Вестник КазНУ. Серия филологическая, №3(133). 2011 163



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#18093
1   2   3   4
Байланысты:
1150-1-2221-1-10-20151009

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №3(133).2011                                                                         165                       

 

 

керектігі  туралы  идеяның    тұңғыш  иесі  болған-



дығын көрсетеді. 

1960 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің 

тарихы» деп аталатын еңбекте де Мұрын  жырау 

репертуары  туралы  мәселе  көтеріледі. «Бұрын 

М.Ғұмарова  батырлық  жырларды «...тек  әде-

биеттік  мұра  емес,  қазақ  халқының  өткендегі 

тұрмысынан-эканомикасынан,  қоғамдық  тарих-

тың  болмысынан,  шаруашылығынан  бағалы 

деректер  бере  алатын  құнды  материал» [5] деп 

сипаттайды. 

Мұрын  жыраудың  өмірі  мен  шығармашы-

лығы  туралы  алғашқы  кандидаттық  диссер-

тацияны  филология  ғылымы  саласынан 1965 

жылы зерттеуші С.Садырбаев дайындаған бола-

тын.  Дәлірек  айтқанда,  жырдың  «Қарадөң  ба-

тырдың  ұрпақтары»  деген  циклімен,  жеке  ба-

тырлар  туралы  бөлімінен  «Қосай», «Ақ-жонас-

ұлы Ер Кеңес», «Манашұлы Тұқбай» атты жыр-

ларын зерттеуге алды. Ғалымның жырау туралы 

ізденістері  әр  жылдары  жарық  көрген  ғалым 

зерттеулері  мен  монографияларында  жария-

ланды [6]. 

Зерттеудегі бір назар аударалық мәселе  жы-

раулық мектеп туралы ойлар. Орта Азия, Еуропа 

жырауларының  тарихынан  жырау  атаулының 

көпшілігі  белгілі  бір  ұстаздықтың  мектебінен 

өтеді. «Тіпті,  кейде  бір  ұлттың  географиялық,  

этнографиялық ерекшеліктеріне қарай аймақтық  

жыраулар  мектебі  болған.  Мәселен,  VII-VIII 

ғасырларда Гомердің рухында Грецияның  Хиос,  

Делос,  Крит,  Беотия,  Афина қалаларында  аэдтер 

мектебі қалыптасқан.  Саламин, Спарта, Сикион 

жерінде рапсодтар  [үзік-үзік жыр жаттаушылар] 

ағымы да қанат  жайған. Сол сияқты Өзбекстан-

дағы  белгілі  жырау  Фазыл    Юлдашевтің  он 

бір  шәкірті,  ал  Эргаш  Жұманбулбул-оғлынның 

жиырма  шәкірті  болған» [6]. Сол  сияқты  

Мұрынның  да жыраулықты «...он сегіз жасынан 

бастап,  домбыра  тартып,  жыр  айттым.  Атақты 

ақын,  жырауларға  көп  еріп,  жыр  үйренген 

ұстаздарым  адайдың  Нұрым,  Қашаған  деген 

ақындары  еді;  Нұрымға  төрт  ай,  Қашаганға 

төрт-бес  жыл  жолдас  болдым.  Ноғайлық  жыр-

ларын солардан  үйрендім»  деп айтқаны мәлім. 

Зерттеуші ғалым С.Садырбаев жырау жырлары-

ның  әдеби  маңызына,  қазақ  әдебиетіне  қаты-

сына, жыршы, жырау терминдері мәніне тоқтала 

келіп, негізінен жырдағы тұтастану құбылысына 

тоқталған.  Сонымен  қатар  жырларда  кездесетін 

көптеген сөздерге этимологиялық түсіндірмелер 

беруге  тырысып,  фольклор  текстерін  этимоло-

гиялау  арқылы  түсіндіру  негізін  салған  десе  де 

болады.     

                

Мұрын  жырау  туралы  ғалымдар  көптеген 

еңбектер  жазды,  ол  жайында  кітаптар,  ғылыми 

мақалалар  жарық  көрді.  Атап  айтқанда  Е.Ыс-

майыловтың  «Ақындар»  монографиясында, 

В.М.Жирмунскийдің    «Тюркский  героический 

эпос»  еңбегінде,  М.Ғабдуллин  мен  Т.Сыды-

қовтың  «Қазақ  халқының  батырлық  жыры» 

кітабында,  Н.В.Кидайш-Покровская  мен  О.Нұр-

мағанбетованың  «Казахский героический эпос» 

еңбегінде,  академик  С.  Қасқабасовтың    «Қазақ 

фольклорындағы  тұтастану  құбылысы»  атты 

ғылыми  жұмысында,  Қ.Сыдиқовтың    «Ақын-

жыраулар»  еңбегінде  Мұрын  жырау  туралы 

айтылады.  Қазіргі  кезде  «Қырымның  қырық 

батырының»  тарихилығы  жөнінде,  жеке  ба-

тырлар  жырының  тарихилығы  мен  нұсқалары 

жөнінде,  жырды  тілдік  этимологиялау  арқылы 

талдау жөнінде зерттеулер мен мақалалар жазы-

луда. Ол зерттеушілерді атап айтсақ: С.Сәкенов, 

Ш.Ыбыраев, С.Қондыбай, Д.Есенжанова, Б.Қор-

ғанбеков,  және  т.б.  Бұл  зерттеушілердің  еңбек- 

тері  зор  екені  белгілі,  әйтсе  де  біраз  түркі 

халықтарының  ортақ  мұрасы  есептелетін  «Қы-

рымның  қырық  батыры»  жыры  қазіргі  уақытта 

қазақ  фольклордағы,  түркітанудағы  өзіне  тиісті 

орнын  алды  деп  айта  алмаймыз.  Жырдың  зерт-

телу тарихнамасы көрсетіп отырғандай, «Қырық 

батыр»  жыры  барлық  ғалымдарымыздың  зерт-

теулерін  қамтитын,  методологиялық  жағынан 

жақсы  қаруланған  жан-жақты  зерттеуді  талап 

ететіні сөзсіз. 

_______________ 

1.  Қоңыратбаев  Ә.  Қырымның  қырық  батыры // Со-

циалистік құрылыс, 1948, 15-мау-сым 

2.  Қасқабасов  С.  Ойөріс. – Астана:  Астана  полигра-

фия, 2009 

3.  Бердібай  Р.  Жыршылық  дәстүр. – Ал-маты:  Қазақ-

стан, 1980 

4.  Сауранбаев  Н.  Халық  өнерінің  қазынасы – Мұрын 

жырау// Социалистік Қазақстан, 1942, 19-шілде 

5.  Ғұмарова М Бұрын зерттелмеген жыр-лар. 1-том, 1-

кітап.//  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.-  Алматы,  ҚазССР  ҒА 

баспасы, 1960 

6.  Садырбаев  С.  Вопросы  циклизации  казакского 

эпоса. Кан.дис. авторефераты. –Ал-маты, 1965 

7.  Қырымның  қырық  батыры. – Алматы: «Арыс», 

2005 

* * * 

В  статье  рассматривается  творчество  великого  казах-

ского  сказителя  Мурын  жырау.  Анализируется  история 

исследования  литературного  наследия  жырау  "Сказание  о 

сорока  ногайских  богатырях" («Қырымның  қырық  батыры» 

жыры). 


* * * 

The article deals with works of the great Kazakh bard 

Muryn girau. And also examines the history of the study of 

literary heritage zhyrau Legend of the forty heroes Nogai 

(«Қyrymny» қyryқ batyrs zhyry). 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет