Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Галкина Т. П. Социология управления: от группы к команде. Москва «Финансы
истатистика» 2001г.
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (әлгері) деңгей. Екінші басылым. Астана, 2014. -
200 б
3. West M.A. Reflexivity and work group effectiveness: A conceptual integration // Handbook of
work group psychology/ Ed. by M.A.West. Chichester, UK: Wiley, 1996. P. 555-579.
4. Журавлев А.Л., Нестик Т.А. Групповая рефлексивность: понимание и основные подходы к
исследованию //Рефлексивные процессы и управление. Международный научно-практический
междисциплинарный журнал. № 1-2 январь - декабрь 2011. 24-33 стр.
5. НайденовМ.И. Групповая рефлексия в решении творческих задач при различной степени
готовности к интеллектуальному труду. Канддисс по психологии. Москва, 1989ж. -157б.
6. Бизяева А.А.Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия. Псков: ПГПИ
им.С. М.Кирова, 2004. - 216 стр.
188
ӘОЖ 894.342
Зекенова Ажар Жарылқасынқызы
АҚЫН БАЙБАТЫР ЕРЖАНҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТІЛДІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕР (ХХ ҒАСЫР БАСЫ)
Аңдатпа
Ғылыми мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ ақыны Байбатыр Ержанұлы
шығармашылығы талданып, тілдік қолданысындағы ерекшеліктер сөз болады. Оның
туындыларындағы араб, парсы кірме сөздерінің қолданылуы мен қазақ сөздерінің
татаршаланып басылуы сол замандағы тілдік қолданыстардан хабардар ете алатыны, соның
нәтижесінде қазақтың сол кездегі тілінің шұбарлануына әкелу себептерінің біріне
айналғандығы анықталған.
Тірек сөздер: ХХ ғасыр басы, қазақ, татар, тілдік қолданыс, әдебиет.
Аннотация
В научной статье исследовано творчество и рассмотрены языковые особенности
произведений казахского поэта начала ХХ века Байбатыра Ержанулы. Выявлено, что
употребление в его творчестве заимствованных араб-персидских слов и издание казахских
слов на татарский лад являются одной из причин нарушения этноязыковой особенности
языка и препятствуют чистоте языка данного периода.
Ключевые слова: начало ХХ века, казах, татар, словоупотребление, литература.
Summary
In the scientific article the creative work and language features of the Kazakh poet’s
work of beginning of the ХХ century of Erzhanuly Baybatura.It is educed, that the use in his work of
the interrelated Arab-Persian words and the edition of the Kazakh words in Tatar way are one of the
reasons of violation of ethnolinguistic features of language to prevent the cleanness of language of
this period.
Key words: the beginning of the ХХ century, Kazakh, Tatar, word use, literature.
ХХ ғасыр басындағы қазақ халқы үшін аумал-төкпелі кезеңдегі әдебиеттің әлі де
ашылмаған сырлары көп. Әр заманның ірілі-ұсақты туындылары мен авторларын сараптау
арқылы заман ауанынан, тіл тарихынан, өзге де этникалық құбылыстардан хабардар болуға
мүмкіндік бар. Кейде, тіпті, көлемді көркем дүниелердің көлеңкесінде қалып қойған
дарындардың көркем дүниелерінен де біршама мәліметтер алуға болады. Сондай
қаламгерлердің бірі Байбатыр Ержанұлы – кезінде өзге көзі ашық, көкірегі ояу зиялылардың
қатарында бола тұра, әдебиет тарихы мінберінен тиісті орнын ала қоймаған дарын.
Б.Ержанұлы туралы 1994 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтынан жарық көрген «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті (Қазан төңкерісіне
дейінгі дәуір)» атты еңбекте ғылыми мақала шыққан. Ғалым Ж.Тілепов «Байбатыр Ержанов»
туралы жазған сипаттама мақаласында ақынның «Тұр, қазақ» (1911 ж.) еңбегін қысқаша талдап
берген [1]. Ал 2006 жылы осы институттан «Қазақ әдебиетінің тарихы» онтомдығының 6-
томында Б.Ержанұлының «Оқуға махаббат» (1912 ж.) атты еңбегі повесть ретінде бағаланып
өткен. Ғалымдар бұл авторды А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабайұлы, т.б. қаламгерлермен бірге
«Халыққа ұлт-азаттық идея тастап, қараңғылықтан шығуға дәнекер болған шығармалар жазған
белгілі ақын-жазушылар, публицистерді М.Дулатовпен қатар»,-қояды
2, 69
.
