Вестник казнпу им. Абая, серия «Физико-математические науки», №4 (80), 2022 г. 277 Мрнти



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата21.09.2023
өлшемі1,15 Mb.
#109610
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1248-Текст статьи-7091-1-10-20230425 (2)

Зерттеудің нәтижелері 
Зерттеу нәтижелері негізінен логикалық-математикалық модельдеуді қолданудың маңызын 
айқындауға мүмкіндік берді. Мұндай логикалық-математикалық модельдеу есептеу техникасы
математика, логикалық аппарат объектілерін меңгеру және құруда қолданылады. Теориялық 
зерттеулерде олар құбылыстардың мәнін, оны бағалау және байланыстарын көрсету құралы ретінде 
қолданылады. 
Логикалық-математикалық аппараттың мұндағы рөлі − бұл аппарат қойылған есепті шешудің 
дәлелдеуші құралы, зерттеу мазмұнына абстрактылы сипаттама береді. Сапалық және сандық 
көрсеткіштердің бірігуі негізінде модельдің қарапайымдылығын, оның құру мен байланысының 
нақтылығын қамтамасыз етеді. Математикалық модельдер функционалдық, құрылымдық және 
ақпараттық болып бөлінеді. Функционалдық модельдер эксперимент жолымен табылатын, зерттелетін 
объектінің көрсеткіштерін біріктіретін функционалдық тәуелділіктің байланыстарын сипаттайды. 
Мұндай модельдер аргумент мәні бойынша функцияларды салуда қолданылады.
Құрылымдық модельдер байқалатын фактілерде зерттелетін объектінің байланысы мен ішкі 
құрылымы жайлы мағлұмат береді. Бұл модельде байқалынатын және өлшенетін айнымалылар арнайы 
байқалынбайтын және өлшенбейтін объектінің сипаттамасымен байланысты болады. 
Ендеше, жоғары оқу орнының теория мен практиканы оқытуда модельдеу әдістері оқу процесінің 
әдістемелік жүйесін тиімді құруда, оның құрылымымен функционалдық байланыстарын объективті 
бағалауда, оқыту процесінің критерийлік көрсеткіштерін және нәтижелілігін анықтауда, оқыту 
теориясының эмпирикалық мазмұнын дәлелдеу әдістері мен құралдарын айқындауда, қазіргі ғылыми 
теорияларға сәйкес оқыту теориясының тілін қалыптастыруда негізгі фактор ретінде қолданылып 
келеді. Зерттеуіміздегі әдістемелік жүйені көрнекі етіп көрсету мақсатында және маңызды 
байланыстарды анықтау үшін функционалды-құрылымдық модельді пайдаландық.
Біздің зерттеу жұмысымыз бойынша жоғары оқу орнында білімгерлерді даярлауда «Электр және 
магнетизм» пәнін STEAM негізінде оқытудың қолданбалы бағдарлылығын цифрлық технологиялар 
арқылы арттырудың әдістемесінің функционалды-құрылымдық моделі жасалды (1-сурет).
Білімгерлерді STEAM негізінде даярлауда «Электр және магнетизм» пәнін оқытудың қолданбалы 
бағдарлылығын цифрлық технологиялар арқылы арттырудың әдістемесінің мәні оқу процессінің 
мақсаттарын тұжырымдауда, мазмұнын іріктеуде, оқытудың әдістері, құралдары мен ұйымдастыру 
формаларында айқындалады. 
Әдістемелік жүйенің құрылымын, оның элементтері арасындағы байланысты (мысалы, мақсаты мен 
мазмұны, мазмұны мен әдістері, оқыту формалары мен құралдары және т.с.с. арасында) жасалынған 
модельде көрсеттік. Бұл байланыстар әдістемелік жүйенің құрамына енеді. 
Білімгерлерді даярлауда «Электр және магнетизм» пәнін STEAM негізінде оқытудың қолданбалы 
бағдарлылығын цифрлық технологиялар арқылы арттырудың әдістемесіне өзара байланысқан бірқатар 
элементтер енеді. Олардың ең бастысы оқытудың 
мақсаты
болып табылады. Оқыту мақсаты оқыту 
мазмұнын ашады және әдістемелік жүйенің жеке элементтеріне (әдістеріне, құралдарына және оқытуды 
ұйымдастыру формаларына) ықпал етеді. Зерттеуіміздегі әдістемелік жүйенің негізгі 
мақсаты
– 
«Электр және магнетизм» пәнінен білім сапасының тереңдеуіне, кеңеюі мен артуына септігін тигізіп, 
оның көмегімен оқу мотивінің жоғары нәтижесіне қол жеткізу. Физиканы оқытудың жалпы мақсатымен 
қатар, біз «Электр және магнетизм» пәнін STEAM негізінде оқытудың қолданбалы бағдарлылығын 
цифрлық ресурстар арқылы арттыруға тән мақсаттарды бөліп қарастырамыз:
-
білімгерлердің дүниетанымын, заманауи қоғамдағы физиканың рөлі туралы түсініктерін
қалыптастыру; 
-
студенттердің «электр және магнетизм» пәніне және оның әдістерінің басқа ғылым салаларында, 
практикалық әрекетінде қолданатын әдістеріне деген қызығушылығын арттыру; 
-
пәндік білімдерді жетілдіру (тереңдету, кеңейту), STEAM негізінде қолданбалы білімдер жүйесін, 
STEAM негізінде техникалық іс-әрекетті орындау икемділіктері мен дағдыларын дамыту;
-
пән бойынша, STEAM негізінде күнделікті өміріне байланысты білімнің қолданбалы сипатты 
мәселелерін шешуге деген дайындығын дамыту;


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №
4
(80), 2022
 
282 
Сурет 1. Жоғары оқу орнында болашақ физика мұғалімдерін даярлауда «Электр және магнетизм» пәнін 
оқытудың қолданбалы бағдарлылығын цифрлық технологиялар арқылы арттырудың әдістемесінің 
функционалды-құрылымдық моделі 
«Электр және магнетизм» пәнін оқыту құралдары (оқып үйрену, оқыту) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет