Вестник кгпи №1, 2017



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата01.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#24656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «АЛМАС ҚЫЛЫШ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ АТАУЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ  

                    

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 

МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 

 

91 



байқағанын атап өткен. «Бұл теңеуге негіз болатын нәрсе  – болымсыздық мағына емес, бір 

зат екінші заттың бір-біріне ұқсас яки ұқсас емес екендігі. Басқаша айтқанда, кәдімгі теңеу-

лер заттар мен құбылыстардың өзара ұқсастығының негізінде жасалса, ал, керісінше, болым-

сыз  теңеулер  заттар  мен  құбылыстардың  ұқсас  еместігі  негізінде  жасалады»  (Т.  Қоңыров, 

2007, 397 б.). 

2. Материалдар мен әдістер. 

Т. Қоңыров теңеулердің төмендегідей стильдік вариацияларын көрсеткен: 



1) метафоралық теңеулер; 

2) эпитеттік теңеулер; 

3) метонимиялық теңеулер; 

4) синекдохалық теңеулер;  

5) гиперболалық теңеулер; 

6) литоталық теңеулер; 

7) градациялық теңеулер; 

8) синонимдік теңеулер; 

9) антонимдік теңеулер. 

Ғалым метафоралық теңеу туралы  мынадай ой  түйген: «Теңеу дегеніміз – қысқарма-

ған, жайылма метафора: Басқаша айтқанда, әрбір теңеудің көлеңкесінен метафоралық мағы-

на көрініп тұрады. Бұған көз жеткізу үшін төмендегі мысалдарға көңіл аударайық: Исің – гүл 

аңқыған,  Нұрың  –  күн  шылқыған  (Абай);  Ажарланып  өңдері,  Күндей  болып  жайнаған  (С. 

Мұқанов).  

Алғашқы  мысалдағы  «нұрың  күн  шалқыған»  тіркесі  –  таза  метафора  да,  кейінгі  мы-

салдағы  «өңдері  күндей  болып  жайнаған»  конструкциясы  –  таза  теңеу.  Осы  мысалдардың 

алғашқысын: «Исің гүлдей аңқыған, Нұрың күндей шалқыған – деп өзгертуге әбден болады» 

(Т. Қоңыров, 2007, 493 б.). 

Эпитеттік теңеулер деп отырған теңеулердің түрі қазақ теңеулерінің ішінде көп кезде-

седі. Олардың басқа сөздермен салыстырғанда, өзіндік стильдік өңі, көркемдік тігісі бар. Бұ-

лардың  өзіндік  ерекшеліктері,  әсіресе,  олардың  эмоционалды-эксперссивтік  сапасынан 

айқын көрініп тұрады. 

Эпитеттік теңеулердің тек өздеріне ғана тән айырым белгілері болады. Ол мынау: ло-

гикалық екпін түскен сөзді образ әр уақытта анықтап, айқындап тұрады. Басқаша айтқан-

да, образ, не предметке, не белгіге көркем анықтауыш ретінде қолданылады.  

Т. Қоңыровтың еңбектеріне ғалым А. Бекбосынова сүйенеді. Ол өзінің «С. Мәуленов 

өлеңдеріндегі теңеу» атты кандидаттық диссертациясында теңеуге «Теңеу  – таным көзі. Са-

лыстыру, ұқсату, теңеу арқылы таным үдерісі арта түседі. Теңеу – адамның бейнелі ойлауы-

ның, әлемді бейнелей тануының және қоршаған дүниені көркем қабылдауының нәтижесінде 

қалыптасады» деп анықтама береді (А.Х. Бекбосынова, 2010, 3 б.). С. Мәуленов өлеңдерінде-

гі теңеулерді мынадай категорияларға бөліп қарастырады: 



1) этномаркерлі; 

2) прецеденттік; 

3) сентенция; 

4) сенсорлық-перцептивтік; 

5) тұрақты; 

6) семантика- стилистикалық; 

7) метафоралық; 

8) эпитеттік; 

9) метонимиялық; 

10) синекдохалық; 

11) гиперболалық; 

12) литоталық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет