өзгеше сипат алып
отыр. Кітапханалық қызмет арнасы кеңейді. Замана ағымы пайдаланушыларға ақпараттық
қызмет көрсету деген әдісті әкеліп қосты. Ал оқырмандар қашықтан тапсырыс беру
мүмкіндігіне ие болды. Бұл – электронды каталог жүйесін енгізудің жемісі. Кез келген
кітапхана үшін каталогтың маңызы ерекше. Өйткені, кітапханашылар оқырмандарға тек
каталог арқылы қызмет көрсете алады. Яғни, кітапхана каталогсыз болуы мүмкін емес, ол
кітапхана қорын жан-жақты ашып, қор туралы ақпарат береді. Енді бүгінгі таңда дәстүрлі
каталогты ақпараттық технология дәуіріне сай етіп, электронды каталогқа ауыстырып отыр.
Электронды каталог арнайы бағдарлама арқылы іске асады. Олар: РАБИС, КАБИС, ИРБИС,
MARK SOL бағдарламалары. Қазіргі таңда еліміздің көптеген кітапханалары осы
бағдарламалармен жұмыс істейді.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
135
Жалпы, электронды каталог – кітапхана оқырмандарына нақты уақыт аралығында
жұмыс істейтін, әрі машина арқылы оқылатын кітапхана каталогы.
Электронды каталогтың ерекшелігі белгілі бір құжат туралы ақпарат беріп отырған
библиографиялық жазбаның кез келген элементі іздеу элементіне айналады, ақпаратты
қашықтан алу мүмкіндігі бар, интернетке қосылу арқылы миллиондаған тұтынушылар
ізденіс жүйелерін пайдалана алады. Электронды каталогта: кітаптар, мерзімді басылымдар,
сондай-ақ CD ROM, бейне, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымдар, кітапхана
бөлімшелерінің негізгі қорларында сақталған әдебиеттер қамтылған. Сонымен қоса,
әдебиеттерді жылдам іздестіруге көмектесетін құжаттарды жүйелеуге арналған әдістемелік
аппарат қызметін атқаратын алфавиттік-пәндік көрсеткіштің (АПК) машина есептеуіш
нұсқасы жүргізіледі. Каталог қолда бар құжаттар мен оның мазмұны туралы ақпараттардан
басқа олардың түрі, орналасқан жері мен құны туралы мәліметтен тұрады. Электронды
каталогта іздестіру құжатқа сипаттама беретін белгілер бойынша жүргізіледі: яғни нөмірі,
шыққан жылы, авторы, атауы, түйін сөз, кілттік сөз, тақырыптық айдар, пәндік атауы, КБЖ
(ББК), ӘОЖ (УДК) нұсқатаңбасы. Каталогты жүйелейтін және ұйымдастыратын негізгі
құжаттар электронды каталогты жүйелеу мен ұйымдастыру барысында келесі нұсқаулық-
әдістемелік құжаттар:
ГОСТ 7.1-2003-CИБИД. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттау. Жалпы
талаптар мен ережелері (7.1-84; 7.16-79; 7.18-79; 7.34-81; 7.40-82 ГОСТ-тардың орнына);
ГОСТ 7.12-93- СИБИД. Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздерді қысқарту.
Жалпы талаптар мен ережелер;
ГОСТ 7.59-90-CИБИД. Құжаттарды индекстеу. Жүйелендіру мен нысандандыруға
қойылатын жалпы талаптар қолданылады [1].
Қазіргі кезде дәстүрлі каталогтан электронды каталогқа өтудің бірнеше жолдары бар:
1. Мәтін басу құрылғысы арқылы электронды каталогтың мәліметтер базасына дәстүрлі
(библиографиялық) карточкадан теріледі;
2. Библиографиялық карточка сканерленеді;
3. Кәртішкіні сканерлеу арқылы енгізіп, электронды каталогтан мәліметті қарапайым
ізденіс белгілері арқылы табу;
4. Кітапхана каталогынан сканерлеу арқылы келесі белгі бейнелерін түсірумен
библиографиялық жазбаларды енгізу болып табылады.
Бүгінгі таңда кітапханалардың библиографиялық қызметіне жаңа ақпараттық
технологияны енгізу арқылы барша халықтың рухани байлығын тереңдетіп, АБИС, ИРБИС,
РАБИС, КАБИС бағдарламалары арқылы кітапхананың қорын толығынан ашып, өзіне
қажетті ақпаратты пайдалануына мүмкіндігін жасап отыр. Бұл бағдарламалар –
библиографиялық жазбаларды өңдеу жүйесі, кітапхананың өңдеме бөлімінің қызметін
автоматтандыруға арналған. Жүйе деп – әртекті элементтер жиынының қойылған
мақсаттарға жету барысында біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде
қарастырыларын кез келген объекті түсінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да,
бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада
жүйе түсінігі өте кең таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда, ол
техникалық құралдар мен бағдарламалар жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің
ақпараттық бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен қатар, нақты қолданбалы есептерді
шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда
қолданылатын көптеген бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық
сөзін қосатын болсақ, оның құрылуы мен функционалдануы, іс-қимыл жасау мақсаты
бейнеленеді.
Ақпарат жүйесі (АЖ) дегеніміз – қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық
қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу
және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан
жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір
ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
136
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
- ақпараттық-анықтамалық жүйелер;
- ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
- ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін
дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы
ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпаратты-қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп,
басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі. Ақпараттық жүйелер термині
автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтандырылған
ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да
қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған
ақпараттық жүйелер – ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған
ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық,
бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.
Ақпараттық жүйелер құрылымы бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген
бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе дегеніміз – қандайда бір белгі бойынша
ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасынан
тәуелсіз бағыныңқы жүйелерді қарастыруға болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін деп
аталатын бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдық бөліктері туралы
қарастырамыз. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы
жүйелердің жиынтығы түрінде ұсынамыз.
Ақпараттық жүйе өз алдына кең таралған адам мен ақпарат арасында карточкалық
каталогты туындататын электрондық есептеу машинасында сақталған ақпарат болып
табылады. Ақпараттық іздеу каталог карточкаларында және электронды есептеу
машиналарында сақталған ақпараттарды, оны іздеуде адам және ақпараттар арасында
туындайтын кең таралған үрдіс [76].
Ақпараттық іздеу жүйесі құжаттардың мағыналарын және жеке бір факті бойынша
құжаттарды сақтауға және іздеуге бағытталады. Кез келген ақпараттық іздеу жүйесі
ақпараттарды орындау барысында 4 негізгі жүйеге негізделеді: логика-семантикалық құрал;
ақпараттарды іздеу тілінен тұратын социалды және құжаттарды қолдану.
Жүйенің негізгі міндеті құжаттардың мәтіндері мен әдебиеттерге толық
библиографиялық сипаттама беретін жұмыс болып табылады. Библиографиялық
сипаттамалар бір немесе бірнеше электронды каталогқа орналасқан. Библиографиялық
сипаттаманың құжат мәтіні сақталған файл аты ендірілуі мүмкін. Жүйені бағдарламалық
жабдықтау Fox Pro 2.0 тілімен жазылған.
Құжаттардың мәтінін өндеу, қарау және редакциялау:
-
мәтіні мен мазмұны бойынша кез келген библиографиялық сипаттаманы іздеу;
-
каталогтық карточкаларды басу;
-
алфавиттік–пәндік көрсеткіштерді ендіру, қарау және өңдеу, библиографиялық
сипаттама беруде және іздестіруде көрсеткіштерді пайдалану;
-
тақырыптық тізімдерді дайындау және басу;
-
жүйені пайдалану ақпаратты сақтауды қамтамасыз ететін басқа да қызметтер.
Жүйе құжат мәтіндерін іздестіруде, басу, редакциялау бойынша толық мәтіндік
технологияны іске асырады. Бұл – толық мәтінді мәліметтер қорын жүргізуге бұл мәліметтер
қоры бойынша библиографиялық анықтамалар, әдебиеттер тізімін толық немесе мәтіндермен
үзінділер беруге мүмкіндік жасайды. Библиографиялық жазбаларды өңдеу жүйесі кітапхана
жұмысын кешенді автоматтандырудың негізі болып табылады. Жүйенің жұмысы
нәтижесінде электронды каталог жасалады, ол кітапханаға түскен барлық жаңа түсімдердің
библиографиялық сипаттамасын қамтиды. Электронды каталог әдебиеттерді іздестіру мен
іріктеу дәстүрлі кітапханалық каталогқа қарағанда ыңғайлы мүмкіндік береді және
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
137
кітапхананың қызметтерін автоматтандырады (жаңа түсімдердің тақырыптық тізімін жасау,
кітап қорын сақтауды ұйымдастыру оқырмандарға кітапханалық абонементке қызмет
көрсету).
Жүйенің мынандай мүмкіндіктері бар:
-
кітапханалар қажеттілігіне қарай әртүрлі каталогтар жасау;
-
қазақ, орыс және латын ғаріпті әртүрлі тілдердегі жұмыс;
-
әрбір жеке кітапханада қабылданған кітап қорының қойылу мен сақталу
ерекшеліктерін есепке алу;
-
жұмыс үшін пайдаланатын техникалық құралдар (локальды торап, принтерлер,
ПЭВМ). Жүйе кездейсоқ енуден ақпаратты қорғайды. Бұл құралдар негізінде жүйемен
жұмыс істейтін тұлғаларды үш категорияға бөлуге болады: қонақ, пайдаланушы және
әкімшілік. Қонақтың ақпаратты іздестіру мен қарауға мүмкіндігі бар, бірақ ол ақпараттық
базаға ешқашан ендіре алмайды. Пайдаланушы кітапханашы жұмысына қатысты барлық
ақпараттарды өндей алады: библиографиялық сипаттаманы ендіру және өндеу.
Пайдаланушының немесе әкімшіліктің өкілеттілігін алу үшін парольді енгізу керек.
Жүйенің құрамында сондай-ақ мәліметтер қорындағы ақпаратты басқа платформаға
көшіруге мүмкіндік беретін файлды қайта көшіру бағдарламасында бар. Жүйенің негізгі
міндеттері:
-
кітапхана қорын толықтыруға тапсырыстарды қабылдау;
-
жаңа түсімдерді тіркеуге алу толықтыру картотекаларын жүргізу;
-
инвентарлық кітаптарды және суммарлық есепке алу кітаптарын шығару;
-
есеп беруді жүргізу [2, 18 – 19 б].
Келесі бағдарламаның бірі – РАБИС жобасы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Кітапханасының АБИС бағдарламасының жалғасы болып табылады. РАБИС жүйесінің
авторлары ҚРҰҚ-ның мамандары Е. Сапарғалиев және Ә. Сұлтанов. Кітапханалар алдында
барлық қызметтерді біртұтас ақпараттық кеңістік құру, Интернет желісіне кіру үшін дерек
қорлар жасақтау міндеті құрылды. Сондықтан «АБИС» бағдарламасын жетілдіру қажеттілігі
туындады және «РАБИС» бағдарламасының жұмысы басталды. Бұл кітапхана ісін
автоматтандыру және ұлттық кітапханалық ақпараттық ресурстарды біріктіру арқылы
әлемдік ақпараттық кеңістікке ақпарат алмасуды жүзеге асырушы республикадағы ұлттық
ақпараттық бағдарлама [3, б. 55].
Қазақстан кітапханаларының жүйелерін біріктіру және интеграциялау үшін жасалынған
РАБИС-ті толығымен енгізу бірнеше мақсаттарға жеткізеді:
- республиканың ең ірі кітапханаларының қорларын ашып, толық пайдалану;
-
кітапханалық библиографиялық ақпараттық бағыттарда кітапханалық қызметтерін
рационалды жолында кооперациялау және координациялау;
-
қор толықтыруды, соның ішінде республика көлемінде біріктіру қор қалыптастыру
үшін, тақырыптық-типологиялық жоспар құрастыру;
-
кітапханалық қорларында керекті құжаттардың бар-жоғын білу және қай қордан
табуға болады деген толық және тез хабарды алу;
-
кітапханааралық абонементтің жұмысын жетілдіру;
-
кітапханаларды (РАБИСке) Біртұтас республикалық кітапханалық жүйеге біріктіру;
-
библиографилық фактографиялық және толық мәтінді мәліметтер қорын құру;
-
ақпаратты сақтау мен жазу үшін қазіргі замандық тасымал құралдарын пайдалану.
РАБИС негізі мына принциптермен құрастырылған:
-
Стандарттау және унификациялау;
-
Кооперациялау мен координациялау.
РАБИС-ті құру мына мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік береді:
-
Республиканың ірі кітапханаларының қорын барынша белсенді пайдалану және толық
ашу;
-
Кітапханалық және библиографиялық ақпарат саласында кітапханалар қызметін
тиімді біріктіру және үйлестіруге көмектесу;
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
138
-
Қорларды толықтыру, оның ішінде біртұтас толықтырудың тақырыптық-
типологиялық жоспарын құру;
-
Кітапханалар қорындағы құжаттардың мекенжайы мен бар-жоқтығы туралы жедел
және толық ақпаратпен жабдықтау;
-
Кітапханалық абонемент қызметін жандандыру және ретке келтіру.
Бағдарламаның негізгі міндеттері: РАБИС бағдарламасын іске асыру мақсатында
жоғарыда айтып өткеніміздей, библиографиялық ақпараттардың ұлттық орталығы және жаңа
ақпараттық технологияларды ендіру:
-
Қазақстан кітапханаларының торабына қолданбалы бағдарламалық жабдықтауды
ендіру және дайындау;
-
Қазақстан Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық торабын
құру;
-
Сыртқы ақпарат көздерін телекоммуникациялық еркіндік технологиясын жасау;
-
РАБИС-ті техникалық және бағдарламалық қолдау;
-
РАБИС-тің мәліметтер қорын орталықтандырылған басқарылымды қалыпқа келтіру;
-
Жаңа кітапханалық технология ендіру;
-
Ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру және дамыту [4, б. 63-66].
Соңғы жылдары Қазақстанда өңделіп, көптеген сұранысқа ие болып жатқан КАБИС
(Корпоративті Автоматтандырылған Кітапханалық Ақпараттық Жүйе) бағдарламасы.
КАБИС бағдарламасы – Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі
(ҚАКАЖ) бойынша автоматтандырылған. Бұл бағдарламаны «Kazakh Soft» компаниясы
шығарған. Кітапхана саласындағы заманауи озық технологиялардың бірі «КАБИС»
бағдарламасының ерекшелігі болып: интерфейстің қолайлылығы, жылдам меңгеру
мүмкіндігі, қазақ тілінде жұмыс жасау мүмкіндігі, пайдалану баға нарқының арзандығы,
(АРІ) бағдарламалық интерфейсінің жүйелілігі, код сенімділігі, әкімшіліктендіру мен жұмыс
жасаудың қарапайымдылығы. КАБИС – қазіргі заманғы кітапханалық жүйеге қойылатын
барлық халықаралық талаптарға жауап беретін кітапханаларды автоматтандыру жүйесі. Ол
негізгі кітапханалық-библиографиялық үрдістерді және сервер модулін автоматтандыруды
қамтамасыз етеді.
КАБИС-тің ерекше өзгешелігі сол, ол есептеу техникасында жоғары деңгейдегі маман
емес, пайдаланушыларға бейімделіп жасалынған. КАБИС-ті қолдану кітапханадағы
оқырмандарға қызмет көрсетудің мүмкіндігін көбірек кеңейтеді. Жүйеде электронды
каталогтардан тұратын кез келген мәліметтер қорын құруға және қолдауға еркіндік берілген.
Сөздіктер автоматты түрде қалыптасады, сипаттаманың кез келген элементі және олардың
үйлесімі бойынша тез арадағы іздестіру мүмкіндігі бар. Каталогтау құралдары өңдеуге және
кез келген басылым түрін (кітап, журнал, бейнематериал, CD-ROM) сипаттауға мүмкіндік
береді. Оқырмандардың электронды каталогта маңызды сөзі, авторы, шыққан жылы,
кітапхана библиографиялық жіктеу (КБЖ), Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ), тақырыптық
айдар және т.б. бойынша іздестіру мүмкіндігі бар.
Электрондық деректер базасы (электронды каталог) мына ресурстардан тұрады:
-
Кітаптар ЭК;
-
Мақалалар ЭК;
-
Мерзімді басылымдар ЭК;
-
Өлкетану: Деректер базасы;
-
Кітапханатану: Деректер базасы;
-
Өзге материалдар.
Орталықтандырылған компьютерлік жүйемен жұмыс істейтін кітапханада оқырмандар
электронды каталог арқылы кітаптардың тізімі мен электронды нұсқасына қол жеткізе алады
[5].
КАБИС бағдарламасы аясында, сканер арқылы қажет ақпараттарды компьютерге
енгізіп, электронды каталог арқылы сипаттама жасап, толық мәтінді қор жинақтауда
«Өлкетану» мәліметтер қоры жүргізіледі. Сол өлкеге байланысты кітап қоры электронды
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
139
каталогқа енгізіледі. Каталогтар мен картотекалар жүйесі кітапхананың: толықтыру,
каталогтау, қорды қолдану, сақтау және әдістемелік библиографиялық, ақпараттық қызметін
жүргізуге қолғабыс ретінде кітапханалық процестер автоматтандырылуда. Электронды
каталог әртүрлі құжаттар жайында ақпарат алуды және көп аспектілі ізденіс жүргізуді
жеткізе отырып, алфавиттік, жүйелік каталогтардың қызметін атқарады. Дәстүрлі
карточкалы каталог пен электрондық каталог ақпарат тұтынушыларға қызмет көрсетуде
бірін-бірі толықтырып отыратын болады. Өлкетану модулінде бүгінгі күннің өзекті
мәселелері, өлке жайлы өлкенің елеулі тұлғалары туралы жазылған баспасөз мақалаларының
библиографиялық жазбалары енгізіледі.
«КАБИС под WINDOWS XP» базалық кешені он бес модулден тұрады:
-
«Басқару» модулі және базадағы барлық құжаттар;
-
Штрих-кодтау арқылы «Кітап қорын жинақтау» модулі;
-
«Мерзімді басылымдағы тапсырыс және тіркеу» модулі;
-
Штрих-код
арқылы
«Каталогтау»
модулі.
Каталогтандыру
дегеніміз
–
библиографиялық сипаттама электронды каталог құрайтын модуль;
-
«Мақалалар картотекасы» модулі;
-
«Оқырман ізденісі» модулі;
-
Штрих-код көмегімен «Оқырман картотекасы» модулі. Бұл модуль оқырмандардың
базасын құрайды.
-
Штрих-код көмегімен «Кітап берілімі» модулі. Бұл модул оқырмандарды автоматты
түрде қамтамасыз ету және келген адамдардың есебін шығару;
-
«Кітап қорының есебін жүргізу» модулі;
-
«Электронды кітапхана» модулі;
-
«А4 форматында басып шығаруға арналған штрих-кодты генератор» модулі.
«Корпоративті жүйедегі құжаттар алмасу» модулі:
-
«КАБИС. Web» Интранет және Интернет арқылы электронды каталог пен
электронды кітапханаға қол жеткізу модулі;
-
«КАБИС. BookScan» атты мақала, карта, кітап және басқа құжаттардың электрондық
көшірмесін жасау модулі;
-
«Қазақ тілін қолдау» модулі [6, б. 14-18.].
Қорыта айтқанда, электронды каталог қандай да бір тақырып немесе сұрақ бойынша
материал іздеу барысында оқырманмен жұмыс істеуге көмекке құрылған кітапхананың
анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады. Кітапхананың ақпараттық
кеңістігінде каталог қорларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі құрал, сонымен қатар,
қажетті ақпаратты іздеп қамтамасыз етеді. Электронды каталог қандай да бір тақырып
немесе сұрақ бойынша материал іздеу барысында қормен жұмыс істеуге көмекке құрылған
кітапхананың анықтама іздестіру аппаратының құрама бөлігі. Электронды каталог кітапхана
қорының мазмұнын ғылыми және техникалық сауатты ашады, әдебиеттердің жаңа түсімдер
туралы оқырмандарға жедел хабарлап отырады. Алынған әдебиеттер тізімін басып шығаруға
болады.
Бірлескен жүйе алдына мынадай міндеттер қояды:
-оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін кітапханалық бірлескен жүйе
құру,
- қаражатты ұтымды жұмсау,
- көп еңбек сіңіруді керек ететін процестерге жұмсалатын еңбек шығынын қысқарту,
- айналымды қамтамасыз ету үшін құжаттар сипаттамасының бірыңғай нормасын
жасау.
Электронды каталог – кітапханадағы жаңа түсімдердің библиографиялық
сипаттамасын, өткенді шолатын, қорды жоспарлы консервациялау және әдебиетті жылдам
іздестіруге жақсы мүмкіндік береді. Электронды каталог – дәстүрлі каталогтың аналогы
ретінде кітапхананың маңызды құрылымы болып табылады. Каталогтың бұл түрінің
айырмашылығы аз уақыт ішінде кеңейтілген іздеу арқылы кілт сөзді дұрыс таңдап, қажетті
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
140
библиографияңызды алуға болады. Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану –
кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, рухани
құндылықтарымызды қолжетімді деңгейде пайдалануына игі ықпалы болары анық. Заман
талабы да осыны міндеттейді. Бұл жерден көретіндігіміз, кітап қорын сақтаудағы
маңыздылығы құжаттардың жоғалып кетпеуіне, қайда, қашан, кімге берілгендігін анықтай
отырып, бүгінгі күнде заманның ағымына қарай жаңа технологияларды пайдалана отырып,
кітаптарды сақтаудың түрлі жолдарының бар екендігін байқаймыз. Кітапханадағы
ақпараттық жұмыстардың жаңа тәсілдерін қолдану, автоматтандыру жүйелері мен жаңа
ақпараттық технологияны енгізу – бұл кітапхана қызметінің жоғарғы деңгейін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |