Вестник КазНУ. Серия филологическая. №2(136). 2012 қазақ даласы ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.11.2022
өлшемі0,68 Mb.
#50272
1   2   3   4
болуды негізгі тақырып етіп ала отырып, осы 
жолдастықты түрлі құбылыстарға теңейді. 
Жақсымен жолдас болған
Ел ұстанған тілектей болады,
Қыз ұстаған жібектей болады,
Жадыраған жаздай болады,
Айдын көлдегі қаздай болады,
Отау ортасындағы оттай болады, 
От ортасындағы шоқтай болады,
Тұрағы алтын шырақтай болады,
Тұяғы асыл пырақтай болады...
Шешендік сөздің сегіз тармағында осы құ-
былыстың ерекше қасиеттері мен белгілерін 
басқа бір құбылысқа теңеп, әсерлі де айшықты 
етіп суреттейді. «Жақсымен жолдас болудың» 
артықшылығын түрліше тілектей, жібектей, 
шоқтай, оқтай, шоқтай, шырақтай, пырақтай 
көркем де жағымды образдармен орап, өсіріп 
айтқан. Осылайша, о бастағы жай теңеу ұлғай-
ған, тұтасқан теңеуге айналған, сөйтіп өте бір 
бейнелі, көркем шешендік теңеу пайда болған. 
Қазақ тыңдаушысына етене жақын образдар 
арқылы шешен өз ойының тереңдігі мен сөзінің 
шұрайын арттырады. Бұл Бөлтірік шешен сөз-
дерінің стильдік ерекшелігі мен теңеу жасау 
шеберлігін танытады. 
Жоғарыдағы мысалдардағы –дай-дей теңеу 
жалғауының ролі мен мазмұны түрліше сипат 
алады. Бірінде астарлай жеткізу үшін қолда-
нылса, енді бірде суреттеу үшін, тағы бірде 
әсерді күшейту үшін қолданылады.
Тұрақты теңеулер сөздігінде »: «теңеу деге-
німіз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір 
затты екінші затқа салыстыру арқылы сипат-
талушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоцио-
налды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол 
нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан 
танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы» 
Ж. Б. Кдыралиева


215 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
[ 4, 387] деген анықтама берілген. Демек, теңей
айту әдісін әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы 
ретінде танитын болсақ, шешендер үшін бұл аса 
өнімді де ұтымды тәсіл болғаны анық. 
Жалпы, теңеулердің әрқайсысының қолда-
нылу мақсаты болатыны белгілі. Төменде кел-
тіріліп отырған мысалдағы теңеу суреттеу үшін 
қолданылғанын аңғару қиын емес. Он бес 
жасында Балабиді елуге келгенде Ахмет деген 
хан шақырып алып:
- Маған Бөрібас байдың қара қасқа тұл-
парын әперіңіз, - дейді.
Бөрібастікіне келіп түседі. Байдың боз үйінде 
Мөңке, Байтас, Жантас деген билер түстеніп 
отыр екен. Құшақтасып дидарласқаннан кейін 
Бөрібас бай жөн сұрайды. Сонда Балаби:
Ханың саған жұмсады,
Жанбайұлы Бөрібасым,
Берсін деп әдейі жіберді,
Қара қасқа жорғасын.
Сұлулығы ханшаның өзіндей,
Семіздігі өзіндей,
Жорғалығы дәл мына
Мөңке бидің сөзіндей,
Беріктігі Байтастай,
Жүйріктігі Жантастай,
Төрт аяғы таймастай.
Сол тұлпарды бермесең,
Көнер емес шайқаспай.
Достығың сенің білінбес
Ат мініп шапан алыспай.
Дұшпаның тегі иілмес,
Сүңгілеп найза салыспай.
Хан қаһарман ұлығың,
Ұнап тұр ма қылығың!?
Ендігісін өзің біл,
Жанбайұлы Бөрібас би. [5, 71]
Қарақасқа жорғаның сұлулығын ханшаға, се-
міздігін ханға, жорғалығын Мөңкенің сөзіне, бе-
ріктігін Байтастың мінезіне, жүйріктігін Жан-
тастың жүрісіне теңеп көз алдымызға алмаса 
болмайтын, беруге қимайтын, жылқының обра-
зын әкеліп, суреттілік, бейнелілік әсері арқылы 
сезіндіріп жылқыдағы ешбір мінсіз көзтартар-
лық көркем қасиеттерді адамдардың мінез-құл-
қымен, жүріс-тұрысымен теңеуге сыйдырып 
отыр.
Ал, кейбір теңеулер шешендік жұмбақтың 
шешуі ретінде қолданаылады. Жорықтан орал-
ған жігіт Төле үйіне келіп, жол үстінде көрген 
білгенін әңгімелеп отырады:
- Ауыл іргесіне жақындай бергенде екі-үш 
жасар баласын мойнына мінгізіп, бір арқа шең-
гелді арқалап келе жатқан әйелді кездестірдім. 
Тікенек үстінде отырған баланы ерге отыр-
ғызып, алдыма алайын десем, шешесінің мойны-
нан айрылмай қойды.
Сонда Төле би:
- Кірпікшешен баласын арқалап жүріп өсі-
реді емес пе?
- Бұл не дегеніңіз, биеке?
- Ананың тікенектей арқасы балаға мамық-
тай жұмсақ тиеді, - депті Төле.
Мұнда мағынасы қарама-қарсы тікенектей 
және мамықтай деген екі сөздің алынуы сөз 
әсерін күшейтіп тұр. Қарама-қарсы болса да 
салыстыру мейлінше айқын, дәл, баяндалып 
отырған жағдай, айтылып отырған пікір ондағы 
ой тізбегіне жалғасады. Салыстыра теңеуде дәл-
дік, нақтылап айқындау жағы күштірек, өмірде 
кездесетін әлеуметтік жағдайдан туындап тар-
тымды жасалып отыр.
Тағы бір шешендік сөздердегі теңеуге назар 
аударсақ, мұнда сөз қолданысындағы дәлдікке 
көз жеткіземіз:
Әкесі өлген – асқар тауы құлағанмен тең,
Шешесі өлген – ағар бұлағы суалғанмен тең,
Ағасы өлген – қанаты қайырылғанмен тең,
Бауыры өлген – ет бауыры езілгенмен тең.
Қолдану дәлдігі тұрғысынан теңдесі жоқ 
тамаша теңеулер, әке асқар тауға, шешен ағар 
бұлаққа, аға қанатқа, бауыр қажеттілікке те-
ңелген. Бұдан артық дәлдәк, тапқырлық болмас. 
Осының басын біріктіріп, ортақ мағына беріп 
тұрған «тең» сөзі. Осы сөзбен әке, шеше, аға, 
бауырдан айырылуыдң қандай болатыны образ-
ды түрде ойға қозғау салып, осы ұғымдардың 
асқақ, биік тұлға екендігін дәлелдеп тұрғандай.
Асаубайдың Тіленші биге айтқаны:
Тоғайға бұққан танадай,
Жан-жағына қарамай,
Жапалақша жалпимай,
Қарақұсша қалқимай,
Жолсыз жерге жанаспай,
Тұр, орнымды бер, талтаймай,
-
депті. [6, 54]
Көбей би:
Тамаша алғашқы шу сияқты,
Қуанышқа көтерген су сияқты.
Шу қылып аяқ жағын шерменде ғып,
Болады тілеп ішкен у сияқты. [6, 127]
Тіленші бидің теңеулері қазіргі сөз өнерінде 
көп кездесетін –ша,-ше жұрнағымен теңелсе, 
Көбей бидің теңеулері жобамен айтылып, 
«сияқты» сөз арқылы әсерлі суреттелген. Келесі 
бір шешендік сөзде:
Диқанбай дейтін дулаттың белді кісісі
– Иә, Бөлтірік, сені осы жұрт «сыншы, сын-
шы» деп мақтайды. Сонда не айтасың өзің, тегі? 
Сынағыш болсаң, мына мені сынашы, қане! – 
депті.
- Сенің қолыңдағы байлығыңа, қойныңдағы 
құтыңа бақытыңа таласым жоқ, бай-еке, - депті 
Бөлтірік, - қояр кінәм да жоқ. Сол бақыт, бай-
Шешендік теңеулердегі көркемдік стиль 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012


216 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
лық құт біткендей сиқың бар ма? Басың ба-
қырдай, бетің тақырдай, кәрі бураның бұтындай 
бұлтиып тұрған ұртың мынау. Аузың болса олақ 
кісі шапқан итаяқтай. Мұрныңның сарт аяғында 
сүйретіліп жүріп тозған жаман кебістен айыр-
масы бар ма? Кісінің сенен асқан шартығы бар 
ма? Осы айтқандарымның артығы бар ма? – 
депті. [14, 27] Шешен ұтымды да ұтқыр сөзде-
рімен образдап, көркем шешендік теңеулерін –
да, -дей жұрнағымен нақтылап отырады да осы 
теңеулердің шын мәнісінде дәл солай екендігін 
«айырмасы бар ма», - деп өзіне мақұлдатады. 
Оған жақын арада жауап та айтылмайды. Уақыт 
өткен соң сол теңеулердің өзіне лайық екенін 
елде айта бастайды. Бұл да тек шешендікке тән 
стиль теңеу жасаудағы ерекшелік.
Шешендер шығармашылығының стилі – не-
гізгі әдістің сыр-сипаты және соның кемелді-
гінің белгісі. Стиль әдістің құрамында ғана 
танылады. Әдістің аясына қанша стиль болса да 
сыя береді. Дарынсыз, тіл өрнегінсіз стиль жоқ. 
Шешенің тіл шеберлігіне, сөз саптауына ырғақ, 
ұйқас, әуез ерекшеліктеріне байланысты стилдің 
құрамында ғана танылады. Шешендер шығарма-
шылығындағы көркемдік әдіс өзінің стилімен,
стиль өзінің тіл өрнегіне қатысты ерекшелігімен
тұтас бірлік тауып шешендер шығармашы- 
лығының идеялық, көркемдік сапасын анық-
тайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет