ӘОЖ 802.0:800.6:800.62
Жұмағұлова М.Ш.
филология ғылымдарының кандидаты,доцент
ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭВФЕМИСТІК СУБСТИТУТТАР ТУРАЛЫ
Түйіндеме: Мақалада қазіргі тіл біліміндегі эвфемизмдер мәселесі түрлі аспектіде ерекше тілдік феномен
ретінде қарастырылады. Табу мен эвфемия құбылысын диалектикалық бірлікте қарастыратын теориялық
тұжырымдар зерттелініп, эвфемизмдердің тіл мәдениетімен тікелей байланысты екендігі айқындалады.
Мақалада, сондай-ақ қазіргі ағылшын тілінің лексикалық жүйесіндегі табу сөздердің семантикалық топтары
сараланып, эвфемистік субституттардың пайда болу мотивтері анықталады.
Кілт сөздер: табу, эвфемизм, диалектикалық бірлік, тілдік феномен, жанама номинация, релевантты,
ирреливантты белгілер, қоғамдық сана, тіл мәдениеті, этикалық нормалар, мотив, эвфемистік субститут.
Аннотация: В статье рассматриваются проблемы эвфемизма в разном аспекте как особый языковой
феномен в современном языкознаний. Исследуются теоретические принципы, рассматриваемые табу и
эвфемистических явлений в диалектическом единстве и определяется связь эвфемизмов с культурой речи. В
статье также анализируются семантические группы запретных слов-табу в лексической системе современного
английского языка и определяются мотивы образования эвфемистических субститутов.
Ключевые слова: табу, эвфемизм, диалектическое единство, языковой феномен, вторичная номинация,
релевантные, иррелевантные признаки, общественное сознание, культура речи, этические нормы, мотив,
эвфемистический субститут.
Abstract: Problems of euphemisms in different aspects as special language phenomenon in modern linguistics have
been analyzed in the article. Theoretical principals investigating taboo and euphemisms in dialectical unity and
connection of euphemisms with speech culture have also been defined. Semantic groups of taboo words in lexical
system of the modern English language have been analyzed and motives of euphemistic substitute formations have been
determined in the article.
Key words: Taboo, euphemism, dialectical unity, language phenomenon, secondary nomination, relevant, irrelevant
indications, social awareness, speech culture, ethic norms, motive, euphemistic substitute.
Эвфемия құбылысы – тіл-тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде ерекше орын алатын, ескі
замандардан бері тілмен бірге жасап келе жатқан, яғни алғашқы адамзат қауымына тән мифоло-
гиялық ойлаудың жүйесінен қазіргі ғарыш пен интернет заманындағы ғылыми ойлаудың жүйесіне
дейін келе жатқан айрықша тілдік феномен.
Жалпы тіл білімінде эвфемизмдер туралы арнайы жүргізілген зерттеулер жоқ емес. Олардың тиісті
нәтижелері мен қорытындылары оқулықтарға, оқу құралдарына енген. Алайда эвфемизмдерді әртүрлі
аспектіде: психолингвистикалық, тіл мәдениеті, социолингвистикалық, этномәдени аспектілерінде
зерттеу енді-енді қолға алынып, тереңірек қолданыла бастады.
Айталық, адамгершілік, рухани күй, өнеге, ғибрат, яғни мораль мен тілдің өзара байланыстылы-
ғын зерттеу ғылым мен тіл, техника мен тіл іспетті өзара қатыстылықты зерттеуге қарағанда тіл
білімінде жетіспей жатыр. Дегенмен, қазіргі тіл-тілдегі лексика мен фразеология саласының біршама
ерекшелік сипаттары өзінің шығу негізі мен қызметі жағынан моральдық факторлардың әсер етуімен
анықталады.
Осыған орай, эвфемия мәселесі туындайды. Эвфемия құбылысының тілдік табиғаты мен әлеумет-
тік сипатын айқын танытатын, іргелі теориялық тұжырымдамалардың бірі – табу мен эвфемизмдер-
дің “себеп-салдарлық” қатынаста болуы, яғни табу болған жерде ғана эвфемизм болатыны, табусыз
эвфемизм болмайтыны [1,6 б]. Табу мен эвфемизм құбылысының диалектикалық бірлігін ескермеген
жағдайда “эвфемизм сөзді көріктеу, әшекейлеу” мақсатында жұмсалатын стильдік амал-тәсілдің бірі
болып көрінеді. Сөйтіп, аталмыш феноменнің релевантты белгілері мен иррелевантты белгілері
шатастырылады. Сондай-ақ, эвфемизм белгілі бір құбылыс, зат, нәрсе, әрекетті айтудың жанама
номинациясы екендігі айқындалмай, тура номинациямен шатастырылады. Ал эвфемистік қолданыс-
тың ең негізгі мәні сөздің тиым салынған формасын тиым салынбаған бейтарап формамен ауыстыру
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
36
болып табылады.
Эвфемия құбылысы мен табу өзара тығыз байланысты. Әдетте табу дегенiмiз әлдеқандай
себептермен (наным-сенiм, саяси, әкiмшiлiк т.б.) тыйым салынған атаулардың басқаша сөзбен
аталуы, ауыстырылуы. Адамның, өзге де заттар мен құбылыстардың аттарын өз атымен атамай,
басқаша ат беру ең алдымен ерте замандағы мифологиялық ойлаудың формасымен тығыз
байланысты.
Табу мен эвфемизм белгiлi бiр тiлдiк ұжымның өткен замандардағы қоғамдық өмiрiне тән
құбылыс болып көрiнедi. Табуды тек мифологиялық, дiни сананың түрлерiмен байланысты
қарастыру, тегiнде, түркi тiл бiлiмiнде А.Н.Самойловичтiң, сондай-ақ Шығыс Европа, Солтүстiк Азия
халықтарының тiлiндегi табу сөздердi қарастырған Д.К.Зелениннiң зерттеулерi [2] айрықша ықпал
еткен тәрiздi. Табуды тек мифологиялық, дiни ұйымдармен, соқыр сенiмге негiзделген әдет-ғұрып,
салт-дәстүрмен тығыз байланысты қарау табуды зерттеудiң негiзгi принциптерiнiң бiрiне айналды.
Қазақ тіл білімінде табуды тар шеңберде қарастыру принципі әсіресе оқулықтарда орнығып
қалған. Мұның өзі табу мен эвфемизмдерді зерттеудің іргелі принциптерінің әлі де болса қазақ тіл
білімінде орныға қоймағанын көрсетеді. Жоғары мектептердегі қазақ филологиясы саласындағы
негізгі оқулықтардың бірінен саналатын «Жалпы тіл білімінің негіздері» атты еңбекте табу тек
мифологиялық, діни наным-сенімдермен, ал эвфемизмдер «майда» сөйлеумен байланысты
қарастырылады [3, 136 б.].
Бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес, басқа бір сөзбен атаудың себебі мүлдем
басқаша болуы мүмкін. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу, қолайсыздау
болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс
эвфемизм деп аталады. Бірақ эвфемизмдер, табу сияқты, қате түсінік, діни ұйымның негізінде емес,
айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді, сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Мысалы, өтірік
айту дегеннің орнына қосып айту, ұрланыпты деудің орнына қолды болыпты, ұрлық-қарлық
жасамау деудің орнына ала жібін аттамау деген сөз тіркестері қолданылады. Мылжың деудің
орнына сөзуарлау деу де сыпайылап айтудың бір түрі [4].
Қазақ лексикологиясында табуды эвфемизмдерден, эвфемизмдерді табудан бөлек, екеуі екі басқа
құбылыс деп танушылық басым. Мысалы, кейбір еңбектерде табу туралы: «Мифтік ескі наным
бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады» [3,124 б. ] десе,
эвфемизм туралы осы авторлар: «Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып
келген жағдайда тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы
сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады.
Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады» [3,126 б.], -дейді.
Қоғамдық сананың, ойлаудың логика-прагматикалық түрi күшейiп, мифологиялық, дiни сана
түрлерiн ығыстырып шығарумен байланысты эвфемизмдердiң саны тiл-тiлде азайды, қазiргi адамзат
қоғамында ақиқаттағы заттар мен құбылыстарды тура атау (прямая номинация) басым сипатқа ие
болды, сондықтан эвфемизмдердiң және басқа да жанама атаулардың (вторичная номинация)
болашағы жоқ сияқты көрiнедi. Олай болса, эвфемизмдердi зерттеудiң мәнi жоғалды, бүгiнгi таңда
пәлендей дерлiк өзектi тақырыпқа жатпайды деген көзқарас әлемдiк лингвистикада шаң берiп қалды.
Мәселен, ағылшын тiлiнде XІX ғасырдан кейiн эвферизмдердiң саны күрт азайғанға ұқсайды.
Шындығында, солай ма? Эвфемизмдердi зерттеу екiншi кезектегi тақырыпқа айналды ма?
Профессор Ә.Қ.Ахметов өзiнiң жариялаған монографиялық зерттеуiнде [1] және докторлық
диссертациясында [5] эвфемия құбылысына жан-жақты және терең талдау жасай келiп, табу мен
эвфемиздердiң тiлмен бiрге туып бiрге жасайтын бiр-бiрiмен ажырамас құбылыс екенiн көрсетедi.
Әсiресе айырықша ден қоятын нәрсе - зерттеушiнiң тiл бiлiмiндегi табу мен эвфемизм терминдерiнiң
ұғымдық мазмұнын кеңейте қарауды негiздейтiн теориялық тұжырымдары. Автор табу мен
эвфемизмнiң диалектикалық бiрлiкте екенiн (бiрi - себеп, екiншiсi - салдар) көрсете келiп, осы
ажырамас құбылыстардың жалпы тiл бiлiмiндегi терминологиялық дефинициясында бiр-бiрiмен
үйлеспейтiн қайшылық бар екенiн атап көрсетедi.
Керiсiнше, табудың анықтамасына жете зер салсақ, бұл терминнiң де мағыналық аясы тек дiни
нанымдардың негiзiнде тыйым салынған сөздермен ғана шектелмей, әлеуметтiк ортада ашық
қолдануға этикалық тұрғыдан тыйым салынған, дөрекi немесе әдепсiз саналатын сөздердi де қоса
қамтитынын анық аңғарамыз.
Эвфемизмдер, автордың айтуынша, табу немесе тыйым болған жерлердiң бірiнде кездеседi, яғни
табусыз эвфемизмдер болмайды. Ал түркi тiлдерi бойынша зерттеулерге қарағанда, табу «күнi
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
37
бiткен», ал эвфемизм «өмір сүре беретiн» құбылыс тәрiздi көрiнедi. Ал шын мәнiнде бұл мәселенiң
қойылысын Ә.Қ. Ахметов былайша пайымдайды: «Табу мен эвфемизмдердiң шығу тегiн қуаласа,
олар адамзат тарихының түкпiрiне қарай жетелейдi. Оған тереңiрек бойласақ, табу мен эвфемизмдер
адам баласының рухани мәдениетiнiң бастапқы сатыларынан бастап күнi бүгiнге дейiн қалыптасқан
дәстүрлi наным-сенiмдермен де, әдет-ғұрып, салт-саналармен де, қазiргi заманның басты дiндерiмен
де, тiптi өзімiз өмiр сүрiп отырған дәл бүгiнгi таңдағы тiл мәдениетiмен де тiкелей байланысты
екенiне көз жеткiземiз» [1, 9 б].
Қазақ тiл бiлiмiнде, басқаларды сөз етпегеннiң өзiнде, табу сөздер мен эвфемизмдерге берiлген
дефиницияларда аталмыш терминдердiң мазмұны толық ашылмай жүргенiн, әсiресе сөздiк мақалада
бұл құбылыстың тiлдiк табиғаты мен қызметi жеткiлiктi деңгейде сипатталмай жүргендiгiн атап
айтуға болады. Мысалы, «Қазақ тiлi» энциклопедиясындағы сөздiк мақалада эвфемизм құбылысы
былайша сипатталады: «Эвфемизм – сыпайы сөз (грек. eu – “жақсы“, phemi – «айтамын») – мағынасы
тұрпайы сөздердi сыпайылап жеткiзу. Эвфемизм сыпайыгершiлiкке, әдептiлiкке байланысты туған.
Ол – тiлдегi ауыспалы мағынадағы сөздердi толықтырып отыратын көркемдеуiш, бейнелеуiш
құралдардың бiрi. Мысалы, бiреу өлдi деудiң орнына жүрiп кеттi, қайтпас сапарға кеттi, демi
бiттi дейдi. Сондай-ақ, дене мүшелерiндегi кем-кетiктi (саңырау - құлағының мүкiсi бар), ауруды
(қылтамақты – жаман ауру) жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады. Тiлiмiздегi фразеологизм-
дердiң көпшiлiгi эвфемизмдер негiзiнде пайда болған. Мәселен, аузынан ақ ит кiрiп, көк ит шықты,
сөзге келдi, тiл тигiздi, жүз шайысты сияќты тұрақты тiркестер «ұрысты», «ренжiп ауыр сөздер
айтты» деген мағынаны бiлдiредi» [6, 469 б.].
Эвфемизмге берiлген бұл анықтама мен сөздiк мақала (словарная статья) аталмыш құбылыстың
релевантты белгiлерi мен иррелевантты белгiлерiн шатастырғаны айқын байқалады. Сондай-ақ,
эвфемизмдердiң тiлдiк табиғатына тән негiзгi қырлары мақалада қамтылмаған, эвфемизмдердiң тiл
(язык) және сөз (речь) тұрғысындағы ерекшелiктерi көрсетiлмеген. Ал эвфемизмдердiң ауыспалы
мағыналылығының көп болуы, фразеологиялық мағыналарының молынан кездесуi, олардың
көрiктеуiш құрал ретiнде жиi жұмсалуы бұл феноменнiң тiлдiк табиғатын ашатын релевантты
белгiлерiне жатпайды. Сондықтан да кейбiр авторлардың «Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркем
түрде жеткiзудiң негiзгi бiр тәсiлi» [3,126-127бб.] деген пiкiрлерiн эвфемизм құбылысын зерттеудiң,
танудың негiзгi принциптерiнiң бiрi ретiнде алуға болмайды.
Қазіргі ағылшын тіл біліміндегі түрлі ерекшеліктерді егжей-тегжейлі қадағалап отыру барысында
XIX ғасырда, әсіресе Викториан дәуірінде кеңінен таралған эвфемизмдер қолданыстан шығып,
өткенге кетті деген қате тұжырымдарды жоққа шығаруға болады.
Дәуір ағымына сай зат, нәрсе, әрекет атауларын тура номинациямен, яғни сөйлеуші үшін де,
тыңдаушы үшін де әбестеу көрінетін мазмұны төмен, стильдік реңкі бәсең сөздің табулық
формаларын қолданудың жиілеу бастауы аталмыш тақырыптың маңыздылығын тіпті де жоққа
шығара алмайды.
Эвфемия келместей болып өткенге кеткен жоқ. Қазіргі Англияның әлеуметтік құрылымындағы
өзгерістерге орай оның тек сипаты ғана өзгеруде. Мұнан шығатын қорытынды, табу мен эвфемизм-
дер қоғамдық сананың өзгеруіне, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне, этикалық норма мен
эстетикалық принциптердің жаңаруына, жаңғыруына қарай сипатын да өзгертіп отырады.
Қазіргі ағылшын тіл біліміндегі эвфемия тәрізді қиын да күрделі құбылысқа жан-жақты талдау
жасағандардың бірі А.М.Кацев болды. Өзінің диссертациялық еңбегінде А.М.Кацев психолингвисти-
калық та, социолингвистикалық та аспектілерді қамтыған жан-жақты эвфемия құбылысын барынша
толық қарастыруға тырысады [7]. Ғалым өз еңбегінде қазіргі ағылшын тіл білімінде сөздің табу
салынған формасы негізінен лексикалық жүйенің төмендегідей семантикалық топтарын қамтитын-
дығын айқындай түседі:
-
мифологиялық деңгейдегі көрініс атаулары;
-
ауру атаулары мен өлімге байланысты атаулар;
-
адамның табиғи кемшіліктерінің атаулары;
-
моральдық-адамгершілік қатынастарға байланысты атаулар;
-
қылмыс жасау әрекеттерінен туындаған атаулар;
-
адамның әлеуметтік жағдайына байланысты атаулар;
-
жыныстық қатынасқа байланысты атаулар;
-
адамның кейбір дене мүшелерінің және физиологиялық әрекеттердің атаулары;
-
этикеттік формулалар атаулары.
Автор әр семантикалық топ атауларына көптеген мысалдар келтіреді. Біз тек қана to die - өлу
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
38
сөзінің орнына қолданылатын эвфемизмдерді атаумен шектелейік.
Сонымен, мысалы:
а) өлім бұл өмірден кетіп, басқа әлемге аяқ басумен теңестіріледі: passed away – қайтыс болды,
gone home - тура мағынасында – үйіне қайтты, returned to his native soil - өз туған жеріне қайтып
оралды (тура аудармасы), reached his journey’s end - өз саяхатын аяқтады (тура мағынасында).
ә) өлім тыныштық, демалыс немесе мәңгілік ұйқы ретінде қарастырыларды: gone to enduring sleep -
мәңгілік ұйқыға кетті (тура аудармасы), gone to a well-earned rest - құрметті демалысқа кетті.
б) өлім белгілі бір кәсіп ретінде қарастырылады: fired his last shot - соңғы оғын көздеді, fed the
fishes - балықтарына жем беруге кетті, the tailor measured the man for a new overcoat - тігінші оған
жаңа сырт киімін тікті.
в) өлім жаза ретінде аталады: crack the neck - мойнын үзу, sit down and burn up - отырып, өртеніп
кету, hold a dance of death - өлім биін билеу т.б.
Мұнан шығатын қорытынды, сөздің табу салынған формасын эвфемистік формамен алмастыру-
дың мотивтері әртүрлі болып келеді: мифологиялық мотив, діни мотив, моральдық, этикалық мотив,
саяси мотив, мемлекеттік құпияны сақтау, ақиқатты бүркемелеу, ақиқатты боямалау, ақиқатты
жасыру.
Моральдық-этикалық, діни және мифологиялық эвфемизмдерді тудыратын алғышарттан саяси
эвфемизмдердің пайда болу себептері мен жұмсалу мақсаты басқаша екенін профессор Р.А.Будагов-
тың мынадай тұжырымды пікірінен айқын аңғаруға болады: “В тех случаях, когда эвфемизмы имеют
стилистическое назначение, например, в поэзии, или когда прибегают к замене слов, обычно не
принято в разговоре (например, наименование некоторых частей тела, отправлений организма и пр.),
или когда не хотят обидеть человека, имеющего физические недостатки, эвфмизмы вполне возможны
и в современном языке нашего общества. Это особый вид эвфемизмов. В тех же случаях, когда
эвфемизмы употребляются с целью отделить язык “благородных людей” от языка “простого народа”
или в тех случаях когда эвфемизмы выступают как своеобразный признак своеобразного языка
буржуазных дипломатов (по принципу Талейрана: “язык дан для того, чтобы скрывать свои мысли”,
т.е. обманывать народы) – в этих случаях мы имеем дело с другим типом эвфемизмов, с эвфемизмами
классовых жаргонов. Первый тип эвфемизмов – это эвфемизмы, тяготеющие к синонимам (например,
“быть на веселе” – быть пьяным). Напротив, второй тип эвфемизмов – это эвфемизмы,
обусловленные желанием говорящего умышленно исказить действительность” [8, 78-79 бб.].
Қазіргі Англия мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатының айнасы болып табылатын бұқаралық
ақпарат құралдарына мемлекеттің сыртқы-ішкі саясаты, экономика мен әлеуметтік саласындағы
саясат, қауіпсіздік, құқық қорғау т.б. салалар эвфемизациялаудың объектісі болып табылады.
Саяси-қоғамдық немесе идеология саласындағы көптеген сөздер эвфемизмдердің қатарында
қаралып жүр. Солардан бірқатар мысалдар келтірелік: “Саясаттағы дөрекі қателіктер” - misspeaking -
ескерусіз нәрселер; “Құжаттар мен қағаздарды суретке түсіру мен ұрлау” - black bag job - қара
сөмкенің қызметі; “Қара нәсілділер” - minorities - азшылық; ФБР, ЦРУ тыңшылары - informants -
жансыздар; “Өлім жазасына кесу” - capital punishment - ең ауыр жаза; “Электр орындығы” - hot seat -
“ыстық орын”; “Сотталғандар” (Францияда) - madame - ханым; “Кісі өлтіру” - executive action -
атқарылатын іс-шара; “Түрмеге қамау” - adjustment centres - бейімделу орталықтары, quiet cells -
тыныш камералар; “Соғыс” - personnel - жеке кұрам; «Сутегі бомбалары» - enhanced radiation
weapons - жоғары радиациялы кару-жарақ; «Түзету шаралары» - correctional facilities; «Белсенді
қорғану» - active defence т.б.
Ал, “бағаның күрт жоғарылауы”, “дағдарысқа ұшырау”, “сұраныстың азаюы” тәрізді нарық
қатынасымен байланысты табулар экономикадағы көріністер - economic things деген эвфемизммен
беріледі [9, 1-9 б.].
Мұндай саяси-қоғамдық немесе идеологиялық эвфемизмдерді қалың жұртшылық ақиқаттың өзі
деп, яғни “тікелей номинациялық таңба” деп қабылдап отырады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе төмендегідей тұжырымға келуге болады:
1. Эвфемизм – психолингвистикалық және социолингвистикалық аспектілері бар тіл құбылысы.
2. Қазіргі ағылшын тіліндегі эвфемизмдер рухани және діни, моральдық және этикалық, саяси-
әлеуметтік факторлармен сәйкес келіп жатады, ал эвфемизмдердің тікелей қолданылуына айқын
көрсетілген сезімдік импульс (қорқыныш, ұят, жек көрушілік т.б.) себеп болады.
3. Қазіргі ағылшын тіл біліміндегі эвфемия құбылысының мотивтері де әртүрлі болып келеді:
мифологиялық мотив, этикалық мотив, саяси мотив, мемлекеттік құпияны сақтау, ақиқатты
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
39
бүркемелеу, ақиқатты боямалау, ақиқатты жасыру.
4. Сөздің табу салынған формалары мен эвфемистік субституттары жүйесіз, кездейсоқ
құрылымдар емес. Қазіргі ағылшын тіліндегі эвфемизмдер қоғамдық сананың өзгеруіне, қоғамның
әлеуметтік құрамының өзгеруіне, этикалық нормалар мен эстетикалық принциптердің жаңаруына,
жаңғыруына қарай сипатын да өзгертіп отырады.
5. Эвфемизмдер қай бір тіл болмасын, оның ішінде ағылшын тілінің сөздік қорын байытушы
қайнар көздердің бірі болып қызмет етеді және тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде ерекше
орын алатын айрықша тілдік феномен болып табылады.
1 Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер. - Алматы. Ғылым, 1995. – 6 б.
2 Зеленин Д. К. Табу слов у народов Восточной Европы и Северной Азии. 1,2 части. - Л: Изд-во Академии
наук СССР, 1929.
3 Болғанбаев Ә, Ќалиев Є. Ќазаќ тілінің лексикологиясы. - Алматы: Мектеп, 1998.
4 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 1993.
5 Ахметов Ә.Ќ. Түркi тiлдерiндегi табу мен эвфемизмдер: Докторлыќ диссертациясының авторефераты. -
Алматы, 1995.
6 «Ќазаќ тiлi». Энциклопедия. - Алматы, 1998.
7 Кацев А.М. Эвфемизмы в современном английском языке. АКД, Ленинград, 1977.
8 Будагов Р.А. Очерки по языкознанию. – М., 1953. - 78-79 бб.
9 H. Rawson. A dictionary of Euphemisms and Other Doubletalk. Crown Publishers Inc. -New York, 1981, p.1-97
УДК 494.3
Мухатаева А.Ж.
кандидат филологических наук, доцент
АРХАИЧНЫЕ ЛЕКСЕМЫ В ЯЗЫКЕ ЭПОСА
Аннотация: В статье рассмотрены архаизмы в структуре лексики казахского эпоса, которые подвергнуты
этимологическому и этнолингвистическому анализу. Это наименования предметов материальной культуры,
относящиеся к сфере военной и бытовой лексики.
В процессе работы обращено внимание на их состав и содержание, отнесенность к той или иной лексико-
семантической группе, а также на степень их архаизации, учитывая понимание их современными носителями
языка. Отмечено, что на механизм архаизации воздействуют различные внутриязыковые и внеязыковые
факторы. Это утрата реалий, резкое ограничение сферы функцио-нирования лексических единиц или
«консервация» в рамках устойчивых сочетаний, утеря связи заимствованного элемента с первоисточником.
В статье получает применение сравнительно-исторический метод изучения лексики с привлечением лексики
родственных языков
Исследование архаичных лексем казахского эпоса, как и любых лексических архаизмов важно для
казахского языка с двух точек зрения: во-первых, упомянутые лексемы отражают исторический процесс
устаревания лексического состава, во-вторых, они определяют круг архаизированных наименований предметов
материальной культуры и проливает свет на многие проблемы и направления исторической лексикологии.
Достарыңызбен бөлісу: |