214
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Ендеше, бүгінгі қазақ әдебиетіндегі маңыз-
ды мәселелердің бірі шешендік сөздердегі көр-
кемдік стильдің қалыптасу бағдары.
Шешендік сөз әлемінде аса жиі кездесетін
көркемдік тәсілдің бірі - ұқсастықты баса көр-
сетіп, теңей айту қасиеті. Теңей сөйлемейтін ше-
шен жоқ. Теңеу – аса ұтымды, жеңіл тәсіл. Троп
түрлері секілді ойға, қабылдауға салмақ тудыр-
майды, тыңдаушыға бірден жетеді, оңай ұғады.
Теңеу де сөз мағынасы ауысып, өзгермейді, тек
екі құбылыс бір-біріне толық баланбайды, бел-
гілі бір қасиеттері ғана салыстырылады. Әр ше-
шеннің өзіндік теңеу дағдысынан туындайтын
шешендік теңеулері болады. Бұл сол бір ше-
шеннің стильдік тәсіліне айналады.
Ал, теңеудің өзінің табиғаты мен ерекшелі-
гіне қазақ әдебиеттануының көшбасшысы
А.Байтұрсынов «Көріктеу нәрсені айыра көрсе-
тіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бір-
несін сүгіреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай
орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, бел-
гісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнек-
теп, ашығырақ көрсетеміз» [1, 186] – деп, көр-
сеткен өз еңбегінде. Ғалым теңеудің екі түрін
бөліп көрсетеді: әншейін теңеу, әдейі теңеу.
Шешендік сөздерде бұлардың екеуі де кездеседі.
Жалпы, теңеуде екі құбылыстың жеке бір қа-
сиеттері салыстырылады. Салыстырмалы мәнде
берілген мағыналардың қолданыла келе, тұрақ-
тылық сипат алуы фразеологизмдерде сақтал-
ған: тонның ішкі бауындай, тайға таңба басқан-
дай, тышқан алған мысықтай, қыл үстінде тұр-
ғандай. Бұлар ғалымның айтуынша, «тілді көр-
нектеу үшін жұмсалатын – әдейі теңеулер».
Өлең сөздің теориясы еңбегінде З.Ахметов
«Теңеу – екі нәрсені, құбылысты салыстырудың
ең көп тараған тәсілі. Жасалу қалпына қарай
теңеулердің сан түрлі болып келетіні байқалады.
Бірде теңеу екі нәрсені тұтас алып салыстыру
арқылы жасалса, енді бірде айтылып отырған
нәрсенің бір сипат-белгісін, түсін, дыбыс-үнін,
тағы басқадай жеке ерекшелігін өзге нәрсемен
салыстырып бейнелеу негізінде туады. Сонымен
қатар бір нәрсені басқа нәрсемен қимыл-қоз-
ғалысындағы ұқсастықты тірек етіп салыстыру
жолымен жасалған теңеулер де жиі кездеседі.
Бір-біріне мүлде жанасымы жоқ сияқты
көрінетін екі нәрсенің қандай да бір қасиет-
белгілерінен, не қимыл өзгешелігінен ұқсастық,
жақындық тауып, теңестіруге болатынын атап
айта кету қажет. Бұған теңеуді әдебиетте, поэ-
зияда бейнелеу құралы етіп пайдаланудың шек-
сіз бай мүмкіндігі бар екені айқындалады» [2,
17-18]- дейді. Ғалымның осы сөзін назарға ала
отырып, көркем тілде теңеу
–дай, -ша жұрнақ-
тарымен,
сияқты, тәрізді, бейне, тең сөздерінің
тіркесімен жасалатынын ескерсек, шешендік
сөздерде мұндай теңеулер көптеп кездеседі.
Бөкен бидің Сырымға берген батасы:
Арқаң қара нардай жауыр болсын,
Мінезің қара жердей ауыр болсын.
Өкпең жоқ кеудеңде бауыр болсын,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Жасың алпысқа жетпесін, - дейді. [3 , 50б]
Бата түрінде келген бұл астарлы да мәнді ше-
шендік сөзде - дай-дей арқылы адам бойын-
дағы мінез бен қасиетті нардың төзімділігіне
және қара жердің ауырлығына теңеп, кеңпейіл-
ділікке үндейді. Бұндағы теңеудің астары қалың.
Ал, келесі бір мысалда
жақсымен жолдас
Достарыңызбен бөлісу: