«Білемін / білгім келеді / білдім» әдісі. Тақырыптың мазмұнына кешенді талдау жасау
кезінде тиімді әдіс болып табылады. Бұл әдіс арқылы тақырып бойынша бұрын алған білімін
толықтыруға және оқыған мәтінімен өзінің күткен нәтижесін салыстыруға болады. Осылайша
жұмыс істеу студенттің мәтін туралы бұрыннан білетін немесе мәтіннің әлі де белгісіз
мазмұнын саралап жіктеуіне мүмкіндік береді. Әдісті үш қадамға бөлуге болады.
1-қадам: студенттер мәтінмен танысқанға дейін өз беттерінше немесе топта «Білемін»,
«Білгім келеді» деген бірінші, екінші бағандарды толтырады.
2-қадам: мәтінмен танысу кезінде немесе оқылған мәтінді талқылау барысында
студенттер «Білдім» бағанын толтырады.
3-қадам: қорытынды жасап, бағандар мазмұнын салыстырады.
Қосымша ретінде «ақпараттар дереккөзі», «не ашылмай қалды?» деген тағы да 2 бағанды
ұсынуға болады.
Әр студент мәтінмен танысып, кестені толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау
ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде оқытушы ой қорытуға арналған әзірлеп келген
сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар студенттің оқығанына баға беру, пікірін,
көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Бұл әдіс те алдыңғы тәсіл сияқты
студенттерді ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай
жасайды. Сөз астарын, сөз құдіретін түсінуге бағытталады. Сондай-ақ әдістің тиімділігі –
сабақтан тысқары қалатын студент болмайды, оқылған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып
беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы студенттің тілі дамиды. Осылайша
ұйымдастырылған сабақтар арқылы сауатты оқырман қалыптастыруға болады.
«Кідіріс жасау арқылы тоқтап оқу» әдісі. Түрлі сұрақ қою арқылы оқылымды
ұйымдастыру бұл әдістемелік тәсілдің шартты атауы болып табылады.
Дайындық жұмыстары:
1. Оқытушы оқылымға арналған мәтін таңдайды. Мәтін мынадай өлшемдермен
таңдалады:
- мәтін аудиторияға мүлдем таныс емес болуы тиіс (егер таныс мәтін болса, аталған
тәсілді қолданудың мәні жоғалады);
166
- мәтін оқиғалы сюжеттен тұруы керек;
- мәтін күтпеген жерден аяқталуы тиіс, соңы ашық қалуы керек.
2. Мәтін алдын ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтінде қай жерден кідіріс жасау
қажеттігі белгіленіп, «бірінші кідіріс», «екінші кідіріс» және т.с.с. бөлінеді.
3. Оқытушы мәтінге алдын ала студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға
бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар ойластырады.
Оқытушы мәтінмен жұмыс істеу ережесін мұқият сақтауды қадағалай отырып, мәтінді
кідіріспен оқу үдерісін түсіндіреді және ұйымдастырады.
Сыни ойлауды дамытуға бағытталған сұрақ түрлері мынадай болуы керек:
-
«ауыстыру» және түсіндіру (ақпаратты жаңаша түрлендіру, ауыстыру және оқиғалар,
деректер, идеялар арасындағы өзара байланысты анықтау);
-
есте сақтау – алынған ақпаратты білу және ой қозғау;
-
бағалау – алынған ақпаратқа өз пікірі мен пайымдауын келтіре отырып, жеке
субъективті көзқарасын білдіру;
-
жинақтау – алынған ақпаратқа логикалық тұжырым жасау, себеп-салдарлық
байланыстарды қабылдай білу;
-
талдау – болған оқиғаны үзінді түрінде қарастыру, «жалпы» контексті «жекеге» бөлу;
-
қолдану – алынған ақпаратты шынайы өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін
пайдалана білу.
Қолданыс аясы: көркем әдебиеттен үзінділер оқытқанда, ақын-жазушылардың сюжетті
шығармаларын өткен кезде пайдалануға болады.
Ескерту: кідіріс жасап оқуды сыни ойлау технологиясының ой қозғау және рефлексия
кезеңдерінде бұл әдісті басқа да тәсілдермен толықтыра отырып, ал ұғыну кезеңінде мақсатты
түрде пайдалануға болады.
Инсерт (Іnsert) әдісі бірнеше кезеңнен тұрады:
• І кезең. Мәтінді белгілеу жүйесінен тұрады. Мәтінде берілген ақпаратты студенттер
төмендегідей таңбалармен белгілейді:
V «қанат белгісі» студенттердің берілген ақпаратты бұрын білетіндіктерін көрсетеді;
- «минус» таңбасы – олардың білетіндеріне қайшы пікір;
+ «плюс» таңбасы – олар үшін күтпеген жаңалық, қызықты ақпарат;
? «сұрақ белгісі» егер ақпарат түсініксіз болса, көбірек білгісі келгенде қойылады.
• ІІ кезең. Студенттер мәтінді оқи отырып, жекелеген абзацтар мен сөйлемдерге тиісті
белгілерді қояды.
• III кезең. Студенттерге ақпаратты жүйелеп, төменде берілген кестеге өздері белгілеген
тиісті таңбаларымен орналастыруға тапсырма беріледі.
V«қанат
белгісі»
(Бұрыннан білемін)
- «минус» таңбасы
(Басқаша ойлап едім)
+ «плюс» таңбасы
(Мен
үшін
жаңа
ақпарат)
?
«сұрақ
белгісі»
(Түсінбедім,
сұрағым
бар)
...
...
...
...
• IV кезең. Кестенің әрбір бағанын талдаудан тұрады.
Қолданыс аясы: үлкен көлемдегі деректер мен мәліметтерден тұратын ғылыми-көпшілік
мәтіндерді, белгілі тұлғалардың өмірбаяны мен шығармашылық жолын өткен кезде
пайдалануға болады. Мұндай тәсіл студенттің талдау жасау дағдысын дамытуға көмектеседі,
материалды түсінгендігін қадағалауға мүмкіндік береді. Инсерт – оқығанын түсінуге, өз ойына
басшылық жасауға, ойын жүйелі білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір мәтіннің соңына тез
жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да студенттер
арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан мәтіннің мазмұнын түсіне алмау, өмірмен
ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған
кемшіліктерді
болдырмаудың
бірден-бір
кепілі.
Студенттер
білетіндерін
анықтап,
білмейтіндерін белгілеп, сұрауға машықтанады. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білім арасында «көпірлер» құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыланады.
Инсерт кезеңдері «Ой қозғау – Ұғыну – Рефлексия» кезеңдеріне сәйкес келеді.
167
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде студенттер
дәптерлерінің ортасынан тік сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір
жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни нені еске
түсіретінін, себеп-салдарын жазады. Барлық студент тапсырманы орындап болған соң жұпта,
топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде оқытушы қорытуға арналған
әзірлеп келген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алынады.
Ойлаумен ұштастыра білім алуға бағыттайтын оқыту технологиясы мәтінді оқу арқылы
студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытатынына көзіміз жетті. Берілген мәтінге сыни
тұрғыдан пікір білдіру, ой толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау студентті жаңа бір әлемнің
жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді, әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Сыни
тұрғыдан ойлау арқылы студенттердің жан-жақты іздену қабілеттері дамиды. Қорыта келгенде,
мәтінмен жұмыс істеу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде
студенттер арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдаудың, өзара сыйластықтың, ынтымақты қарым-қатынастың
негізі қаланады;
- студенттің өзін жеке дара тұлға ретінде тануына жол ашылады;
- студенттің өз ойын ашық, еркін айтуына, пікір алмасуына көмектеседі;
- студент «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады;
- студенттің өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына септігін тигізеді;
- оқытушымен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға мүмкіндік береді;
- мәселені топтағы студенттермен бірге шешу жолдарын іздестіре отырып, қиындықты
бірлесе шешуге көмектеседі;
- белсенді шығармашылықпен ойлауға негіз қаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Халперн Д. Психология критического мышления. Сер. «Мастера психологии». – СПб.: Питер, 2000. –
512 с.
2 Копжасарова У.И., Шакимова А.К. Развитие навыков критического мышления как средство
совершенствования
самостоятельной
деятельности
студентов.
http://www.
rusnauka.com/4_SND_2011/Economics/7_79193.doc.htm.
3 Володарская И., Митина А. Проблема целей обучения в современной педагогике: учебно-методическое
пособие для студентов факультетов психологии государственных университетов. - М.: МГУ, 1989.
4 Клустер Д. Что такое критическое мышление? // Перемена: международный журнал о развитии
мышления через чтение и письмо. – 2001. № 4. -С. 36-40
5 Карпиевич Е.Ф., Краснова Т.И. Задачи и способы организации работы с текстом // Стратегии
академического чтения и письма. Серия «Современные технологии университетского образования».
Выпуск №5. Белорусский государственный университет. Центр проблем развития образования. - Минск:
Пропилеи, 2007. -С. 9-38.
ӘОЖ 811.111’271.1:378.169
Утанова Айзада Құдайқұлқызы
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ БОЙЫНША ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
ТАЛАПТАРЫ
Аңдатпа
Жоғары оқу орындарында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі ұлттық бояуы мен
болмысын таныта отырып, білім алушыларға ұлттық тілдің қасиет-сапасын меңгертудің
маңызы өте зор. Бүгінгі студенттің ертеңгі маман ретінде олардың терең білімділігімен
қоса, академиялық сауаттылықты меңгеруінің де орны айрықша болып отыр. Білім
алушыларды тілдің теориясынан басқа, академиялық сауаттылық негізінде практикалық
әрекетке
дайындау,
соның
нәтижесінде
өздерінің
тұжырымын
жасау
мен
қалыптастырудымеңгерту – қазіргі өзекті мәселе болып қала бермек.
Тірек сөздер: ұлттық тіл, меңгерту талаптары, мәдениет көрсеткіші, іскерлік
қарым-қатынас, академиялық сауаттылық, стратегиялық басымдық.
Аннотация
168
В данной статье говорится о значимости обучения учащихся качественным
характеристикам национального языка, а также автор дает описание национальной
специфики государственного языка. Автором отмечается тот факт, что при обучении языку
необходимо не только дать знания будущему специалисту, но и обучить его академической
грамотности. В этой связи, помимо ознакомления с теорией языка, актуальной становится и
подготовка учащихся к практическим действиям, к формированию правильных и
умозаключений.
Ключевые слова: национальный язык, требованию к освоению, культурный
показатель, деловое общение, академическая грамотность, стратегические приоритеты.
Summary
This article refers to the importance of teaching students the quality characteristics of the
national language, as well as the author gives a description of the national specificity of the state
language. The author notes the fact that language learning is necessary not only to educate the future
specialist, but also to teach him the academic literacy. In this regard, in addition to familiar with the
theory of language, is becoming urgent to prepare students to action, to the formation of correct and
reasoning.
Keywords: national language, requirement development, cultural indicators, business
communication, academic literacy, strategic priorities.
Қазіргі уақытта біздің елімізде жоғары оқу орындары үшін оқыту технологияларын
ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра зерттеу - өз нәтижесін көрсете білген іргелі
салаға айналды. Студенттердің жоғары оқу орнында заманауи оқыту әдістері бойынша білім
алуы – олардың іскер, мемлекеттік тілді сауатты, мәдениетті және жетік білуіне бастар бағыты
болуда. Қазақ тілін жүйелі, жан-жақты оқытудың бір көрсеткіші – тілдік қарым-қатынасты
меңгерту.Ғалым Ф.Ш.Оразбаева тілдік қарым-қатынастың бүгінгі таңдағы орны туралы айта
келіп, оның өзіндік ерекшелігін былайша саралайды: «Тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы
ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры
тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-
әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар
қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді» [1, 178]. Осыдан-ақ байқағанымыздай, тілдік
қатынас тек сөйлесу ғана емес, оның түрлі аспектіде жүзеге асуы.
Ғалым-әдіскер К.Жақсылықова жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін
модульмен оқыту жайлы жазылған зерттеу жұмысында: «Модульмен оқыту жайындағы
түсінігімізді тағы былай толықтыруымызға болады. Біздің ойымызша, модульмен оқыту ішіне
оқытушы, оқушы және оларды біріктіретін оқу ұжымының дербес даму сипаттамасы да енуі
тиіс. Яғни, оқу үрдісінде әрекет жасаушы екі жақтың (оқытушы мен оқушы) танымдық және
тұлғалық деңгейінің жетілуіне, жандануына мүмкіндік жасайтын оқытуды модульмен оқыту
жүйесі деп атау керек» [2, 70]. Бұл зерттеуші модульдік оқытудың ұстанымдары, модуль
бағдарламасы, модульмен оқыту мазмұнын сұрыптау және оны ұйымдастыру т.б. мәселелерді
ғылыми
тұрғыда
қарастырып,
тілді
оқытуда
модульді
қолдану
әдістемесінің
артықшылықтарын саралайды. Педагогика ғылымдарының докторы З.Бейсенбаева тіл білімінің
бір саласы сөзжасамды модульдік технология негізінде оқытуды дәлелдей отырып: «Модульдік
оқыту технологиясының мақсаты – білім бағдарламасының мазмұнын іске асыруға жағдай
жасау; іріленген блок-модуль түріндегі оқу единицаларын игеру арқылы кешенді
дидактикалық міндетті орындау. Модуль – нақты мақсатқа құрылған оқу элементтерінен
тұратын модуль бағдарламасының дербес дидактикалық бірлігі. Оқу элементтері – жеке
мақсатты іске асырудағы оқу материалының дидактикалық бірлігі» деп қорытынды жасайды
[3, 106]. Қазақ гуманитарлық заң университетінде белсенді қолға алынып жүрген модульдік
оқыту жүйесі академиялық сауаттылық саласында да жақсы нәтиже беруде.
Тілдік қарым-қатынасты меңгеру деп сөзді орнымен жұмсау шеберлігін, адамдардың
бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауын айтуға болады. Жоғары оқу орнында оқитын
студенттерге қазақ тілінің тілдік қарым-қатынасын әрі ғылым ретінде, әрі практикалық тұрғыда
169
меңгерту, яғни академиялық сауаттылық негізінде дағдыландыру – мазмұнды, танымды,
біліктілікті артыратын әрі қызықты үдеріс. Лингвистикалық талдаулар негізінде академиялық
сауаттылық берілетін білім мазмұнының көлемін, ұғымдар жүйесін, оларды толық меңгеруге
мүмкіндік беретін теориялық мәліметтер мен дағдыландыратын практикалық жаттығулар
арқылы жүйеленеді. Ол үшін алдымен, студенттердің тілдік құзіреттілігін (қатысымын)
жетілдіру қажет. Қатысым дегеніміз – әрекет. Оның ұйымдастыру амалдары мен нұсқасы
болады. Қатысымдық әрекеттің негізінде сөйлеу және жазу нұсқаларына байланысты тілдік
құралдар анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде қарым-қатынас құралдарын сөйлеудің екі
нұсқасымен байланысты нақтылайды. «Олар: ауызша және жазбаша. Ал бұлардың
әрқайсысына тән икемділіктері мен дағдылары, қарым-қатынас әрекетінің құралдары,
сөйлеудің бұл нұсқаларын игерудің өзіндік жолдары бар». [4, 28]. Оқығанын жүйелеп, ғылыми
бағытта дұрыс қолдана білуге жетелейтін академиялық сауаттылықты дамытуда дағдылар
төмендегідей бағытпен жүзеге асады: 1. Лексикалық дағдысын қалыптастыру; 2.
Грамматикалық дағдысын қалыптастыру.
Академиялық сауаттылық – студенттің әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуіне, тіл
мәдениетін меңгеруіне, өз ойын мәнерлі де түсінікті жеткізе білуіне, ғылыми жұмыстарға
қойылатын талаптарды басшылыққа алуды, жазылымның түлді үлгілерін сауатты игеруге
баулитын сала. Бұл бағытқа іскерлік әңгімелер, іскерлік келіссөздер, іскерлік ойындар,
мәселелік жағдаяттарды шешуді де жатқызуға болады. Орындалатын мұндай жұмыстар
студенттердің шығармашылық белсенділігін туғызады, білім алудың жолдарын іздестіруге
мәжбүрлейді. Осы орайда оқытушы мен студенттің өзара сыйластық, ынтымақтастық,
ықыластылық қасиеттері болуы шарт екендігін атап өткіміз келеді. Көрсетілген ұстанымдарды
негізге алатын болса, білім алушылардың академиялық сауаттылық барысында мынандай
дағдыларға ие болуы қажеттілігі туындайды: түрлі пікірсайыстар кезінде шешен сөйлей білуі,
жазылым жұмыстары кезінде өз алдына мақсат қоя алуы, ойды жоспарлай білу, ой
ұшқырлығын дамыта алу, өзінің шығармашылық қабілетін дер кезінде көрсете білулері. Бұл
талаптарды студенттердің жазылым құзіреттілігі арқылы тексеруге болады. Академиялық
жазылымды шағын көлемді талдау десек те болады. Сын және публицистика жанры, қандай да
болмасын проблеманың еркін трактовкасын талқылау да академиялық сауаттылықты
көрсететін белгілер. Бұның мақсаты – кез келген аргументтер келтіріп ұсынылған тақырыпты
жан-жақты көрсету. Жазылым көп идеяны қамтымайды. Егер жазылымның бір бөлігі ретінде
эссені алсақ, ол тек қана ойдың бір ғана нұсқасын бейнелейді және оны дамытады. Эссе жазу
барысында қойылған сұраққа нақты жауап беруге тырысу қажет және тақырыптан ауытқымауы
керек. Эссе қатаң түрде жеке жазылады, бұл жұмысты бірігіп жазуға болмайды.
Эссе нақты сұрақ бойынша жеке әсерді және пікірді бейнелейді және нәрсенің
анықтаушы немесе жан-жақты трактовкасына үміттенбейді. Ереже бойынша эссе бір нәрсе
туралы жаңа, субъективтік боялған сөзді долбарлайды және философиялық, тарихи-
биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік, беллетристикалық сипатта
болады. Эссенің мақсаты өзіндік шығармашылық ойлау және өз ойларын жазбаша мазмұндау
дағдысын дамыту. Эссе жазу өте пайдалы, ол авторға ойды айқын және сауатты
тұжырымдауға, ақпаратты құрылымдауға, талдаудың негізгі категорияларын пайдалануға,
себеп-салдарлық байланыстарды ажыратуға, түсініктерді сәйкесті мысалдармен безендіруге, өз
тұжырымын дәлелдеуге, ғылыми стильді меңгеруге көмектеседі. Орыс ғалымдарында да
академиялық жазылым бойынша бірдей ұстаным бар екенін көреміз: «Требования,
предъявляемые к качеству письменных работ студентов высших учебных заведений,
отличаются от аналогичных требований,предъявляемых в школе. Студентам необходимо уметь
размышлять, ясно излагать свои мысли, формулировать выводы, конструировать параграфы,
связанные между собой и фокусирующиеся на предмете исследования, готовить интересные и
аргументированные тезисы, и т.д. Участвуя в написании различных видов письменных работ
[5, 109].
Академиялық сауаттылықтағы жазылым бойынша қойылған проблеманың мәнін
айқын мазмұндау, қағиданы және аналитикалық талдауларды пән шеңберінде қарастыру, өзі
жүргізген
талдауын
енгізу,
қойылған
проблема
бойынша
ұстанымын
қорытатын
170
тұжырымдарды кіргізу талаптарын орындау қажет. Пәннің ерекшелігіне байланысты жазылым
нысаны сараланып жіктелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда бұл зерделенетін проблема бойынша
статистикалық бар мәліметтерді талдау, жаппай ақпарат құралдарының материалдарын талдау
және зерделенетін модельдерді қолдана отырып ұсынылған тапсырманы нақты талқылау,
проблеманы бейнелейтін мысалдарды іріктеу және нақты талдау да жатады. Жазылым
бойынша талап етілетін негізгі шарттар мыналар:
Жазылым құрылысы – бұл сұраққа жауап беру немесе дәлелдердің классикалық
жүйесіне негізделген тақырыптарды ашу.
1.Титул беті (бірыңғай үлгі бойынша толтырылады)
2. Кіріспе – берілген тақырыпты талдаудың мәні мен негіздемесі, бір- бірімен логикалық және
стилистикалық байланысты сөйлем оралымдарының қатарынан тұрады. Бұл сатыда студент
зерттеу жұмысының барысында жауап алғысы келетін сұрақты дұрыс тұжырымдай білуі керек.
Жұмыста қарастырылатын мәселенің ең маңыздысын және негізгі терминдерге қысқаша
анықтама беру керек. Анықтамалардың санын аса көп болғаны дұрыс емес. Кіріспеде
тақырыптың маңыздылығы мен жаңалығы, аталмыш жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен байланысы көрсетілуі қажет, сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, нысаны мен
пәні, міндеттері, олардың жалпы ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын орындаудағы
орны, әдіснамалық базасы, қорғауға шығарылатын ережелері келтірілуі тиіс.
3. Негізгі бөлім – таңдап алынған проблеманың теориялық негіздері және негізгі сұрақты
баяндау. Бұл бөлім дәлелдеу мен талдаудың дамуын қарастырады, сонымен қатар бұл мәселе
бойынша бар мәліметтерден, басқа да дәлелдер мен көзқарастардан өзге негіздемелерді
қамтиды. Бұл сұрақ бойынша көзқарастар алынған мәліметтер және басқа аргументтерге
сүйеніп, студенттің өз талдауымен негіздеуді талап етеді. Ұсынылған талдаудың өзіндік
құрылымы болуы тиіс. Негізгі бөлімде мәліметтерді пайдаланып отырып, білім алушы
талдауларды қисынды негіздеу керек. Өзі оқымаған, білмейтін әдебиетке сүйенбеу қажет.
Мәліметтерді дұрыс пайдаланбау, соның ішінде артық қорытындылау жұмыс сапасын
төмендетеді. Қайталамауға тырысу қажет. Анық, қысқаша, нақты жазылуы керек. Жұмыстың
тарауларын құрылымды нақтылап көрсету, материалды логикалық қисанды етіп жазуға
дағдылана білген абзал. Жазылым жұмыстарының негізгі маңызы осымен түсіндіріледі және
осы
басты
қиындықты
туғызады.
Сондықтан
дәлелдеулерді
жүзеге
асырылатын
тақырыпшалардың болуы аса маңызды; осы тұста ұсынылатын дәлелдеуді, талдауды негізге
алу қажет. Қажет болған жағдайда суреттерді, кескіндемелерді, диаграммаларды және
кестелерді пайдалануға болады. Зерттеу бағытының негіздемесі, міндеттерді шешу әдістері мен
олардың салыстырмалы бағасы, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің таңдалған жалпы
әдістемесінің суреттемесі енетін зерттеу бағытының таңдауы да осы бөлімде көрініс табуы
керек.
Кез келген жазба жұмысын құрудың жақсы тәсілі – дәйектелетін мазмұндаманың
шешуші мезетін белгілеу үшін тақырыпшаларды қолдану; бұл жасалуға тиісті нәрсені көруге
көмектеседі (және сұраққа жауап береді). Мұндай көзқарас көрсетілген зерттеудің айқын
мақсатын анықтауға септігін тигізеді. Тақырыпшаларды тиімді қолдану – жауап беру қажетті
негізгі пункттерді белгілеу ғана емес. Олардың бірізділігі тақырыпты ашуда қисынның барын
немесе жоғын куәландыра алады.
4.
Қорытынды – тақырыптың қолданылу саласын көрсету арқылы ол бойынша қорыту
және дәйектелген тұжырымдар. Академиялық сауаттылықтың жазылым саласы жазба
жұмыстар бойынша қорытады немесе тағы да түсініктер енгізеді, негізгі бөлімде
баяндалғандарды бекітеді. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау,
безендіру, бекітуді әсерлейтін дәйексөз. Жұмыстан шығатын қажетті қорытынды болуы қажет.
Тақырыптың әрі қарай даму бағыттарын көрсету де маңызды. Қорытынды басқа
проблемалармен өзара байланыс арқылы зерттеуде қолдануға нұсқауды толықтыратын өте
маңызды элементтен тұруы мүмкін.
Академиялық жазылымға қалай дайындау қажет? Бұл өзара байланысты үш құрамдас
бөліктен тұрады:
171
- Қолданылатын бастапқы материал (оқылған әдебиеттерден конспектілер, дәрістер, пікірсайыс
қорытындысының жазбалары, өз пікірлері және көрсетілген проблема бойынша жинақталған
тәжірибелер);
- Қолда бар бастапқы материалды өңдеу сапасы (оны ұйымдастыру, дәлелдеулер мен
дәлелдемелер);
- Дәлелдеу (тақырыпта көрсетілген проблемалармен қатыстылығы);
Жазу кезеңін бірнеше сатыға бөлуге болады: ойлану – жоспарлау – жазу – тексеру – түзету.
Жоспарлау – мақсатты, негізгі идеяларды, ақпарат көздерін, жұмысты аяқтау және
ұсыну мерзімдерін анықтау. Мақсат қоя отырып, іс-қимылды айқындау қажет. Идеялар мақсат
секілді нақты және жалпы бола алады. Ойлар, көзқарастар мен ұсыныстар, ұқсастықтар,
болжам жасау, талқылаулар, дәлелдер, дәлелдемелер және т.б. түрінде бейнеленуі мүмкін. Ол
үшін:
- Тақырыпты өз ойы және өз сөзі арқылы (оқулықтан көшірмей) толық аша білуі;
- Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуы;
- Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөздікке жол бермеу;
- Тақырып бойынша қарастырылатын мәселені өзі ғана емес, басқаларға да түсінікті
болатындай оралымды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
- Шығарманың барлық бөлімдерінің бір-бірімен тақырып, негізгі ой арқылы шебер
байланысуы;
- Шығарманың кіріспе мен қорытынды бөлімдері қоса алғанда тұтас жұмыстың ¼ бөлігіндей
болуы қажет;
- Міндетті түрде жоспар болуы және шығарма мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі
баяндауы қажет.
Бұндай жазу жұмыстарын тексергенде оқытушылар тарапынан бағалау өлшемдері
«критерийлері» міндетті түрде болғаны жөн. Бағалаудағы балл қою шарттары деп біз өз
тарапымыздан мыналарды атап көрсетер едік:
Студент қажетті материалды терең ұғынып, жақсы түсінуі, оны тақырыпты ашу үшін дұрыс
қолдана білуі керек;
- Берілген тақырыпқа толық әрі нақты жауап беруі;
- Мәселені өзіндік ой-пікір тұрғысында дұрыс талдай білуі;
- Ойын жүйелі желімен жазуға төселуі;
- Тілі бай әрі әдеби тіл нормаларына сай болуы;
- Жазылым жұмысының құрылысы ой жүйесіне сай шебер қиысса және стиль бірлігі сақталуы;
- Фактілік қателер болмай, сөзді орынды қолдана білсе;
- Қорытынды пікірі орынды, тиянақты болуы қажет.
Жазба жұмысын тексергенде қателерді түрлі шартты белгілер арқылы көрсетудің өзіндік бір
жүйесі бар. Олар:
/- емле қатесі белгіленеді.
V- тыныс белгісінен кеткен қате.
Z- абзац керек деген белгі.
Z- артық қойылған абзац.
?- дүдамал, екі ұшты, «осы сөйлемді ойлан» деген белгі.
?!- пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.
!- «осы жерге ерекше көңіл аудар» деген белгі.
~~ - ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.
---_ стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, «жөндеп жазу керек» деген белгі.
...- сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.
Әрине, осы белгілерді қойып, студент дәптерін қайтаруға болмайды, оқытушы осы жұмыс
жөнінде рецензия жазса, оның беретін әсері өте мол.
Сондықтан жазба жұмыстарындағы кемшіліктерді жою үшін, студенттердің осы
шартты белгілерді жақсы білулері қажет. Ол үшін оқытушы осы шартты білім алушыларға
таныстырғаны дұрыс. Сонда бұлар студент жадында қалады, әрі екі жаққа да өте қолайлы. Бұл
172
тәсіл өз кезегінде оқытушы уақытын үнемдейді. Дегенмен ұстаз тарапынан жазба
жұмысындағы кемшіліктерді жазып көрсетудің де ұтымды тұсы бар.
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Тізімде жұмысты жазу кезінде пайдаланылған әдебиет
көздері туралы мәліметтер болуы қажет. Бұлардан басқа түрлі қосымшалар, иллюстративті
мәліметтер де беруге болады.
Қазақ гуманитарлық заң университетінде ұстаздық қызмет ете жүріп, мемлекеттік
тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өз үлесімізді қосып келе жатқанымызды мақтан тұтамын.
Академиялық сауаттылық курсының қазіргі студент – келешек маманға берері көп екендігіне
нақты дәлелдер жетерлік.
Оқу жылының алғашқы бөлігінде ғылыми жұмыстарға, жазылым түрлеріне
дағдыланатын студенттер университеттің жоғары курсына барғанда курстық жұмыс,
дипломдық жұмыс, тіпті ары қарай магистрік зерттеу жұмысын жазу барысында өз шеберлігін
көрсете алады. Бірінші курстан-ақ академиялық сауаттылыққа төселген білім алушылардың
қазіргі білім жүйесіндегі ұтымды тәсілдерді меңгеруі өз жемісін беріп жатқанына куә
болудамыз. Тілді терең меңгертудің осындай оңтайлы бағыты біз қызмет ететін жоғары оқу
орнында қолданысқа енуі оқытушылар тарапынан қызу қолдау таба білді.
Достарыңызбен бөлісу: |