Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 25



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата31.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#23032
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өмір мектебі

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 

 

28 

Академик  атап  көрсеткен  портреттің  осы 

паспорттық  белгілерін  шығармадағы  эпизодтық 

жəне  екінші,  үшінші  қатардағы  кішігірім 

кейіпкерлерді сипаттаудан да көреміз. 

Мəселен  сол  кездегі  жас  ақын  А.Тоқ- 

мағанбетов  портретін  жазушы: «... Толықшалау 

орта  бойлы,  жирендеу  өңді,  жирен  бұйра 

шашты» – деп  суреттесе,  ақын  Ə.Тəжібаевты: 

«Бір күні қызмет бөлменің есігін біреу қаққанға, 

кіріңіз  десем,  оң  жамбасынан  сылти  басқан, 

серейген  арық  бойлы,  қоңқақ  мұрынды, 

сығырлау  көзді,  қара  шашы  жалбыраған  бала 

жігіт  кіріп  келді» [4,23] – деп  қысқаша 

қайырады. 

С.Мұқанов аталмыш шығармасында табиғат 

көріністерін  қаһарманның  түйсік-сезімі  немесе 

ойша елестетуі арқылы бермейді. Ол пейзаждық 

суреттемелерді  табиғи  қалпында,  шыншыл 

реалистік  тұрғыдан  суреттеу  үшін  өз  кейіп- 

керінің  «арқа  тұсына»  шығып  алады  да,  оның 

құбылыстарын  үнсіз  бақылайды.  Өйткені 

табиғат-феномен  ол  қоғамдық  құбылысқа, 

көңіл-күй өзгерістеріне тəуелді емес. 

Автор  табиғат  детальдарын  суреттегенде 

жарыққа,  түске  жəне  оның  бояуларына  айы- 

рықша  мəн  береді.  Табиғат  пен  оның  бояулар 

палитрасы параллель түрде алынып, өзара жіксіз 

жымдасып жатады. 

«Кейде  «Көкшетау»,  кейде  «Бурабай» 

аталатын тау, Нығметжан ауылынан бұп-бұлдыр 

көкпеңбек  боп  көрініп  тұрады...  Бірақ  Бура- 

байдың  көгілдірлігі  өзге  таулардан  əлдеқайда 

көкшіл  сияқты,  бұл  алыстан,  жерден  аспанға 

өсіп  шыққан  көгілдір  гəуһар  тасқа  ұқсайды»  

[3,417]. 

Оның  есесіне  қоңыр  түс  өмірде,  табиғат 

құбылыстарында  аз  кездесетіні  сияқты  три- 

логияда өте сирек қолданылады: 

«Шөппен жарыса көктеп, аяқ кезінде пісетін 

жуаның  түбі – кішігірім,  сарымсақтай...  Піскен 

кезде  сабағының  басы  қоңырланады  да, 

бұлтиған бүршік атады» [2,38]. 

«Қаланың,  заводтың  қыстай  бұрқыраған 

түтінінен  қардың  түсі  қоңырланып  кетеді» 

[4,343]. 

Романдағы  табиғат  көрністерінде  түс 

жарықпен  қатарласа  алынып,  үнемі  жарыс- 

тырыла беріледі. Сондықтан пейзаждық бояулар 

палитрасы  жарықтың  түсуіне,  жылдың  төрт 

мезгіліне,  тəуліктің  əр  уақытысына  байланысты 

үнемі өзгеріп отырады. 

Міне,  осы  тəріздес  жоғарыда  келтірілген 

портреттік  жəне  пейзаждық  суреттемелерден 

бүкіл  халықтың  ыстық  ықылас,  махаббатына 

бөленген  Сəбит  Мұқановтай  көркем  сөз 

шеберінің  жазу  ерекшелігінің  өзіндік  қырын 

танимыз [5]

Жалпы, «Өмір  мектебі»  трилогиясы – 

жазушы  үшін  шын  мəнінде  көп  қиналысқа 

түскен  шығарма  болды  деп  жазған  ғалым 

Қ.Ергөбек,  қиналудың  өзіндік  бірнеше  се- 

бептерін  атап  көрсетеді.  Ол,  біріншіден,  əсіресе 

«Есею  жылдарында» 1937 жылы  «жеке  адамға 

табынудың 

құрбаны» 

болған 


талай-талай 

қайраткерлер  есімі  аталып,  іс-əрекет  баян- 

далуына  байланысты  дейді.  Олардың  көбімен 

Сəбит  Мұқанов  ертеден  таныс,  үзеңгілес 

жүрген,  бір  қызмет  атқарған.  Сондықтан  да 

өмірдегі  кісілік  келбетін  жақсы  біледі.  Өз 

білгені  бойынша  баяндайын  десе, 1937 жылы 

оларға  жала  жабылғанда  келбет,  азаматтық 

болмыс  бір  бөлек  те,  үкіметтік  үкім  бір  бөлек. 

Бірі  жүрек  сөзі,  бірі  дерек  көзі.  Қайсысын 

таңдамақ керек? Былай тартса өгіз өледі, былай 

тартса  арба  сынады.  Жазушы  сол  себепті  архив 

деректеріне  көбірек  сүйенеді,  əлгі  аталған 

қайраткерлер  істері  жөнінде  құжаттардың 

көшірмесін  үстел  үстіне  ала  отырып  жұмыс 

істеді. «Есею  жылдары»  осылай  жазылған  еді. 

Шығарма 

үзінділері 

газет-журналдарда 

жариялана бастады. Жазған шығармасын сыйлас 

кісілеріне  оқытып  бір  сынату,  ағымдағы 

баспасөзде  жариялатып,  пікір  тыңдап  бір 

ширату  Сəбит  Мұқановтың  қашанғы  дағдысы. 

«Есею жылдары» да осы жазушылық тəжірибені 

бастан  кешіп  отыр.  Енді  бұған  алпысыншы 

жылдардағы 

əлеумет 

өміріндегі 

ахуалды 

қосыңыз.  Н.С.Хрущев  бір  қарағанда  бар 

ақиқатты  ашып  тастап,  тарихи  бұрмалауды 

қалпына  келтіруге  үндегендей  еді.  Туған-туыс, 

бауыры, 

жора-жолдасынан 1937 жыл 

зобалаңында  көз  жазып  қалған  ашынды  жұрт 

жазушыдан  да,  тарихшыдан  да  тек  ақиқатты 

талап  етті,  жазықсыз  жапа  шеккендер  есімін 

ақтау жолына кірісе бастады. Осы психологияға 

жазушының  «Есею  жылдары»  романының 

жарық  көруі  сəйкес  келе  кетті.  С.Мұқанов  өз 

шығармасында 

кімді, 


қандай 

қайраткерді 

бейнелесе  де  партиялық  тұрғыдан,  коммунист 

жазушының 

көзімен 

қарап 


бейнеледі. 

Коммунистік  партия  қателеседі  деп  сірə  да 

ойламайды.  Осы  сəтте  келіп,  жазушы  мен 

оқушы  арасына  сызат  түседі.  Жазушы  талғамы 

мен  оқырман  талабы  қайшыласады.  Жазу- 

шының «Есею жылдарына» қайта-қайта оралып, 

өңдеу,  жөндеу  жүргізуінің  бір  сыры  осында. 

Екіншіден, алпысыншы жылдары қазақ əдебиеті 

əлемдік  деңгейге  көтерілді. «Абай  жолы» 

эпопеясының  даңқы  дүние  жүзіне  жетті.  Жаңа 

буын  қаламгерлер  өсіп  шықты.  Олар  көркемдік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет