Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 25



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата31.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#23032
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өмір мектебі

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 

 

26 

екенін»  алға  тартты» [1].  Бұл – сөз  жоқ, 

шығарманың  шыншылдық  сипатын  биіктетіп 

тұрған елеулі жайттың бірі.  

Əдебиеттану  ғылымында  С.Мұқановтың 

стиліне  қатысты  талай  пікір  айтылғаны  мəлім. 

Зерттеуші  ғалымдар  жазушының  өзіндік  сөз 

қолданыс  ерекшеліктерін  нақты  мысалдармен 

дəлелдей отырып, оның шығармаларында кейде 

құлаққа  тосындау  естілетін  тіркестердің,  үйірлі 

мүшені 


үсті-үстіне 

қабаттастыра 

берудің 

салдарынан  əсерді  солғындататын  шұбалаңқы 

сөйлемдердің 

кезігіп 


қалатынын 

орынды 


көрсеткен.  Мұндай  сипатты  азын-аулақ  кем- 

шіліктен  «Өмір мектебі» де құралақан емес.  

С.Мұқанов трилогияда ескі қазақ аулындағы 

діни  наным-сенімдер,  араб  жазуының  ерек- 

шеліктері,  ескіше  жыл  атаулары,  төрелердің 

шежіресі, «ақ  табан  шұбырынды»  оқиғасы, 

кейбір  қалалардың  салыну  тарихы  т.б.  жөнінде 

кейде өз атынан, кейде басқа біреулерді сөйлету 

арқылы  ұзынды-қысқалы  сан-алуан  мəлімет 

береді.  Сын-зерттеу  еңбектерінде  осының 

көпшілігі  оқырмандар  назарын  негізгі  оқиға 

желісінен  аулақ  əкететін  артық  дүние  делініп 

жүр. Бір есептен солай екені рас та. Дегенмен ол 

əңгіме-баяндаулардың өткен кездің сыр-сипаты, 

əдет-ғұрпы,  ұғым-түсініктерінен  келер  ұрпаққа 

азды-көпті  мағлұмат  беру  қызметін  атқарып 

тұрғаны  даусыз.  Оларды  екі  дəуірдің  куəсі 

болған,  көп  жасаған,  көп  тоқыған  С.Мұқанов- 

тар  айтып  бермегенде  кімдер  айтып  бермек? 

Сондай-ақ,  шегіністер  жасауға,  кейде  алға  

озып  кетуге  мемуарлық  жанрдың  қолайлы 

екенін  де  есте  ұстағанымыз  лазым.  Бірақ  бұл 

кейбір  эпизодтық  кейіпкерлердің  өскен  ор- 

тасы,  үрім-бұтағы,  тіршілік-тауқыметі  əңгіме- 

ленетін  құлаш-құлаш  ақпарларды  түгел  құптау 

деген сөз емес. Атап айтсақ, Аңдамас қажының, 

сайқымазақ, қу Досмағанбеттің əр түрлі сөлекет 

қылықтары ұзақтау қызықталған тəрізді.  

Шығарма – халқымыздың  жарты  ғасырға 

жуық  өмірінің:  еркіндік,  теңдік  жолындағы 

күресінің,  еңбек,  білім  алу  жолындағы  ты- 

нымсыз  аттаныстары  мен  ізденістерінің  бір- 

тұтас  суреті.  Трилогияда  күрделі  кезеңнің  

сан-сала  шытырман  оқиғалары  өзара  шебер 

қиыстырылып,  тартымды  сипатталған.  Ол – тек 

жеке  қайраткердің  өмірбаяны  емес,  жалпы  

қазақ  елінің  тұрмыс-тіршілігін,  ой-арманын, 

бірте-бірте  есейіп  ілгерілеу  эволюциясын  та- 

рихи  шындыққа  сай  бейнелейтін  көлемді 

шежіре.  