Б. Ержанұлының өмірі мен шығармашылығы туралы нақты деректер мен мәліметтер
жоқтың қасы. Десек те, ғалым Ж.Тілепов жазушы-журналист, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген
мәдениет қызметкері Сейтен Сауытбеков сөзінің негізінде оны 1895 жылы Солтүстік Қазақстан
облысының Жамбыл ауданында дүниеге келгендігін айтады. Ол өлең туындыларына қоса
«Есентай» атты пьеса да жазған екен. Пьеса қолжазбасы сақталмағанымен, кезінде (1924
жылдары) сахналандырылғаны туралы мәліметтер бар [1, 233]. Оған қоса 1914 жылы «Айқап»
журналының 12-санында «Бозбалаларымыздың түрі» атты фельетон айдарымен әңгімесі
басылған.
189
Осы тұста бір мәселеге қатысты назар аударсақ... Егер ақын нақты 1895 жылы дүниеге
келген болса, онда ол өзінің «Тұр, қазақ!» туындысында көрсетілгендей 1910 жылы осы
кітабын жаза алар ма еді деген заңды сұрақ туындайды. Есептесек, ол – сол туындыны жазған
кезде бар-жоғы 15 жастағы бозбала. Ал еңбектің мазмұны мен мәніне үңілсек, 15 емес,
шашамен 20 жастағы сауатты, көз ашық ақынның қолынан шыққан дүниеге ұқсайды. Тіпті, ол
осы еңбегіне жасы 50-ден асқан, сол кезде қазақ еліне танылып қалған мәшһүр ақын Нұржан
Наушабаевпен жазысқан хаттары мен жауаптарын кіргізген екен. Бұл хаттар Н.Наушабаевтың
«Манзұмат қазақия» еңбегін оқығаннан кейін туындағанын автор кітапта айтып өтеді. Сонда
1904 жылы жарық көрген «Манзұмат қазақияны» 9 жастағы бала оқып шығып, түйсініп, ұғына
отырып, оның авторына хат жазуға жүрегі дауала қояр ма екен? Сірә, олай емес болар...
«Оқуға махаббат» туындысы 1910 жылы 30 қыркүйекте, ал «Тұр, қазақ!» еңбегінің Сөз
бастарында, ұмытпасақ, 1910 жылдың 7 қыркүйегі деген жазу тұрғанына қарағанда екі кітапты
да қысқа мерзімде бірер ай уақыт ішінде жазып біткенге ұқсайды. Дегенмен, алдымен «Тұр,
қазақ», сосын «Оқуға махаббат» жарық көрген. Бұл да ой салатын қызық құбылыс...
Сондықтан, біздіңше, Б.Ержанұлы 1895 жылдары емес, шамамен 1885 яки болмаса 1890
жылдары дүниеге келген азамат болғанға ұқсайды. Десек те, нақты деректер
сақталмағандықтан, бұл жағын бізге жорамалдау ғана қалады... Ақынның өмірбаяны туралы
деректердің бізге жетпеуін Ж.Тілепов оның жас кезінде дүние салғанымен, сондықтан ол
туралы мәліметтердің сақталмағанымен байланыстарады.
Баспасөз бен кітап шығару ісі қолға алынып, өзіндік қарқынмен дами бастаған шақта
жарық көрген «Тұр, қазақ!» кітабы 1911 жылы алғаш рет басылып, 1914 яки 1915 жылы
(өйткені кітаптың мұқабасында 1915 жыл деп көрсетілсе, ішіндегі 1-бетте 1914 жыл деп
жазылған – З.А.) қайтадан екінші рет шығарылған. Ал, «Оқуға махаббат» кітабы сатудағы
жарнамада роман деп көрсетілгендігі бұл еңбектердің заманында-ақ, өз бағасын алғандығын
аңдатса керек. Бар-жоғы 24-ақ жыл өмір сүрген қаламгердің 2 кітап жазып шығаруы мен 1
пьеса, 1 әңгіме жазуын – біршама жұмыс ретінде тануға болады.
Репрессияланған Алаш зиялыларының арасында елдің егемендігіне ұмтылдырған,
рухани азат болуға үндеген күрестің манифесіндей қабылданған М.Дулатұлының «Оян, қазақ»
деген ұранын сол кездегі ел жастары жатқа айтып жүрді. Осы туындыдан кейінгі жерде рухтас,
мазмұндас көптеген дүниелер жарық көрді, баспа бетінде әр қилы пікірлер де айтылды. Сондай
жарық көрген туындының бірі – Б.Ержанұлының «Тұр, қазақ!» кітапшасы. Көркемдігі жағынан
биік деңгейдегі «Оян, қазақ» кітабындай терең мағынада болмағанымен, Байбатырдың
кітапшасы өз заманында бірер ой тудырғаны анық. Өзге ХХ ғасыр басындағы қаламгерлер
сияқты Б.Ержанұлының да көркем туындыларында «М.Дулатов тілінің іздері сайрап жатыр»
деп есептейді ғалымдар [2, 54]. Шындығына келгенде, Байбатыр Ержанұлының «Тұр, қазақ!»
еңбегі М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» (1909) туындысындағы азаттық, тәуелсіздік идеяларымен
ғана емес, сонымен қатар сол заманның тілдік қолданыстарының көрініс тапқандығымен де
үндес келеді. Тарихи ерекшеліктерге байланысты татар, парсы, араб сөздері ХІХ-ХХ
ғасырлардағы әдебиет пен тарихқа қатысты басылып шыққан кітаптардың барлығында кеңінен
қолданғандығын ескерсек, Б.Ержанұлының да «Тұр, қазақ!» кітабында да осы үрдіс байқалады.
Б.Ержанұлының қазақ халқының санасына осындай ұмтылыстардың дәнегін егу
арқылы елінің азаттығын аңсап тұрғаны байқалады. Ақын өзінің «Сөз бастарында»: «Һәр
халықтың ілгері басуына себеп болған осы күнгі жаңа шыққан рисәлә, әдебиет, жыры да
сахрауи газетлер еді; көзімен көріп ғақылыменен ойлап тұрсақ, бу біздің сахрауи қазақ халқы
кіл пайдалы нәрселерден бейхабар қараңғыда ұйықтап жатқанлы себеблі бос қалғандай
көрінеді. Өнер уа білімнің ең алды бу милетіміздің пайдасын ойлап, мыһым рисәлә жазып
тарату еді, өзіміздің бейхабар қараңғыда ұйықтап жатуымыздан, екінші оқығанлар азлығынан
болар біздің қазақ халқы арасында бек аз көрінеді»,-деп, әрі қарай сөзін: «Қой, жамағатлар
былай тұруға жарамас, «білегі жуан бір кісіні, білімі көп мың кісіні жығады» дейтін сөздің
ретінше, һөнерлі, білімді болып, дүниемізді танып өзіміздің тілімізше хәр түрле маңызды
әңгімелер, романлар жазып дүние ахретлік пайдамызды тауып рахатлык менен күнелтіп
тұралық»,- деп жалғайды [3, 2].
190
Еңбектің мазмұны – Суз бастар, Ояну..., Сахрауи қазақ халқиның халы, Сахрауи қазақ халқине
насихат, Вулыстлық һәм сайлау, Вулысқе, Мысыжыд минан медресе хақынде, Үлгы, Тағсырлы
мектуб, Хаты ушбудыр, Өлаң, Мыктырм Нұржан ақунның сузі, Жігітлікде мыназ һәм сыфат,
Жігітлір итфақ! Кәрилір, Жақсы қыз, Хытап, Жаман қыз, Нұржанға жібәргән хытым, Мударис
Зиын Алғабдин әфенды хызыртлырине иуллаған быр мыктубым, Оян қазақ, Жул куруб
оқығанларымыз жиырманшы ғасыр жасларине, Житымлыр, Қылымғе хытап, Қайран қуныс
деген атаулардан тұрады [3] ( Ескерту: біз бұл тараушалар мен жалпы мақаланы талдауда да
кітап сөздерін сол қалпында, яғни транскрипциясы бойынша беруді жөн санадық – З.А.).
Көрініп тұрғандай қазақи сөздердің көбісі «татаршаланып» берілген. Бұны ғалымдар
сол кездегі оқу-ағартушылықтың басы-қасында жүрген татар баспагерлері мен
редакторларының ыждаһаттылығымен деп есептесе, біреулер білімге қазақ халқынан
бұрынырақ ден қойған татар халқы зиялыларының қалтасы баспа ашуды көтере алғандығынан
көреді. Дегенмен, араб-парсы тілдерінен енген, кейін «татарланған» қазақ сөздерінің сол
кездегі адамдардың өмірінің қолданысында болғаны анық. Татар, қыпшақ, қазақ тілдерін тілдік
ерекшеліктеріне қатысты түркі текстес халықтары тілдеріне жатқызылуының себебі де
сөздердің фонетикалық кейбір өзгешеліктеріне қарамастан, ортақ түсініктілігінде деуге негіз
бар.
Б.Ержанұлы кітабының шымылдығы «Сөз бастармен» ашылып, келесі тұста «Ояну...»
деген өлең жолдарымен тізбектелген. Халықтың табиғатына жақын мақсатты туынды жазу
керек екенін жете түсінген қаламгер жазылған дүниесінен ғибрат алуға жарамайтын болса,
қазақтар оған «көз қиығымен де» қарамайтынын ұғады. Сондықтан болар, әр сөзіне мән беруге
тырысқандығы байқалады. Ол, әу басында бұл еңбекті жазудағы мақсатын – елінің пайдасын
ойлап, «тұмсығы менен бір тамшы су әкелген қарлығаштай», әйтеуір бір септігі тиеді ме екен,
деген ниеттен туындағанын өзі айтып өтеді. Мәселен:
Қазағым халың жаздым бұ кітабқе,
Алыңыз оқуминан ілтифатқе,
Жир кутуб халың нышар булыб қалды,
Иарыб, маз булмаңыз қур атаққе,-
деген жолдардан қаламгер бұл еңбекті жағдайы нашарлаған елінің пайдасына жазғанды мақсат
тұтқаны көрінеді [3, 2]. Сонымен қатар, негізгі міндет – жастардың білімге деген құштарлығын
оятып, қараңғылықтан құтылып, надандықтан арылуға ұмтылдыру, білім алуға, сол арқылы
өзгелерге де тәлім беру қажеттілігін көрсету. Ол бар жүрегімен елінің сол кездегі бар
ауыртпалық жағдайын ұғына отырып, іші оттай жанатынын айтқан:
Қазақдың осы кунгі халі қандай,
Айтайын оз халімче айтуб, парық.
Қазақдың халі жаман бик аяныч,
Ойласам отдай қаулаб жанады іч,
Қармалаб қараңғыны сурлы қазақ,
Буйынде һеч жарақсыз қалмаған куч [3, 4].
Сосын, осы кітапты «майданға салып», сол кездегі оқымысты, білімді азаматтарға бір
сынатып көрсетіп алу ниеті де байқалады. «Майданға салу» деген сөзді – сол кездегі
білімпаздардың сынынан өту, зиялы қауым өкілдерінің пікірлерін естіп, білу, болашақта
жазуына қажетті машықтар мен мәнді кеңестер алу бағытында ұғынған жөн. Бұл ұғым қазіргі
кездегі сыннан не аппробациядан өткізу мағынасына сай.
Өнерге, оқу-білімге ұмтылу, оқуға ниеттеніп, ғылым үйрену керек екенін ескерткен
тұстарында жігіттердің еңбегі бекер далаға кетпейтінін ескерткен ақын өнер үйренген
жігіттерді «шахыбаз» деп таниды [3, 3]. Осындағы «шахыбаз» – сөзі араб тілінен енген. Қазақ
ұғымындағы да, түркі тектес халықтардың ұғымында - керемет, жақсы деген мәнді білдіреді.
ХХ ғасыр басында «ел ағалары» ретінде, билікке ел мүддесін ойламағандарды да қоя
бергендіктен Б.Ержанұлы:
Жымағат осы гуны китдык артқе,
Симірдік волысдықбин қур атаққе,
Булғансуң волыс билыр хырамидан,
191
Қутырыб жыман қулдар мынды таққе, -дегендегі «хирамидан» - харамнан мағынасында
қолданылған [3, 5]. Сондықтан келесі тұста елді басқаруға сайланғандарға да, кең сахараны
жайлаған халыққа да насихат айтады ақын.
Жалпы «Тұр, қазақ!» кітапшасынан басқа жарық көрген Б.Ержанұлының «Оқуға
махаббат» кітапшасында да қазақ сөздері не бұрмаланып, не араб тіліндегі нұсқасымен
қолданылған. Мәселен, очун – үшін, ойлаңызлар – ойлаңыздар, син – сен, был – біл, ауызбин –
ауызбен, қуймаңызлар – қоймаңыздар, мидан – майдан, ғыдылчылык – әділдік, куб – көп,
мысажыд – мешіт, афзыл – абзал, сыныф – сынып, файде – пайда, миләт – ағайын, халық,
жаслық киз – жастық кез, жаранлар - жарандар, Хыданың – Құдайдың, ажалсызғе – ажалсызға,
еталгі – ителгі (құстың атауы), кы – кіл (барлық мағынаында), тубе – тәубе, дусдың – достың,
чыркын – шіркін, хысусында – турасында (туралы мағынасында), мыхбуб – сүйген, ғашық
болған жан; мыслыкдас – ойлас, пікірлес. т.б. сөздері осының айғақ дәлелі.
Тіпті «Жігітлір итфақ!», «Хытап» деген өлең атауларының өзі қазіргі таңда
түсініксіздеу көрінеді. Мәселен, итфақ сөзінің мағынасы – құлақ түру, тыңдау болса, хытап
сөзінің мағынасы – уағыз, насихат.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының арасында Н. Наушабаевты мәшһүр ақын
ретінде бағалаған Б.Ержанұлы оның «Манзумат қазақия» еңбегіндегі ойлары мен сөздері
ұнағандықтан оған хат жазған болатын. Ал Н.Наушабаев жауабында:
Ғыйбымнан сыртдан ғашық афындымсын,
Нысиб буб сызлырды курсам енды...-деп армандайды [3, 12]. Денсаулығының нашарлағанын,
қазіргі кезде жастық шағындай күш-қайратының жоқтығын айтқан Н.Наушабаевтың өлеңмен
жазылған туындысында біршама насихат үлгілі дүниелер бар.
Бұлардың біріншісі – «Тағсырлы мектеп» деген тараушаға «Хат ушбудыр», екіншісі
«Мыктырым Нұржан ақынның сөзі» деген атаумен берілген. Бұл хаттардың кейбір шумақтары
Н.Наушабайұлының өлеңдер жинағына енген. Осы тұстағы екі ақынның туындыларындағы
сөздердің таза қазіргі фонетикалық оқылуындағы мағынасында берілмегені байқалады. Көп
сөздер татаршаланып не араб тіліндегі нұсқасы жазылғандығынан бұл сөз бен сөз тіркестері
түсініксіз. Әрі өлең туындыларының кейбір тұстарында ұйқас жоғалғанын байқауға болады.
Байбатырдың тарихтан да хабары бар азамат болғанын растайтын дәлел – оның
«тақсыр» сөзінің мән-мағынасын талдауында. Бұл сөзді сол замандағы молдалар теріс айтып
жүргеніне наразылық білдіре отырып, сөзін дәлелдеуге тырысқан: «Парсы халқы падшасын
(тахытсыр) иығны тахыт басы деп тағзым қылады екен; Біздің қазақ сол парсының айтқанынше
«Ұлығымызды ұлықтаймыз!» деп (тахытсыр) деген сөздің мағынасына түсінбей һәм тілі
келмей (тақсыр) деп хожа миллалырді хушемет қилуб китыбды» [3, 21].
Ол сөзді айтып құрметтеген молдалар күннен күнге семіріп, шариғаттан сөз сұраса,
кітапқа қарамай шала жауап беріп, өз ұпайын түгендейді. Усул жадидтің пайдасы туралы, оның
сырттан емес, қазақтың «бұрынғы оқуы екенін» «балаларға аз ...уақытта жазу жаздырып, кітап,
хат оқытып һәр нәрседен хабардар» қылатын пайдасын көрсетеді. Усул жадид пен усул қадим
бара-бара қосылып та кететіндігін айта келе, неше миллион жерге тез барып келетін, отарба,
параход, «ауамен ұшатын машина» туралы сөз қозғай келе, солардың пайдасына қоса «аз
уақытта қағыз жазғызып таныттырып қоятұғын жеке оқу шықты» дейді. Бұнысын баспа, я
машинка деп топшылауға болады. Сосын сол кездегі ел ағалары «ғылымды, өнерлі болып,
қолынан келгенше халыққа уағыз, насихаттар сөйлеп, өзінің халқының надан қалмауына...
ыждаһат, қайрат етіп бір ...қызмет етулерін өтінеміз» деген екен [3, 21].
М.Дулатұлының атақты «Оян, қазақ» туындысында «Мүдәррис әфәндіге жазған бір
мактубім» деген өлең жолдарымен жазылған хаты бар. М.Дулатұлы өз хатын:
З...әфәндия жолдадым хат,
Көре алмай дидарыңыз біз бұл сағат,-деп бастаған [4, 48-б.]. «Тұр, қазақтағы» «Мүдәрис Зиын
Алғабдин әфенді хызыртлырине иуллаған бір мектебім» атты Б.Ержанұлының өлең-хаты да
осылай басталады. Негізінде екі туындыдағы өлең-хаттар бір адамға жазылғандығын
шамалауға болатын сияқты. Өйткені, екі хатта да Зиын деген әфәндінің ұстаз болып жүргені,
сол ұстаздығы арқылы еліне пайда келтіріп, «халыққа жаны ашып» «мархамат» етіп жүргені
192
сөз болады. Бұл ұстаздың шын аты – Зейін Алғабиден болса керек. Сол заманда ол да әдебиет
жазып жүрген болар. Өйткені, Б.Ержанұлы:
Сызның быр әдыбиатыңызны оқуғансуң,
Бик жақсы артуб китды куңыл шадым,-деп жазады [3, 23].
Мударрис (араб тілінде – «ұстаз» мағынасында – З.А.) Зейінді ақын «ғылым үйрену жолында
басшы» ретінде таниды. Сол сияқты «көп емес, аз оқыған ғылымы» бола тұрса да, Б.Ержанұлы
еліне қызмет қылып жүргенді хош көреді.
Жазушының осы кітапта елең еткізіп, оқырманын қайраттандыратын туындыларының
бірі – «Оян қазақ!» деп аталады. Басына түскен азаптардан құтылу үшін, қазаққа ояну
керектігіне баса назар аудара отырып, жалқаулық танытпай, егін егіп, еңбектеніп, соның
пайдасын көруге үгіттейді. Ол ұйықтап жатқан қазақты көрде жатқанмен тең көреді. Қыстың
күні жейтін азығын ойламаған аңқау қазаққа көршілерінің дүкен ұстап бай болғанын үлгі
ретінде айтады. Ғылымсыз, өнерсіз болғанды ар санамай, алға ұмтылуға ниеті жоқтардан
жирендіріп, оқу-білім арқылы азық табуға насихаттап, «дүниенің мехнат көрмей рахаты жоқ»
екенін ескертеді. Базарда сауда жасап, еңбектеніп, күн көргендерді үлгілей отырып, елінің
қиын халіне жаны ашып, күйінеді. Кей жерінде: «Мырхыматлу қазағым түсуне гур, суз жаздым
мысалынде айтуп жумбақ»,- деп қазаққа жалына сөйлеген тұстары да бар [3, 24-б.].
Бұл қазақты сілкіндіріп, ояту бағытындағы сөздер болса, ендігі кезекте ХХ ғасырдың
жастарына ой түрткі болатын туынды – «Жул куруб оқуғанларымыз жиырманшы ғасыр
жасларине» деп аталады. Ақын жастарға үлкен үміт артып, оларға қазақтарды оятуды
тапсырады. Сол арқылы өнер мен ғылымға бет бұрып, оны халыққа ұғындырып, сол жолда
қызмет жасап, қараңғы қапастан елді азат ету мақсатын қазақ жастарына жүктейді. Әсіресе,
осындай надан елге «дүниеде қисық болған жолдан» шығу үшін «тура жолды» тауып беріп,
өмірінде «көрмеген күннің нұрын» көрсету керектігін айтады.
Б.Ержанұлы «Оқуға махаббат» еңбегінде «ноғай қарындастарының» әңгіме жазып,
кітаптарды бастырып шығарып, баспаханаларда «өз тілдерінде» еңбектерді басуын құп көреді.
Мұндағы ноғай қарындастардың кім екенін қазбалаған шақта ол – Б. Ержанұлының кітаптарын
бастырып шығарған Ш.Хусаиновтың қыздары екені байқалады. Оны «Тұр, қазақ!» соңында
жазылған жарнама ретінде берілген беттің соңындағы «наследницы Ш.Хусаинова» деген ескі
орыстың кирилл жазуы нақтыламақ. Сосын «Тұр, қазақ!» кітабының екінші басылымының
артындағы жарнамада «Оқуға махабат»-ты роман деп берген екен. Соған қарағанда ол кезде
осындай дәрежедегі туынды роман ретінде танылуға ылайықты болғандай. Дегенмен, ноғай
қыздарының баспа құрып, редакция жасағанының арқасында одан өзге де сол заманда жарық
көрген кітаптардың барлығында татар және араб сөздері кездеседі. Соның есесінен қазақтың
сол заманындағы қоғамына ол сөздер әсер етіп, қолданыста болғанын байқау қиынға соқпайды.
Тағы бір айта кетер мәселе, ХХ ғасырдың басындағы көп кітаптар төте жазумен, араб
әріптерінде басылғандықтан, яғни жазу үлгісі араб әріптері болғандықтан да сөздер
бұрмаланып беріліп отырған. Бұл да болса, тілдің сақталуына өзіндік дәрежеде зиянын
тигізетіні анық.
Сонымен қазіргі жаһандану дәуірінде тілдік қор қоғам қажеттілігіне байланысты жаңа
терминдермен қордаланып жатқан дәуірде өткенімізді сараптау үшін қазақ жастарын оқу-
ағартуға үндеу, сайлау науқанының залалдары, жастардың білуге құштарлығын арттыру,
жақсы мен жаман қыз-жігіттердің қасиеттерін сараптаған Байбатыр Ержанұлы сияқты
ақындардың кітапшаларымен жұртшылықты таныстыру белгілі дәрежеде жастарға әсер етпек.
Себебі ХХ ғасыр басындағы өзгеше реңк алған сөздер мен үндеулер қазіргі ХХІ ғасырда да
құндылығын жоймаған. Ол заманда жалпы оқу-ағарту басты тақырыпқа айналса, қазіргі кездегі
электроника мен адам өмірін жеңілдетуге арналған «құндылықтардың» адам санасына деген
«деградациялық» әсерін байқауға болады. Сол себепті, ең алдымен өз құндылықтарымызды
сақтай отырып, өзгенің білімінен де сусындағанда тілдік қорымыздың таза қалпын сақтауға
тырысқан абзал болады. Оның шұбарланбай, өзге тілдердің әсерінен енген қысқарған сөздердің
қолданысынан азат етіп, кірме сөздерді таза қазақи нақышқа бейімдеп аударып қолданып, жаңа
терминдік атаулар бергенде де ұлттық танымды ескерген жөн санаймыз.
193
Жалпы өткенін білмеген елдің болашағы жоқ екенін ескерсек, Байбатыр Ержанұлы сияқты
ақындарымыздың қазіргі деңгейдегі қазақ әдебиетінің жеткен деңгейінің тарихын сараптау
үшін шығармашылықтарын да біле жүрген ләзім. Сол себепті барымызды бағалап, мұрамызды
сақтау – біз үшін абыройлы міндет.
Достарыңызбен бөлісу: |