Б. Абдулғазиева
«ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ» ЖЫРЫНЫҢ ӘДЕБИ МАҢЫЗЫ МЕН
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХНАМАСЫ
Мұрын жырау Сеңгірбекұлының шығарма-
шылығын зерттеудің басы 1942 жылдың 12-ші
қаңтары күні Ғылым Академиясының басшысы,
ғұлама ғалым, Қ.И.Сәтбаевпен белгілі филолог
ғалым, тілші Н.Т.Сауранбаевтың Қазақстан
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, ғалым
Н.Д.Оңдасыновқа жазған мәлімдеме хатынан
басталады. Онда атақты ғалымдар 1939 жылы
Маңғыстау өлкесіне экспедиция шығару бары-
сында академия адамдарының атақты жырауды
көріп келген жағдайлары мәлімделеді. «Қырым-
ның қырық батыры» жырының ел байлығы
екенін ескере отырып жазылған мәлімдеме
хатпен, Н.Оңдасыновтың рұхсат етуінен кейін
қарт жырау Алматыға келеді.
1942 жылы ғылым әлеміне белгілі болған
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы жырлаған «Қы-
рымның қырық батыры» жыры зерттеушілердің
назарын үнемі өзіне аударып келеді[1]. Жиыр-
масыншы ғасырдың басына дейін ел өмірінде
ерекше орынға ие болып келген эпос жанрының
маңызы әдебиетшілер үшін ежіктеп айтпасада
|