Бұл  шежіреде  автордың  балалық  шағынан, 

жарасты  жастығынан,  толысқан  азаматтық 

кезеңінен  мағлұмат  беріліп,  қазақ  халқының 

жарты  ғасырға  жуық  өмір  тарихы,  тұрмыс-

салты,  моралі  мен  этикасы  кең  қамтылумен 

қатар,  шығарманың  өне  бойынан  тарлан 

таланттың  өзіне  тəн  құнарлы  стилі,  тайға  таңба 

басқандай  қолтаңбасы,  суреткерлік  хас  шебер- 

лігі мен мұндалап тұрады.  

Онысы  табиғат  пейзажы  мен  кейіпкерлер 

портретін  мүсіндеу  ерекшеліктерінен  де  бай- 

қалады. Мысалы: 

«Оның  үнемі  түюлі  жүретін  қалың  қабағы 

зілдің бұлтындай бір ашылмайды. Ашуланса, ол 

қалың  қабағын  түсіріп  жіберіп,  үлкен  көзін 

кішірейте  түйілдіріп  қадала  қараса,  көздерінің 

ұшқыны  өңменімнен  өтіп  кете  жаздайтын.  Сол 

кезде  оның  шешек  дағы  бар  қарасұр  ашаң  еті 

қыртыстана  қап,  жақ  еттері  түйіле  қап,  сидиған 

арық  мойнының  тамырлары  білеуленіп  кетеді» 

[2,52]. 

Бұл Мұқанның інісі – Мұстафаның портреті. 

Туысқан  адамның  портреті  типтік  əрі  психо- 

логиялық  талдау  арқылы  жасалған.  Типтендіру 

осы  суреттемеде  Мұстафаның  бет-əлпетіндегі: 

«қалың  қабақ», «үлкен  көз», «арық  мойын» 

сияқты  таңдап-талғап  алынған  портреттік 

детальдардан көрініс береді. 

Екіншіден  Мұстафа  ұзақ  уақыт  төсекте 

жатып,  аурудың  азабын  тартқан    дімкəс  адам. 

Оның  кедейшілік  өмірі,  жуық  арада  айықпай 

қойған сырқаты – мінез-құлқына, кескін-кейпіне 

де  өз  ізін  салған.  Сондықтан  Мұстафаның  

мінезі қытымыр да қатал. «Зілдің бұлтындай бір 

ашылмайтын»  қабағы,  ашуланса  «үлкен  көзін 

кішірейте»  қарауы, «арық  мойнының  тамыры 

білеуленуі»  яғни,  бет  ажарындағы  психоло- 

гиялық  өзгерістер  соны  аңғартады.  Бұл  арада 

Мұстафаның  типтік  портреті:  кескін-келбетінің 

айрықша  сипат-белгілерімен,  бет  қимылы, 

мінез-құлық бірлігімен жасалған. 

С.Мұқанов  өз  шығармасында  əйелдер 

портретін  өте  көркем  мүсіндеуге  тырысады.  

Мəселен,  ол  туған  апасы – Ұлтуған  туралы 

айтқанда: «ол  қазір  жасы  он  беске  шыққан, 

талдырмаш, ұзын бойлы, ашаң қызыл шырайлы 

жүзді, мөлдіреген кішірек қара көзді, əдемі қыр 

мұрынды,  бұрымы  ұзын,  қара  шашты,  жаңа 

өспірім көркем қыз»  – дейді. 

Бой  жетіп  қалған  балғын  қыздың    бұл 

дерексіз  портретінде  автордың  ол  жайлы  əсері 

берілген. Жазушы кейіпкердің жасын, түрін, бой 

тұлғасын  көркемдеп  беру  үшін: «қара  көзді», 

«əдемі  қыр  мұрынды», «қара  шашты»  деп  бір 

текті, 

күрделі 


эпиттеттерді 

пайдаланған. 

Троппен берілген əдемі портреттік детальдар бір 

қарағанда  бүтіннің  бөлшегі  тəрізді  əсер 

қалдырғанымен,  қыздың  тұла  бойында  нəзіктік, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет