ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №
4
(80), 2022 г.
283
«Электр және магнетизм» пәнін STEAM негізінде оқытудың қолданбалы бағдарлылығын цифрлық
технологиялар арқылы арттыру жағдайында білімгерлерді оқытудың мақсаты – бірқатар теориялық
материалдарды меңгеру ғана емес, сонымен қатар алған білімдерін өз бетінше күнделікті өмірде қолдана
алу дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету. Пән бойынша білімдерді саналы түрде
меңгеру
оларды алуан түрлі жағдайларда қолдануға мүмкіндік береді. Ол үшін білімгерлердің танымдық
әрекетін жандандыру және олардың түйсінуі мен ойлау қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді
пайдалану қажет. Атап айтқанда:
жобалар әдісін, проблемалық әдістерді, продуктивті оқыту әдісі мен
ұжымдық оқыту әдістерін деп таптық.
Біздің әдістемелік жүйемізде «Электр және магнетизм» пәнін STEAM негізінде оқыту мазмұнының
өзгеруі цифрлық технология түрлерін қолдануды қажет етеді.
Пән материалының жаңа мазмұны практикалық жұмыстардың (есептеу, өлшеу, графикалық) рөлін
арттырады. Тұжырымдалған мақсаттарға байланысты білімгерлердің өзіндік жұмысы (топтық және
жеке) болатын әдістерді қолданудың орны ерекше. Білімгерлердің орындайтын өзіндік шығармашылық
жұмыстарын ұйымдастырудың алуан түрлі формаларына: нақты
техникалық нысандар бойынша
теориялық және практикалық шығармашылық жұмыстарды орындау; қолданбалы есептерді шығару
және т.б., қатар қолданбалы бағдарлылықтың артуына мүмкіндік беретін оқыту формаларына:
экскурсиялар,
элективті курстар, педагогикалық және өндірістік практикалар; есептеуге, өлшеуге,
графикалық есептерді орындауға бағытталған
практикалық сабақтар; виртуалды зертханалық
жұмыстарды жатқызуға болады. Оқу әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі формалары білімгерлердің
танымдық қабілетін дамытуға бағытталған оқыту әдістерін пайдалануға жағдай жасайды.
Осылай әдістемелік жүйенің барлық элементтері (мақсаты, мазмұны,
әдістері, құралдары,
ұйымдастыру формалары) оқу үдерісін ұйымдастыруда бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Сонымен, оқытудың қолданбалы бағдарлылығын цифрлық технологиялар арқылы арттырудың
әдістемесін жасауда оқыту әдістерінің келесі кешені қолданылды: проблемалық, жобалық және
продуктивті, сонымен қатар оқытудың ұжымдық және қашықтан оқыту әдістері. Осы әдістердің
әрқайсысы «Электр және магнетизм» пәнін оқытудың қолданбалы бағдарлылығын арттыруға өз үлесін
қосады. Осы технологияларды кешенді қолдану болашақ мамандардың алуан түрлі кәсіби мәселелерді
шешуде (соның ішінде ұжымдық әрекет жағдайында)
дербестігінің, сонымен қатар білім беру
қызметінің жоғары деңгейде атқарылуын қамтамасыз етеді.
Білім берудегі әрбір дидактикалық мәселе оқыту технологиясы бойынша шешіледі. Ал, оқыту
технологиясы өз кезегінде үш құраушының бірлігі арқылы көрінеді: ұйымдастыру түрлері,
дидактикалық үдерістер және оқытушының біліктілігі.
Осыдан келе, біздің зерттеуімізде оқытудың әдістемесіндегі мақсат, мазмұн, әдістер, оқыту түрлері
мен құралдары
пәнге байланысты қайта қаралып, сәйкестендірілді.
Достарыңызбен бөлісу: