Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Тілепов Ж. Байбатыр Ержанов // «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (Қазан
төңекрісіне дейінгі дәуір). Алматы: Ғылым, 1994. 233-238 беттер;
2.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 6-том. Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. –230 бет.
3.
Ержанов Б. «Тұр, қазақ!» (екінші басылуы), Қазан, 1914 ж., Домбровский баспаханасы.
4.
Ержанов Б. «Оқуға махаббат», Қазан, 1912., Домбровский баспаханасы.
ӘОЖ 811.512.122'25
А.Н. Мукушева, Н.Н. Исақ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ АУДАРМА МӘСЕЛЕСІ
Аңдатпа
Қазіргі таңдағы аударма мәселесі әлі де өз деңгейіне, өзінің нақтылы бір межелеген
биігіне жетпей тұрғаны баршаға аян. Кейбір терминдер аударылмай сол қалпында беріліп,
ғылыми тілде және ауызекі тілде де қаз қалпында қолданылады. Орыс тілінде ұзақ
дайындалған құжаттың қазақ тіліне аударылу барысында сөздердің ретсіз қолданылуы,
түсіріліп, не болмаса мағынасынан алшақ басқа сөздермен ауыстырылып, бұрмалануынан
қателіктердің бастамасына жол берілуде. Осы ретте аударма мәселесі әлі де зерттеуді
қажет ететін сала екендігін айта кеткен жөн.
Тірек сөздер: аударма, профессор, әдеби тіл, ғылыми тіл, көркем шығарма, ауызекі
сөйлеу, термин.
Аннотация
В данной статье рассматривается актуальная в настоящее время проблема
качественного выполнения перевода. Наряду с этим автор анализирует состояние
непереводимости и транслитерации терминов научной и устной речи.
Ключевые слова: перевод, литературный язык, научный язык, художественное
произведение, устная речь, термин.
Summary
This article discusses the current now the problem of quality of the translation. In addition,
the author analyzes the state of untranslatable and transliteration terms of scientific speech and
spoken language.
Key words: translation, literary language, scientific language, art, spoken word, term.
Қашанда әдеби-тарихи үдерісте аударманың өзіндік орнының бар екендігі баршаға
мәлім. Аударма – мәдениетте де, өнерде және басқа да көптеген ғылым салаларында да өзіндік
орнын айқындауда үнемі жаңарып, қайтадан пайда болып отыру мүмкіншілігі бар ерекше
шығармашылық әрекет. Аударма – тілдегі сөздерді қайта қарастыруда, тіліңді байытудың, өз
тіліңнің көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы.
Басқа ұлттық аударма мектептерін салыстыра қарастырғанда, қазақ аударма мектебінің
қалыптасып, жеке отау тіккеніне аса ұзақ уақыттың болмағандығы баршаға аян. ХІХ ғасырдың
ІІ жартысында Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаев сынды қазақтың ұлы ойшылдары алғашқы
аударма әдебиеттің үлгілерін әкелсе, бұл үрдісті ХХ ғасырдың ойшылдары жалғастырды [1, 4 ].
Қазіргі таңда А.Байтұрсынов аударып кеткен (Мысалы: ымыралы дыбыстар -
индифферентные звуки т.б.) басым көпшілігі қолданысқа ие.
...Аудармаға немістер, ағылшындар, орыстар да өте қатты мән берген. Канттың «Критика
чистого разума» атты еңбегін орыс тіліне аударғаны үшін Шпет деген кісіге «профессор» атағы
берілген. Шпет тек аударманы жасағаны үшін осы атақа ие болған. Көркем шығармада бір
194
сөздің орнына бір сөз ауысып жатса немесе басқаша жазылып жатса, онда тұрған ештеңе жоқ.
Тек қана оның ойын, көркемдігін бере алатын болса болғаны, тіпті, сондай аударма жақсы, оны
«түрлендіру» дейді. Ал, енді заңды аударған уақытта әрбір үтір, әрбір сөз есепте болады, заң
мәтініне әсемдіктің, шешендіктің керегі жоқ. Заң мәтіні нақты және дәл болуы керек.
Бүгінгі таңда дамыған, марқайған, кемеліне келген, ұлттық әдеби тілдердің көп
белгілерінің бірі – сол тілдердің қалыптасуы болып саналады. Осы тұрғыдан алып қарағанда
жан-жақты дамып отырған қазақ әдеби тілінің қызметте және ауызекі сөйлеу қолданыс
аясында атқаратын орны ерекше.
Ойымызды нақтырақ, түсінікті болу үшін «әдеби тіл» мен «ғылым тілінің»
қалыптасуының ара жігіне тоқтала кеткенді жөн санадық.
Мұндағы, әдеби тіл деп отырғанымыз, әдетте көркем шығармада кездесетін, мақал-
мәтелдетіп, сөзге салмақ саларлық түйінді оймен әсерлі эмоцияны жеткізуде қанатты
сөздермен берілетін тіл.
Ғылым тілі деп бір салаға қатысты сол бағытқа тәне ғылыми атаулары бар жалпы
ғылыми стильде жазылған тілді айтуға болады. Аталған стиль ауызекі сөйлеуде аз кездесіп,
көбіне ресми құжаттарда қолданылады. Қазіргі кезде ресми бекітіліп, аударылған сөздердің
қолданыста аз кездесуі байқалып жүр. Осы ретте мысалы: «әуіт», «қылтима», «шаптырма»,
«желі», «қысқа толқынды пеш», «кешен» және т.б. сөздерді тілге тиек етуге болады.
Сөз тіркестерінің орынсыз қолданылып, сөйлемнің дұрыс құрылмауы – басты қателік
екенін ескере кетсек, әдетте журналистер, не аудармашы мәтініндегі бір сөзге қазақ сөзін
балама түрінде алып, мағынасы үйлесе ме, үйлеспей ме, оған мән бермей, қолданып
жүргендігін бұқаралық ақпараттар құралынан көріп те, естіп те жүрміз. Мысалы,
«осуществить» деген орыс сөзін – «іс жүзіне асыру» делініп жиі қолданылады. Бұл ретте,
әрбір сөздің мәтіндегі атқаратын қызметін түсініп, контекстік мағынасына дәлдеп қолдануды
білу міндет.
П.П.Бажов: «Басты қиындық – мағынаға сай келетін сөз табу. Бәрібір жайшылықта
сөйлеп, әрі дағдылы әдеби тілде жазғаныңмен, халықтың сөйлеу тіліне ауысу оңайлықпен келе
қоймайды... Екінші қиындық - оқырман үшін болашақта мүлдем жаңа делінген мәнерлі
сөздерді тауып қолдану» деп оны іздеуде сөздікке сүйенбей, санадағы дағдылы, толық түсінікті
сөздерге зер салуды ұйғарады [2].
Бірақ халық сөздердің аудармасын білсе де, ауызекі сөйлеуде яғни қолданыста сол
сөздерді өте сирек қолданады, тіпті қолданбай бұрынғы өзге тілден енген қалыптасқан
нұсқасында қолданатыны белгілі. Өйткені тілімізде: «Мен әуітке бара жатырмын» дегенді
естісек те, алғашында «әуіт деген не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Осы ретте біз балама
түрде: «Мен бассейнге бара жатырмын» деген сөзді естігенде бірден еш сұрақ туындамай
бізге түсінікті болатыны белгілі. Сол секілді: «Сені шаптырма жанында күтемін» дегенен
гөрі, «Сені фонтан жанында күтемін» деген сөзбен салыстырмалы түрде қарап сауалнама
жүргізсек, халықтың 98 пайызы «фонтан» деп атайды, қалған 2 пайызы басқа балама сөздерді
қолданады екен. Сондықтан, қазақ тілінде таза сөйлейтін тіл жанашырлары диалог арасында да
қазіргі қолданысқа еніп жатқан сөздердің тура аудармасын қолданады деп нық сеніммен айта
алмаймыз.
Жазу өнерінде, аударма шығармашылығында әр сөзді орнымен жүйелі қолдану – аса
ұқыпты, жауапты, маңызды жұмыс. Сөздің мәтін ішіндегі қолданылу мәнін, үйлесімділігін
анықтаумен бірге, оның басқа сөздермен, сөз тіркесімен байланысын, мағыналық рөлін,
мазмұндаудағы құрылымдық жүйесін, эстетикасы мен этикасын біліп қолдану қажет.
Аудармашыға бай сөздік қордан бөлек, алуан сипатты, мағынасы дәл сөздік те өзінің елеулі
көмегін тигізеді. Сонан кейін тәжірибелі аудармашылардың, тіл мамандарының ақыл-кеңесіне
мән берген дұрыс. Белгілі бір саладағы кітаптарды, еңбектерді оқудан бөлек көтерілген
мәселеге орай басқа да шығармалармен танысу артық етпес. Сөз өнерінің айтулы
шеберлерінен, классиктерден үйренер нәрселер мол. Олардың сөз саптау тәсілінен, сөйлем
құрау үлгісінен, мәтінді мәнерлі, бейнелі жеткізу шеберлігінен үлкен тағылым алуға болады.
Көпсөзділік сөйлем мағынасын күшейте алмайды. Керісінше мәтінде не айтылғанын түсінуге
қиындық туғызады.
195
Осы ретте, аударма жайлы сөз қозғағандықтан, оның түрлеріне де тоқтала кеткенді
жөн санадық.
Аударма түрлері:
1.Тыңдай отырып аудару. Аудармашы шешеннің тыңдаушы арқылы келіп түскен ақпаратты
аудару;
2. Қағазға қарап отырып, сөздің жазбаша мәтінін алып аудару.
3. Арасында түсініктеме жасайтын сөзіне түсініктемелерді қоса аударма жасау.
4.Аудармашы шешеннің тілін білмейтін кезде аралық аудармашының көмегімен аударма
жасау.
5. Оқылған баяндаманы тыңдау арқылы аудару.
Қазақша-орысша аударма жасауда түрлі салаларға қатысты терминдерді, тілдің ұлттық
айшығын терең түсінбейтін мамандардың аударма жасауында мынандай мысалдар бар:
Сөйленген сөз: Қазір ауылдағы халық барымен базардың күнін кешіп отыр. Бизнес жасау
қолдан келмейді, кетейін десе-барар жер, басар тау жоқ.
Аударма: Сейчас народ в ауле живет благодаря базару. Бизнесом заниматься не могут, хотели
бы уйти-нет земли и гор где можно жить.
Мұндағы: «барымен базар», «благодаря базару» деп аударылса, «барар жер», «басар
тау» тіркестері «земли и гор где можно жить» деп алынған. Яғни, тура мағынасында
аударылмай, сөз бен сөздің байланысуынан туған.
Жоғарыда берілген мысалдар негізінде біз екі тілді де жетік білмейінше аударманы
оңтайлы жүргізе алмаймыз. Бұл деген аударма саласында берілген ойды талай бұрмалап,
автордың айтайын деген ойын дұрыс жеткізбеуге, яғни, сауатсыз аудармаға әкеп
соғатындығын білдіреді. Осы ретте, 2010 жылғы 13 қаңтарда «Заң газетінің» 4-бетінде жарық
көрген мақалада Т. Ахметжан: «Құжаттардың қазақ тілінде сөйлейтін уақыты жетті» - деп дөп
басып жазған.
Орыс тілінен ұлт тілімізге аудару оңай, түсіну жеңіл. Себебі, ертеден етене араласқан
халықтар бір-бірінің тұрмыс – тіршілігімен, салт – дәстүрін меңгеріп, тұрмыстық тілдегі
сөздерді өз тілдеріне лайықтап аудармасын да келтіріп алған. Аталған мәселені кеңірек
көлемде қарасақ, халықаралық терминдер жайында олай деп айтуға болмайды. Мәселен:
«коммунизм», «телеграмма», «локомобиль» және т.б. сөздердің көбі негізінен аударылмай
алынады. Ойымызды көркем әдебиеттен алынған мысалдармен жеткізсек. Бұған дәлел ретінде
Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романынан үзінділер келтірсек. «Телеграмманы жазып, треске
келіп жөнелтті де, бөгелмей қайта шықты» [4, 12 ]. «Ыстық күнде жебелей басып бара жатып,
секретарь берген». «Социализм мен надандық бір қазанға сыймайды» [4, 91]. «Партия,
профсоюз, совет, комсомол ұйымдары құрылғаннан кейінгі бюроның бұл маңызды мәжілісі»
[4, 86]. «Алайда «партия, совет» деген сөздер бәріне түсінікті» [4, 7]. «Самодеятельность» [4,
93] «–Білем, білем, қазір десятник анау баракта тұрады» [4, 23]. «-Станцияға тартыңыз!-деді»
[4, 13]. Міне, берілген мысалдарда кездесетін кірме сөздердің мағынасын біз ешбір сөздіксіз-ақ
түсіне аламыз.
Осы ретте, сөйлеу тілінде жартылай калька болып қалған, яғни жартылай аударылған
сөздерді тілімізде әлі де кездестіреміз. Бұған мысал келтірсек: «сыртқы заем» - «внешние
заемы», «ішкі рынок» - «внутренний рынок», «қорытынды баланс» - «заключительный
баланс», «активное» - «активті», «пластическое» - «пластикалық» және т.б. Біз мұндай
жартылай аудармасы бар сөздерді қолданып, сөздік қорымызды байытамыз деп айту қиын.
Қазіргі таңда аудармашыларымыздың тіліміздегі сөздерді аударып, бірізділікке,
жүйелілікке түсіруде қосып жүрген үлестері көп. Аударма мәселесі күнделікті қолданыста да,
бүгінде өзге тілдерден аударылып жатқан көркем шығармаларда да көрініс тауып, өз қызметін
атқаруда. Мәселен: «Алым» - «подать», «пайда» - «прибыл»,«қайта құру» - «перестройка»,
«стоимость» - «қосымша құн», «торговая прибыль» - «сауда пайдасы»,«удешевление» -
«арзандату», «удорожание» – «қымбаттату», «внутри», «между» - «іш», «ара», «посылка» -
«аманат бұйым», «простое письмо» - «әншейін хат», «отделение» - «бөлімше», «публичный» -
«көпшілік», «қауым», «посвящение» - «арнау», «сплошное» – «тұтас», «молозиво» – «уыз» деп
аударылып келеді.
196
Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдерді аудару мәселесіне кеңірек тоқмалсақ. Мысалы:
«алтын шаю» (золотопромывания), «aтпa» (извержение), «желі» (жила), «теміртас»
(железняк), «құмтөбе» (дюра), «алыс өлшем» (дальномер), «керегетас» (горсть), «сөппе»
(вкрапленность), «шөктіру» (усаждение), «шөгінділер» (осадки) деп аударылған. Осы ретте,
« Қазақ тілі аударма тілге айналып бара жатыр ма?» деген сұрақ көкейімізде туындауы хақ.
Ол, рас. Себебі, аудармашылардың көбі өздеріндегі сөздік қордан гөрі сөздіктегі дайын
тұрған сөзді пайдалана салады. Содан барып, стандартты аудару пайда болады. Айталық,
Астанадағы хабарлама – жарнамалардың қазақша – орысша аудармаларын көріп, жаныңыз
қынжылып қалатын кездер де аз болмайды. Заң жүзінен қарағанда аудармашы сөздіктегі бар
нәрсені аударып берді. Бірақ ол қазақша емес. Негізі, мәтінді түсініп алып, қазақшаға аудару
қажет. Ол үшін сөздік қорды, актив сөздерді көбейту керек. Жапондардың зерттеуінше,
айтылған кез келген мәтіннің 93 пайызын түсіну үшін 6000 сөз, 96 пайызын түсіну үшін 10 000
сөз білу қажет екен. Ал, біздегі қазақша білетін адамдардың сөздік қоры 500-600 сөзден
аспайды.
Тілімізде көнерген сөздердің мағыналарын қарастырып, терминдік мағына жүктеп,
жаңартып, тіл қажетіне жарату аса құптарлық іс. Оған көбіне «жасақ», «шеру», «сарбаз»,
«түмен» және т.б. әскери атаулардың терминдік мағынада қолданылып жүргендігі дәлел бола
алады. Осы сияқты кез келген жаңа қолданыс өмірге келгеннен кейін пайдаланылмаса жаңа
лексема болудан қалады. Мысалы, «фонтан» сөзін «шаптырма»,«балкон» сөзін «салбырауық»
деп аударудың аса зор пайдасы болады деп есептей алмаймыз. Жаңа лексемада бұларды
қолданып жүрген адамдарды кездестіре алмай жүрміз. Сол сияқты кейбір сөздіктерде
кездесетін «биография» – «өмірнама»,«творчество» – «өнернама»,«спонсор» – «қолданушы»,
«музей» – «ескіхана» секілді сөздердің халыққа етене таныс болып кеткен, «өмірбаян»,
«шығармашылық», «демеуші», «мұражай» деген сияқты баламалары да бар екендігі даусыз.
Сонымен қатар, көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен баламалары бола
тұра бұрынғы нұсқаны жарыса қолданылып жүргендері бар. Мысалы, «несие» (кредит),
«біліктілік» (компетентность), «көлік» (транспорт), «түйін» (резюме) т.б. Аударма ісінде
қысқарған сөздерді де қазақшаға аударып, ешбір түсініктеме берместен бас әріптерінен
қысқартып қолдану етек жайып барады, ондай қысқартқанды қазақ тілін жетік білемін деген
адамның өзі түсіне алмасы хақ. Олардың, әсіресе көшелерде ілінетін ірі әріптермен жазылған
жарнама, маңдайшаларда кездесуі қынжыларлық жайт.
Мұндай келеңсіз жағдайларға бір жағынан терминдердің, әсіресе қосарлану, тіркесу
арқылы жасалған түрлерінің жазылу нормасының бірізге түспеуі себеп болса, екінші жағынан
маманның сауатсыздығы, өз ісіне жүрдім-бардым қарауы себеп болады. Мысалы, «обменный
пункт» деген сөз тіркесі екі түрлі қолданумен қоймай қате жазылып жүр. Яғни, бірде «айырбас
пункт» бірде «айырбас орыны» деп берілген. Екінші нұсқасын қалдырғанымызбен, «орыны»
деген сөздің жазылуында дөрекі қатенің жіберілгені өкінішті. Сол сияқты «банк» сөзі
тәуелденіп, бірде – «банкі» болса, бірде – «банкісі» болып жазылып жүр. Осы сияқты жайттар
ұсақ-түйек сияқты көрінгенімен мемлекеттік мәртебе алған тіліміздің беделін түсіретіні сөзсіз
[5].
Елімізде күні бүгінге дейін зерттеуін таппай жүрген мәселелер қаншама? Осы ретте
аударма cаласында әлі де болса қарқынды, қажырлы жұмыстар жүргізілуі керек. Жоғарыда
келтірілген мысалдардан аударма саласындағы басты проблемаларға тоқтала кетуге тырыстық.
Бүгінгі таңда тілімізді байытамыз деп варваризмге жол берілмеуіміз қажет.
Ойымызды қорытындылай келе, қазақтың шұрайлы тілінің салмағын төмендетпей,
барын жоғалтпай, бабалардан жалғасын тауып келе жатқан тіліміздің ертеңін ойлап,
сауатсыздық пен білместікке бой алдырмайық дегіміз келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Л.Дәуренбекова, Қ.Нұрмахановтың жолма жол аудармаға қатысты сын пікірлері, 2010 жыл, 4-бет
2.
Жұмалиева Назым gg-old.otgroup.kz/ru/publication/view/4039 24 сәуір, 2013 жыл
3.
Ахметжан Т. Құжаттардың қазақ тілінде сөйлейтін уақыты жетті, Заң газеті, 2010 жыл, 13 қаңтар,4-
бет.
4 Ғ.Мұстафин, ІІтом Қарағанды «Жазушы» баспасы, Алматы-1982. Құттыбай АХМЕТОВ, «Астана
ақшамы» порталы Астана қаласы
197
УДК 14-35
Нургалиева Жанат Кайролловна
ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ В ОБУЧЕНИИ КАК ОДИН ИЗ ЭФФЕКТИВНЫХ
ПРИНЦИПОВ ПЕДАГОГИКИ
(из опыта преподавания дисциплины «Академическое чтение и письмо»)
Аннотация
В данной статье изложены материалы из собственной педагогической деятельности
преподавателя, указывающие на необходимость следования принципу преемственности в
организации учебно-дидактического материала на семинарских(практических) занятиях, так
как такое систематическое и последовательное предъявление учебного материала будет
способствовать успешному усвоению содержания дисциплины и позволит преподавателям
подготовить студентов в указанные сжатые сроки, - восемь недель, - к написанию научного
проекта, соответствующего стандартным требованиям к такого рода научным работам.
Ключевые слова: преемственность, систематичность, последовательность в
изучении дисциплины, академическое чтение и письмо, семинарские (практические) занятия.
Андатпа
Мақалада семинарсабағында оқу-дидактикалық материалдарды ұйымдастыруда оқытудың
бірізділігінің (сабақтастығының) маңыздылығы көрсетілген; сондықтан, оқытушының жеке
педагогикалық қызметтегі тәжірибесінен алынған материалдар берілген. Себебі,
оқытушылардың оқу материалдарын жүйелі және сабақтастыра ұсынуы – студенттердің
пән мазмұнын сегіз апталық қысқа мерзім ішінде игеруге және ғылыми жобаны талапқа
сәйкес жазуға оң ықпалын тигізеді.
Тiрек сөздер: сабақтастық (бірізділік), жүйелілік, пәнді игерудегі реттілік,
академиялық оқылым және жазылым, семинар (практикалық) сабақтары
Summary
The given article is devoted to considering materials of the pedagogical experience of the
teacher indicating the necessity of adhering to the continuity principle in organizing teaching
materials in seminars / practical lessons because systemic and consistent exposition of the material
will contribute to successful acquisition of the subject content and provide teachers an opportunity to
train students within the set time limit – eight weeks – in preparing a scientific project answering
standard requirements of such scientific works.
Key words: сontinuity, systematic character, consistency in covering the subject, academic
reading and writing, seminars / practical lessons.
Актуальность данной статьи обусловлена пониманием того, что скоротечность (всего
восемь недель) модульной формы обучения и необходимость написания первокурсниками
научной работы в конце модуля требует оптимальной организации семинарских
(практических) занятий для того, чтобы студенты в указанные сжатые сроки усвоили
теоретический материал лекций по дисциплине «Академическое чтение и письмо» и закрепили
его практическими упражнениями и заданиями на семинарах. Поэтому, опираясь на уже
имеющийся опыт преподавания данной дисциплины, мы пришли к выводу, что наиболее
эффективной формой предъявления учебно-дидактического материала на семинарских
занятиях является принцип преемственности в изучении дисциплины в целом.
Как известно, в педагогике принцип преемственности в обучении подразумевает
последовательное предъявление учебного материала студентам по той или иной теме в рамках
той или иной дисциплины: сначала теоретический материал, чаще всего на лекциях, затем
контроль его усвоения и закрепление на семинарских (практических) занятиях [4,5]. Зачастую,
эта простая, традиционная схема не принимается во внимание в обучении, и поэтому, скорее
всего, это и является одной из причин пробелов в знаниях студентов. Поэтому, целью
написания этой статьи явилось желание поделиться с коллегами теми представлениями и
198
методическими наработками, которые в нашем понимании выражают вышеуказанный
педагогический принцип, в действенности которого мы убедились в процессе преподавания
дисциплины «Академическое чтение и письмо» в частности, основное содержание которой
определяется целями и задачами, изложенными в модульной книге «Научная ориентация»;
тематикой учебной программы (силлабуса) дисциплины и теоретическим материалом в
учебно-методическом пособии по изучению дисциплины «Академическое чтение и письмо»
Фатимы Куанышевны Исеновой, разработанном, в свою очередь, в соответствии с
вышеуказанными силлабусом и модульной книгой. Поэтому, характер предъявления и
содержание учебно-дидактического материала на семинарских (практических) занятиях по
дисциплине «Академическое чтение и письмо» соответствовали, прежде всего, принципу
Достарыңызбен бөлісу: |