Список литературы:
1. Шаймерденова Н.Ж. Экспликация семантики лексических единиц. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.
– С. 87.
2. Аракин В.Д. Тюркские лексические элементы в памятниках русского языка монгольского периода // В
сб.: «Тюркизмы в восточнославянских языках». – М.: Наука, 1974.
3. Словарь русского языка XI-XVII вв. – М.: Наука, 1975-2003. Вып. 1-26.
4. Ожегов С.И. Словарь русского языка / Под ред. чл.-корр. АН СССР Н.Ю. Шведовой. – 18-е изд.,
стереотип. – М.: Рус. яз., 1986. – С. 598.
5. Историко-семантический анализ слова «рундук» в русском языке см. в книге: Бурибаева М.А.
Тюркизмы в русском языке: от вариантов к норме. – М.: «Флинта»-«Наука», 2014. – 320 с.
6. Юналеева Р.А. Тюркизмы русского языка (проблемы полиаспектного исследования). – Казань: Изд-во
«Таглимат», 2000. – С. 9-11.
Сокращения названий древних источников
Ст. сп. Новосильцева – Статейный список И.П. Новосильцева // Путешествия русских послов XVI-XVII
вв. / Отв. ред. Д.С. Лихачев. М.; Л., 1954. С. 63-99. 1570 г.
Кн. прих.-расх. Моск.– Приходо-расходные книги Московских приказов. Кн. 1 // РИБ. Т. 28. М., 1912.
1614-1619 гг.
Калуж. а.– Маркевич А.И. Калужские купцы Дехтеревы. Одесса, 1892. 1636-1792 гг.
101
ӘОЖ 070.1:81ʼ38
Исақұлова Шолпан Қанатбекқызы
ШАҒЫН ЖАНРДАҒЫ КӨРКЕМ ОБРАЗ: ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН МАЗМҰНЫ
Аңдатпа
Газет тіліне ғылыми зерттеу жүргізу бүгінгі күні, әлеуметтік тұрғыдан алғанда,
келелі мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі қоғамдағы өмірдің рухани өрісін қамтитын
әлеуметтік мәдени өзгерістер кезінде, газет-журнал беттерінде кең орын алып жүрген
публицистикалық стильдің «шағын жанрлар» деп аталатын тармағы да жедел дамып,
қоғамның әлеуметтік институты ретінде, сөздік қордағы өзгерістерді анағұрлым толық
және жылдам көрсетіп отыр. Бұл жұмыста газеттегі шағын жанрларда да, көркем
шығармадағы сияқты, образ жасаудың қажет екендігі анықталды. Тек қана нақты
фактілерге негізделетін шағын жанр материалында автор өзінің ойын, идеологиялық
көзқарасын әсерлі жеткізуге тырысады.
Тірек сөздер: мерзімді баспасөз, шағын жанр, көркем образ, автор – кейіпкер –
оқырман, ауызекі сөйлеу тілі, тілдік құралдар, публицистикалық образ.
Аннотация
Проведение исследовательских работ в газетном жанре является одной из
актуальных проблем с социальной точки зрения. В эпоху социальных и культурных изменений,
охватывающих духовное пространство нынешней социальной жизни, быстро развивается
«мини жанры» публицистического стиля, которые широко публикуются на страницах газет и
журналов. Это говорит об изменениях в словарном запасе в качестве социального института
общества. В данной работе говорится о необходимости создания образа в мини жанрах газет
так же, как в литературном стиле. Автор пытается доказать свою точку зрения на основе
материалов мини жанра, обоснованных на конкретных фактах.
Ключевые слова: периодические издания, мини жанр, литературный образ, автор-
герой-читатель, разговорный язык, языковые средства, публицистический образ.
Summary
To conduct research work in a newspaper genre is one of the topical problems from a social
point sight. In the era of social and cultural change in the spiritual space covering current social life
is rapidly developing "mini genre" publicisticstyles that are widely published in newspapers and
magazines. It speaks about changes in a lexicon as social institute of society.This paper tells about
the need to create an image in the mini genres of newspapers as well as in the literary style.The
author tries to express his opinion on ideological views on the basis of mini-genre based on specific
facts.
Key words: рeriodicals, mini genre, literary figure, author-hero-reader, spoken language,
language means, publicistic image.
Кез келген шығармашылық туынды – сөз өнері. Шағын жанр стилінде жазылған
шығармалар да – автор санасына орналасқан, тұйықталған, ішкі дүниенің көрінісі. Бұл көркем
туындылар сияқты, ойдан шығарылған әлем емес, оның сүйенетін материалы – факт. Бір де бір
публицистикалық шығарманың фактіге негізделмей жазылмайтыны айдан анық.
Ана тілін еркін меңгерген публицист өз ойын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы нақты әрі
әсерлі жеткізіп отырады. Егер автор сөзді дұрыс таңдаса, ол ойдың әсерлі берілуін ғана емес,
сол шығарманың мағыналық құндылығын да арттыра түседі. Көркем әдебиеттегі автор
мәселесі Р. Сыздық, Б. Шалабай, В. Виноградов, Г.А. Гинзбург, т.б. ғалымдардың назарында
болды. Дәл осылай, автор жасаған жарасымды бейне, келісті образ шағын жанрларда да
кездесіп отырады.
Гүлнұр Ғазезқызының «Достық – ең таза қасиет»атты сауалнамасын алайық:
Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екені көпке, яғни бүкіл әлемге аян болды. Әлемді билеп-
төстеген алпауыт пиғылдар әдетте мұндай мемлекетті мекен қылған жұрттың арасына
102
күл шашып ойнайды. Тәуба делік. Дүбірге толы дүниеде қазақ жеріндегі тыныштық
мызғыған жоқ. Дегенмен де бірлікті, ынтымақты шын тілеукер ниетте сынға алатын
сауалдар болады есмес пе?(ҚӘ.,02.05.2003).
Автор Қазақстанды көп ұлт өкілдерінің мекен ететініне қарамастан, онда
ауызбірліктің, татулықтың етек жайғанын, алайда оған да қауіп төніп отыратынын «дүбірге
толы дүниеде ... тыныштық мызғыған жоқ» деп әдемі кестелейді де, оны «шын тілеукер
ниетте сынға алатындар» мен ұлттар арасына «күл шашып ойнайтындар» бар екенін де
жоққа шығармайды. Небәрі бес сөйлемнен тұратын осы сауалнамада екі тұрақты тіркес пен
метафоралық құрылымдардың болуы, біріншіден, халықтың достық пиғылға ынтық екендігі
мен ол үшін күресуге дайын екендігін көрсетсе, екіншіден, автордың образ жасаудағы
шеберлігін көрсетеді.
Шағын жанрларда да автор белгілі бір идеологияны қуаттайды. Ондағы автордың
образ жасау шеберлігі кейіпкер жөнінде түсінік беретін және оған мінездеме жасауға өзек
болатын факторларды көп және тиянақты жинаудан көрінеді. Сол үшін де нақты «автор –
кейіпкер – оқырман» деген тізбек құрылады.
Шағын жанрдағы автор – ойдан шығарылмаған, шынайы, көптеген оқырманға жақсы
таныс, өзіндік бағасы бар адам. Қалай болғанда да оның оқырман үшін тек белгілі бір идеяны
тасушы ғана емес, оның «өзіміз» болғаны, өзінің көзқарасы, әдеттері, талғамы бар «жай адам
ғана» болғаны аса маңызды. Шағын жанрдағы репортажды алатын болсақ, оның сапасы
автордың әңгіме болып отырған тақырыпқа қаншалықты енгеніне де байланысты болады. М.И.
Стюфляеварепортаж жайлы: «...Кей жағдайда автор эпизодтарды бақылаушы ретінде көрінеді,
ал, кейде ол оқиғаға тікелей араласады және оқиғаның ішкі жағынан өзі көрініп тұрады. Соның
нәтижесінде автор қоғамдық маңызды оқиғаларға дем беріп, көтермелеуші болып шығады»,-
деген [1, 80].
Репортаждағы автордың көзқарасын білдірудің кең тараған түрі журналистің тікелей
оқиға өткен жерде болуы.
Шағын жанр мәтінінде деректілік басты орында және оның сыртқы көрінісі оқиға
өткен орынды, уақытты көрсетіп, ондағы адамдардың аттарын шынайы атап отыру болып
табылады. Автор – оқиға жайлы баяндай отырып, оның шынайылығына кепілдік беретін адам.
Публицистикада «кедергі» келтіретін фактілерді жасырып, келеңсіз құбылыстарды айналып
өтуге болмайды, керісінше, көркемдікте қайшы келетін, эстетикалық жағынан кемшін келіп
тұрған тұстарды көрсетіп отыру қажет. Сондықтан хаттар мен мақалалардағы оқиғаларға
автордың қатысы репортаждар мен есептердегі оқиғаларға қатысынан кем болмайды.
Кейбір деректі шағын жанрда автордың кейіпкерлермен өзара қарым-қатынасы
тереңдеп, оның өзін қоршаған ортамен де жаңа сападағы байланысы қалыптасады. Автор мен
кейіпкер бір әлемге – шынайы тіршілік әлеміне жатады. Маңызды фактілерді көрсетуге,
түсіндіруге, анықтауға публицист тікелей өзі белсенді түрде қатысуға құқылы.
Публицистикадағы образдың орны мен маңызы ерекше. Фактілерді жалаң
эрудицияның көмегімен ғана көрсетпей, оған фантазия енгізсе, газет материалы да әсерлі әрі
көркем болып шығатыны рас. Публицистің өнерге бейімделуі, ең алдымен, көркем образ
бейнелеуге жақын тұратын очерк пен фельетон жазғанда анық көрінеді.
Публицистикалық образдың басты және өзіндік бір ерекшелігі – ол журналистің өзі
жүзеге асыратын, дамытатын, нақтылайтын, оның түрлі сипаттарының шығуына көмектесетін
ойдан туады. Публицистика, әсіресе, образ-фактілерді пайдаланады. Образ-факт көркемдік
заңдарына сәйкес туады және ол гносеологиялық (дүниетанымдық) фактілер сипатында
болады. Бұл фактілер түбегейлі қойылған нүкте немесе шындықтың кесіндісі емес, ол сол
шындықтың белгілі бір уақытта және кеңістікте лайықты орны бар дүниелер. Екінші рет
қайталанып отырған фактілер де образ-фактілер болып саналады. Публицист образ-фактіні
жасағанда, өз бақылауына ғана сүйеніп қоймайды, ол газеттердегі, мұрағаттардағы және
құжаттардағы баға жетпес құнды деректерді де пайдалана алады. Публицист әрдайым баяндап
отырған оқиғаға деген өзінің көзқарасын оқырманға жеткiзу үшін түрлі тілдік құралдарды
қолданады және осы тілдік құралдарды жүйелі пайдалана отырып, дербес авторлық бейнені
103
қалыптастырады. Ол бейне, бір жағынан, кейіпкердің өзіне тіл бітірсе, екінші жағынан, оқиғаға
деген авторлық көзқарасты айқындайды [2, 179]. Бірнеше мысал келтірейік.
Әлбетте, мұндайда білегін сыбанған «кандидаттардың» жауын құртындай қаптап
кететіні бар (ЖА., 04.02.2003).
Саринды Шығыс Қазақстан асырды да, жанына Тайыр Мансұровты ертіп алып, Орталық
Комитеттің екінші хатшылығына арналған кеңсенің төріне барыпқонжиды(ЖА.,
06.02.2003).
Ендеше, тәуелсіздіктің басты құндылықтары – ұлттық саясатты, ұлттық мүддені
ұмытып, тек теңге табу үшін өсек пен төсек тақырыбын терген, ақша ұсынсаң, азуын
көрсететін «сары басылымдарға» тәуелсіз деген аса қымбатты сөзді қор қылмай,
мемлекетттік емес, дұрысы жекеменшік деп жазған жөн болар, сірә (ЖА., 06.02.2003).
Енді бір министріміз Меңдібаевтің желтоқсан оқиғасындағы «ашылмаған
аралдарын», елге беймәлім қарғыбаулы әпербақандығын әшкереледі (ЖА., 08.02.2003) деген
сөйлемдерде автор жалаң фактілерді ғана алып отырған жоқ, оқиғаға өзінің қатысын да
білдіріп тұр. Айталық, авторды «кандидаттардың жауын құртындай қаптап кететіні», түрлі
амалдармен екінші хатшы болып алған жағымсыз кейіпкер, ақша табу үшін әртүрлі жағымсыз
өсек-аяң терген басылымдар, Меңдібаевтың жағымсыз қылықтары ашындырады, оларға
лайықты образ жасау үшін автор «жауын құрты», «қонжию», «өсек пен төсек», «әпербақан»
сияқты экспрессиялы сөздерді қолданып, контекстің эмотивті әсерін арттырып, өзінің
авторлық көзқарасын коннотациялық реңкі қанық экспрессоидтармен жеткізген.
Шағын жанр стилі де, публицистикалық стильдің тармағы ретінде, ғылыми және
көркем стильдердің аралығында тұрады. Ол, қалай болғанда да, осы стильдердің тәсілдері мен
құралдарын пайдаланады және кәдімгі стиларалық өзара әрекеттестікті білдіреді және бұл
оның құрылымының күрделілігіне алып келеді. Бұл жағдайда да авторлық көзқарас, автор ойы
белең алып тұратыны сөзсіз.
Босағадағы жетімнің күйін кешіп келген мемлекеттік тілді мәртебесіне лайықты
тұғырға көтеру бағытындағы Үкімет басшысының қадамы билік шыңында үлкен дүмпу
туғызды. (ЖА., 23.04.2009).
Мұндағы «жетімнің күйін кешу» ауызекі сөйлеуде ежелден қалыптасқан сөз тіркесі,
«жабырқау, жетімсіреу, жалғызсырау» деген мағынаны білдіреді. Ал, «дүмпу туғызды» -
«дүрбелеңге салды» деген мағынада айтылатын тіркес.
Ұзақ үнсіздіктен соңоқырманына қайта оралған Республикалық «Жалын» журналының 2004
жылғы №1 саны жарыққа шықты (ҚӘ.,30.01.04).
Жуырда Алматы қаласындағы Орталық демалыс саяжайында «Отан» партиясы Алматы
қалалық бөлімшесінің ұйытқы болуымен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Е.
Жарболовты еске түсірген спорт мерекесі болып өтті (ҚӘ.,15.08.03).
Таяуда республикалық «Отан» партиясы және республикалық консультативтік Орталық
дәрігерлерінің бірігіп ұйымдастыруымен Алматы қаласында тұратын әлеуметтік жағдайы
төмен бір топ зейнеткерлерге қайырымдылық көмек көрсетілді (ҚӘ.,04.07.03).
Мысалда ғылыми және көркем стильдердің элементтері кездеседі. Мұндағы жетімнің
күйін кешіп келген – фразеологиялық тіркесі ауыз екі сөйлеу тілінің элементі болса, игі
бастама, мемлекеттік биліктің тармақтары кітаби стильдің, ал, дүмпу туғызу әдеби
стильдің элементтері екендігі анық. Аталмыш стильдер өзара әрекеттесіп, жымдасып келіп,
экспрессивтік сипаттағы ақпарат беріп тұр. Ұзақ үнсіздіктен соң оқырманына қайта оралған
тіркесінде публицист «Жалын» журналының бүгінгі күні үлкен жүкті арқалап, қайтадан жарық
көре бастаған жайын жанды образ бейнесінде көрсетсе, ұйытқы болужәнеқайырымдылық
көмек көрсету деген күрделі етістіктен болғансөз тіркестері – кітаби стильдің элементтері.
Ғылыми және көркем стильдердің құралдары шағын жанрда айрықша қызмет
атқарады, сондықтан тілдік бірліктердің көп стильділігі стильдердің орынсыз бірігуіне және
олардың әрқайсысының жеке тұтастығының бұзылуына алып келеді.
Стилистикалық сипаттар мен тілдік құралдардың көп түрлілігін, олардың газеттің
түрлі жанрларында бірдей берілмеуін байқау қиын емес. Біреулері (хабар, теориялық, ғылыми-
көпшілік мақалалар, рецензиялар, сұхбат т.б.) аналитикалық қорытындыға және сөз бен
104
стильдің, әсіресе ғылыми стильдің сипатына жақын келсе, енді біреулері (очерктер, суреттер,
памфлеттер, фельетондар), образ ашылатын болғандықтан, көркем әдебиет стиліне жақын,
алайда олар да, ақпараттық мағынадағы газет материалдары ретінде, бәрібір, публицистикалық,
оның ішінде шағын жанр стилі болып шығады.
Қазақ халқының ұлы перзенті журналистиканың белгілі теоретигі Ахмет Байтұрсынов
өзінің еңбектерінде сәулет, мүсін және кескін өнерін, музыка мен әдебиетті, өнердің көрнекі
және жинақталған түрлеріне жатқызады. Бұл қазақтың біртуар ұлының жалпы өнер атаулының
барлық түріне дерлік жасаған ілтипаты, оларға берген шынайы бағасы дерлік.
Г.Л. Абрамович өнер «адамдарға сұлулықты немесе кейбір жексұрын әрекеттерді, адам
бойындағы ойлар мен сезімдерді танып, сезіну үшін керек» деген болатын [3, 352].
Қалай десек те, өнер адамның санасын қалыптастырады, шындыққа бағыттайды, оның рухани
әлеміне ықпал етеді. Публицистика да – сөз өнері. Публицистика, ең алдымен,
коммуникацияның жаппай ақпарат пен үгіт-насихаттық журналистика деп аталатын саласын
пайдаланады. Осылайша ол мемлекеттік және мемлекеттік емес газеттер, радио мен теледидар
сияқты кең және көп тармақты жүйе арқылы өмір саласын барлық қырынан қамтитын «бүгінгі
күннің тарихын» жасайды.
Шағын жанрлар шынайы өмірдегі заңдар мен қоғам дамуының бағыт-бағдары ғана
емес, бүгінгі күннің көп қырлы және түрлі бейнелі күнделікті тіршілігінің де бағыт-бағдары.
Суретші образдармен ойланса, публицист өзінің ойын логикалық пікірмен береді.
Сондай-ақ көркемдік те публицистиканың ең басты қаруы болып табылады.
Шағын жанр материалдарында да ауызекі сөйлеу тілі құралдарының мәнерлілігі
айрықша, онда автор көп ретте кейіпкер бейнесінде келеді де, өзінің жеке-дара
көзқарасын білдіреді. Ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын тілдік құралдар газет
материалының мазмұнын тереңдетеді және автордың көңіл күйін де береді. Әсіресе, газет
тілінде ауызекі сөйлеу тілінің лексикасын пайдалану газет материалының тез оқылуына
мүмкіндік береді. Бұл құрылымдар, жаппай көпшілік, демократиялық сипатта және
түсінікті болғандықтан, шағын жанрға жанды бояу береді. Ауызекі сөйлеу тіліне
биресмилік, табиғилық және сөйлесуге сенімділік пен дайындықсыздық тән. Академик
М. Серғалиев қолданылу тұрғысынан сөйлеу тілін алты топтамаға жіктеп көрсетеді,
олар: жалпы қолданыстағы сөздер, қарапайым сөздер, тұрмыстық, балағат, диалектизм
және варваризм сөздер [4, 28]. Мұндағы жалпы қолданыстағы сөздер дегені М. Балақаев
айтқан «жалпы халыққа түсінікті сөздер» [5, 77] деген ұғыммен мағыналас екендігі
мәлім.
Қазақ тіліндегі сирек қолданылатын сөздер, сөйлеу тіліне тән тұрақты тіркестер,
варваризмдер, қарғыс сөздер т.б. мақала авторының өзі баяндап отырған мәселеге деген
көзқарасын айқындай түседі. Бір нәрсеге сүйсіну немесе оны жек көру, менсінбеу немесе
мақтаныш т.б. сезімдер осындай сөз қолданыстардан айқын көрініп тұрады. Мысалы, қазақ
тілінде еркелетіп, көтермелеп сөйлеу үшін -еке, -кежұрнақтары қолданылады. А. Ысқақов
«сөздерге әр қилы эмоциялық әсер, экспрессивті рең үстемелейтін, қосымша семантикалық
мағыналар жасайтын жұрнақтар бар»- дейді де, оларға -еке, -қа, -ке, -й, -тай, -тей, -жан, -қан, -
ақан (қошақан), -қай, -кей т.б. жұрнақтарды жатқызады [6, 158]. Публицистер тілдің мұндай
көркемдік ерекшелігін де қалт жібермей, қажет жерінде орынды пайдаланып отырады.
Шағын жанр материалдарында да осындай ауызекі тілдегі сөз қолданыстары кездесіп
отырады, автор мұндайда неғұрлым өз ойының бояуын қалыңдатуды мақсат етеді.
«Осы сендер пәленшекем орысша таза, акцентсіз сөйлейді» деп мақтайсыңдар, мен
сол «акцентсіз сөйлейтіндерден» қорқамын деген екен бір жазушы ағамыз (АТ.,15.04.2004).
Оған әлгі «пәленшекең» үйреншікті әдіспен орағыта жауап берсе бергені, бермесе ол да жоқ
(АТ.,06.05.20004). Халық мына телеарна пәленшекемдерді қатты сынады, маладес» деп тағы
алданып жүре береді (АТ.,26.08.2004).
Келтірілген мысалдардағы «пәленшекем» – автордың тарапынан жасалып отырған
мысқыл, әжуа, күлкі.
Сол сияқты номинатив тұлғада тұрып та журналистің оқиғаға эмоционалды қатысын
білдіретін ауызекі сөйлеу элементтері кездеседі.Ал, Қазақстандағы пәленбай шаршы
105
километр жер Қытайға тегін берілді (АТ.,09.09.2004) деген сөйлемде авторкең байтақ туған
жеріне жасалған қиянатқа деген жағымсыз эмоциясын –бай жұрнағы жалғанған «пәлен» сөзі
арқылы білдіріп тұр.
Шымкентте құрылған, сол жақтың халқына еңбек етіп жатқан театр үшін
«шымкентский варианттардан» айналып өту қиындау (ЖА.,06.12.2003) деген сөйлемде
соңғы кездері халық аузында жиі қолданылып жүрген «шымкентский вариант» тіркесін автор
халық психологиясындағы жергілікті ерекшеліктерді көрсету үшін пайдаланып отыр.
«Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің экспрессиясы күшті болып келеді.
Сондықтан олар, ең алдымен, кейіпкерлер тілінде бұлжытпай қолданылып келеді»,- деген
академик Р. Сыздық [2, 267].Жоғарыдағы сөйлемдерде осындай қарапайым халықтық сөздер
арқылы автор өмірде кездесіп тұратын қоғамдық әрекеттерге деген өзінің жағымды-жағымсыз
көзқарасын білдірген.
Дегенмен кей тұста публицистика стиліндегі стильдік-тілдік шеңберден шығып
кетушіліктің, әсіресе қарапайым лексика мен ауызекі сөйлесу элементтеріне тым бой ұрудың
баспасөздің ақпараттық-деректілік қызметіне нұқсан келтіруі мүмкін екендігін ескерген
жөн.Бұған көбінесеқолданыстағы сөздерді өзгертіп беру жатады.
Ал, әлгі берілген уәделер дүмше молданың тілімен айтқанда «пысымаулакпыр» болды
(АТ.,19.08.2004). Автор «пысымаулакпыр»арқылы молданың шала сауатты екендігін көрсеткісі
келді ме, әлде өзінің шымшыма, қылжақбас екенін білдіргісі келді ме – ол жағы белгісіз. Қалай
болғанда да дәл қазір «бисмилланы» дұрыс айта алмайтын ересек адамның жоқ екені белгілі, ал
мына мысал бойынша автордың жеке көзқарасы мен қасиетін аңғару қиын емес.
Соңғы жылдары байқалатын бір індет – магистратурадағы можантопаймақтан
қуушылық пен жөн-жоралғысыз жарыс (АТ.,07.10.2004). Бұл сөйлемдегі «можантопай
мақтан қушылық» деген тіркес тілде қолданылып отырған авторлық «тың жаңалық» деуге
болады. Бұл, мансап қуу мақсатымен магистратураға оқуға түсіп, аты «магистрант»
болушылықты, мақтаншылықты білдіретін сөйлем. Шығармаға осындай көрік беріп тұрған
«можантопай» – халық арасында жиі айтылатын, «аса момын» деген мағынаны білдіретін сөз.
Ал, «жөн-жоралғысыз жарыс» тіркесі «жөн-жоралғы» – ырым, салт деген мағынадағы қос сөз.
Бірақ ол мына қолданыста «орынсыз» деген мағынаны білдіріп, автордың осы оқиғаға риза
еместігін көрсету мақсатымен қолданған.
Киім-кешек тіктіру керек, айлық-шайлық дегендей (ЖА.,06.12.2003) деген сөйлемдегі
«айлық-шайлық», алдыңғы сөйлемдегі «можантопай» сөзі нақты образ жасап тұрғаны рас.
Шығарманың көркемдігін арттырып, образ жасауда татымды бейнелер тудыратын да
ауызекі сөйлеу тілінің осындай «биәдеби» (Ә.Болғанбаев) деп аталатын түрі шағын жанр
тілінде кездесіп отырады [7, 98].
Сонымен қатар, газеттегі шағын жанрларда да, көркем шығармадағы сияқты, образ
жасаудың қажет екендігі анық. Тек қана нақты фактілерге негізделетін шағын жанр
материалында автор өзінің ойын, идеологиялық көзқарасын әсерлі жеткізуге, оқырман
көңілінде наным ұялатуға тырысады. Кейбір деректі шығармаларда автордың өз кейіпкерімен
бірге қуанатын, бірге күйінетін сәттері де болады. Сондай-ақ, қандай образ-фактіні жасаса да,
автор бұрын басылымда жарияланған немесе мұрағаттарда болған құнды материалдарды
пайдаланып отырады. Бұл жағдайда кейіпкер де жанды бейнеге еніп, өзі жайлы мағлұмат
бергендей болады, ал, автор өзінің авторлық көзқарасын нақтылай түседі. Сол себепті, көркем
образ жасауда автор ылғи газет стилімен емес, халыққа ұғынықты ауызекі тілмен жазуға
тырысады.
Қорыта келгенде, газет тіліне ғылыми зерттеу жүргізу бүгінгі күні, әлеуметтік
тұрғыдан алғанда, келелі мәселелердің бірі болып отыр. Мерзімді баспасөздің қызмет аясы
қоғамдық санаға ықпал жасауды мақсат ету болғандықтан, бұқаралық ақпарат құралдары –
мәдени-коммуникативтік жүйенің бір бөлігі, ал, оның тілі – адамның мәдени деңгейін халыққа
жеткізудің құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |