Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 25



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#23032
1   2   3   4   5   6
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 

 

27

жарасымдылық,  тартымдылық  бар  екенін  аң- 

ғартады. 

«...жапалақтай  жауған  қардың  жұлдыздары, 

оның  алдына  құрған  сиқырлы  шымылдықтай 

желпінеді...  Соған  сүңгіп  келе  жатқан  қыздың 

салқын  ауаға  қызарған  беті – қызыл  роза 

гүліндей  құлпырады...  Кірпіктердің  арасынан 

қараған  үлкен  көгілдір  көздер,  кіршіксіз  көк 

кəукер тасындай мөлдірейді... Кішкене ауыздың 

жұқа  еріндері  қызыл  шоқтай  жайнайды....» 

[2,442-443]. 

Романда орыстың сұлу қызы – Катеринаның  

портреті 

осылайша 

сипатталған. 

Арудың 


сыртқы  тұрпат-бейнесі  жапалақтап  жауған 

қардың,  дəлірек  айтқанда,  қыс  пейзажының 

фонында  суреттелген.  Өйткені,  автор  осының 

алдында  ғана  күннің  суытып,  жердің  тобарсып 

қатып  қалғанын  айта  келіп: «... Бүгін  таңертең 

жапалақтаған қар мен көлден су алып қайтқанда 

қалыңдай  жауып,  миллиондаған  кіршіксіз  ақ 

жұлдыздарын қоюлата аспаннан сеуіп тұрған» – 

деп    қыс  табиғатының  құбылысынан    хабар 

берген болатын. 

«Өмір  мектебі»  трилогиясындағы  басты 

тұлға  Сəбиттің  өзі  болғанымен,  автор  өз 

автопортретін беруге өте сараң. Егер бере қалса, 

басқа  кейіпкердің  аузымен  сипаттайды. «Өзі 

жалпақ  беттеу,  құба  өңділеу,  май  мұрындау, 

кішірек  көзділеу  боп,  шешесіне  тартыңқыраған 

екен, – десті əркімдер» [2,16]. 

Кейде  автор  портретінің  белгілері: «Пұ- 

шырайған  мұрның  құрысын...», «Тапырайған 

кішкене  мұрныңды» – деген  эпизодтық 

кейіпкерлердің  репликасынан  да  байқалып 

қалады. 


С.Мұқанов  бұл  туындысында  үзеңгі  қа- 

ғыстырып    қатар  жүрген  ағалық,  жолдастық 

ақыл  кеңесін  тыңдап,  ұстаз  тұтқан:  В.И.Гозак, 

Ə.Досов,  А.Асылбеков  жəне  т.б.  төңкерісшіл 

революционерлерлің  портреттер  галереясын 

жасаған. 

Үш кітаптан тұратын триологиясында автор 

қазақтың  Ақан  сері,  Үкілі  Ыбырай,  Балуан-

Шолақ  тəрізді  өнерпаз  ұлдарына,  кеңес  дəуі- 

рінде  өмір  сүрген  С.Сейфуллин,  Ғ.Мүсірепов, 

И.Байзақов  жəне  т.б.  ақын-жазушыларға  да 

тамаша-тамаша көркем беттер арнаған. 

С.Мұқанов  халықтың  ардақты  ұлы – Ақан 

серіні  өмірінің  соңғы  кезінде  кездестіреді.  Бұл 

шақта  Ақан  кəрілікке  бой  ұсынып,  ауру-сыр- 

қау  меңдеп,  əр  елдің  бай  жуандарынан  шет 

қақпай  көріп,  қаралы,  қайғылы  қалыпта  күн 

кешеді. 


Рухани  жан  күйзелістері  жүрегін  жаралаған 

тағдырдың,  əлеуметтік  топтардың  ауыр  соқ- 

қылары  оның  шығармашылығына,  көңіл-күйіне 

қатты əсер етеді. Осы жағдайда жазушы: 

«...  одан  кейін: «Құлагер  жаз  жайладым, 

күз...» – дей  берді  де,  жыламсыраған  дауыспен 

Құлагердің  өлген  жерін  айтқанда, «жұлдым  да 

сақал,  шашты  ойбайладым!» – деп  өкси  жылай 

берді...  Ақанның кескіні со кезде құйын үрлеген 

судың бетіндей ойран-ботқа боп, екі көзінен жас 

шұбыра жөнелді. Ол  домбырасын қасына сүйей 

салды  да,  талықсығандай  қисайып  жата  кетті» 

[2,218] – деп баяндайды. 

Ақан  серінің  орны  толмас  өкініші,  жанын 

жегі  құрттай  кемірген  қайғы-қасіреті,  мұң-

наласы – тұлпардың,  дүлдүл  Құлагердің  өлімі. 

Сол  себепті  автор  Ақан  портретін  жасағанда, 

оның  жан-дүниесін  астаң-кестең  қылған    ішкі 

көңіл-күй құбылыстарын: кескіні со кезде құйын 

үрлеген  судың  бетіндей  ойран-ботқа  боп, – деп 

бет  ажарындағы  өзгерістерімен  қабаттастыра 

суретеген.  Денесінің  қимыл-қозғалысына  бай- 

ланысты  айтылған: ... талықсығандай  қисайып 

жата  кетті»  деген  фраза  да  Ақанның  əлденеге  

өкінген,  опынған  жабырқаңқы  халінен  хабар 

бергендей.  Сөйтіп,  Ақан  портретінде  құбыл- 

малы,  өзгермелі  беттің  бояу-реңі    мен  ішкі  жан 

қозғалысы өзара астасып, кірігіп кеткен. 

Жазушы  Сəкенді  алғаш  рет  алыстан  көзі 

шалғанда: «Басы  көтеріңкі.  Кеудесі  шалқақ. 

Кескінінен  көзіме  алғаш  шалынғаны,  аса  қою 

қияғы  ұзын  қарасұр  мұрт»  десе,  жақын  жерден 

бетпе-бет  көргенде: «кейін  қайырған  шашы 

толқынды  қара  екен,  шекесі  толық,  маңдайы 

кең,  кеше  мөлшерден  артық  қоңқақ  сияқтанған 

мұрны  бүгін  қырланған,  мөлшерлі,  əдемі 

қалыпта,  кешегі  қалың,  ұзын  мұрты  бүгін 

қоюлана,  ұзара  түскен  сияқты» [3,488] деп 

сипаттайды. 

Екі суреттеме шығарманың əр бетіне шашы- 

ратылып  берілгенімен,  бірін-бірі  қайталамай 

Сəкеннің  портретін  толықтыра  түскен. «Басы 

көтеріңкі.  Кудесі  шалқақ»  деген  детальдар 

ақынның  тұлға-сымбатын  мүсіндесе,  кейінгі 

суреттемеде  автор  оның  бет-бейнесіндегі  шаш, 

шеке,  маңдай,  мұрын  сияқты  белгі  сипаттарына 

жеке-жеке тоқталады. 

Айта кететін тағы бір  жай – жазушы мұнда 

Сəкеннің  сыртқы  кейіп-кескініндегі  нақты  бір 

ерекшелігіне  акцент  жасаған.  Ол:  персонаждың 

«мұртына»  байланысты  штрих-деталь.  Бұл 

деталь  екі  рет  қайталанып,  ақынның  сұлу  жан 

дүниесімен  үндесіп,  оның  портретінің  тұрақты, 

мəнді  бір  белгісін  айқындай  түскен.  Белгілі 

əдебиет 

теоретигі 

А.И.Белецкий 

көркем 


прозадағы  портреттерді:  дерексіз,  живопистік, 

паспорттық деп түр-түрге бөледі. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет