Мақаланың мәнін ашатын сөздер: теңеу категориясы, образ, таби-
ғат, мінез, адам психологиясы, литота, ассоциация.
1. Кіріспе.
Т. Қоңыров теңеулерді жан-жақты зерттеп, өзінің ізденістерін «Тұрақты теңеулер
сөздігі» атты еңбегінде саралаған. Ғалымның бұл еңбегінің бірінші бөлімі «қазақ теңеулері-
нің семантика-грамматикалық табиғатын» зерттеуге арналған. Оның зерттеуінше, теңеу
дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы си-
патталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін,
сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құ-
ралы.
Ғалым теңеулердің классификациясын айқындаған. Профессордың зерттеуінше, те-
ңеудің синтаксистік құрылымы мынадай мәселелерді қамтыған:
- жалаң теңеулер;
- күрделі теңеулер;
- толымды теңеулер;
- толымсыз теңеулер;
- бірыңғай теңеулер;
- болымсыз теңеулер.
Жалаң теңеулер – теңеудің бұл түрі тек теңеу құраушы мүшелердің қосындысынан ға-
на тұрып, белгілі бір заттың яки құбылыстың жалаң суретін жасады. Мұнда күрделі ой жоқ,
осыған орай бұл теңеуде образ да болмайды. Мысалы: Бөбектей болдық аң-таң, жүрдік сен-
бей. Алғашқы үзіндідегі «бөбектей болдық аң-таң» – осындай теңеу. Мұндағы «бөбектей» –
теңеудің образы, «аң-таң болдық» – теңеудің белгісі.
Өзінің құрылысы жағынан күрделі теңеу – жалаң теңеуге қарама-қарсы құбылыс.
«Мұнда не образ, (көбіне образ) не предмет немесе екеуі де өздеріне бүтіндей күрделі ұғым-
ды негіз етіп алады да, соның нәтижесінде күрделі ойға негізделген, шытырман суретке құ-
рылған, эмоциялық-экспрессивтік әсері күшті теңеулік образдар жасалады», – дейді Т. Қоңы-
ров (Т. Қоңыров, 2007, 395 б.).
Болымсыз теңеулерді талдау барысында Қ. Жұмалиевтің зерттеулеріне сүйенген. Қ.
Жұмалиев: «Теңеудің ішінде болымсыз теңеу дейтін болады. Бұнда бір затты екінші затқа те-
ңегенде, болымсыз ғана мағына шығарады, мысалы: ол онша әдемі жігіт емес, дегенмен бір
көруге сиықсыз адам сықылды да емес». Т. Қоңыров Қ. Жұмалиевтің бұл құбылысты дұрыс
|