ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
147
ГУМАНИТ АР НЫЕ
НАУКИ
УДК 377(574.42)
А.М. Мұратбекова, С. Симбаева
ШҚМТУ, Өскемен қ.
АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ ТАЛАБЫ – АҚПАРАТТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Заманауи педагогикалық ой-тұжырымдарда гуманизм жəне еркін білім беру идеясы
мен тұлғаның шығармашылық əлеуетінің дамуы басты рөл атқарып отырғанына көңіл
бөлінуде. Осы идеяларды дамыту үшін біртұтас педагогикалық үдерістің жаңа техно-
логияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның қалыптасуына жан-жақты жағдай жасау
қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық
құралдар тек ғылыми зерттеулер мен əртүрлі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси
үдерістерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Əртүрлі
пəнаралық мəселелерді шешу барысында білім жүйесіндегі жаңа ақпараттық тех-
нологияларды пайдалану арқылы өткізілетін сабақтарды дидактикалық материалдармен,
электрондық оқулықтармен, көмекші құралдармен қамтамасыз ету керек.
Қоғам дамып, əлеуметтік-экономикалық үдеріс өрістеген сайын білімге деген талап
күшейіп, өркениетті елдерде қалыптасқан білім беру жүйесіне ену мəселесі туындап
отыр. Бұған білім берушінің өзін сапалы даярлаудың нəтижесінде жетуге болады
Ал білім беру мазмұнындағы жаңа технологиялар дəстүрлі оқыту жүйесіндегі
олқылықтардың орнын толтырып отырады. Оқыту технологияларының көпшілігі
студенттердің өз бетімен əрекет етуіне жол ашады жəне оқытушының мəртебесі мен
рөлін өзгерте отырып, одан жедел технологиялық даярлық пен қайта даярлықты талап
етеді. Жаңа технологияларды қолдану үрдісінде оқытушы дəстүрлі білім беру жүйе-
сіндегі оқытушы мен əдіскердің ортасындағы аралық бағытты жəне кеңесші бағытын
ұстана отырып, оның құзіреті оқыту үрдісін жобалаушы ретінде білім беру сапасына
белгілі дəрежеде ықпал етеді. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, жаңа технологияларды,
соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану үшін оқытушыға психологиялық
та даярлық қажет. Бірақ, тəжірибесі мол оқытушылардың өздерінің қайта даярлықтан
өтуіне қабілеттері жете бермейді. Бұл жерде мағлұматнамалық білім, ғылыми таным
əдістерін меңгеру, қызметтің əр түрін үйлестіре білу қабілетіне ие болу қажет. Сонымен
қатар, оқытушы қосымша ақпараттарды таба, өңдей білуі, оны студенттерге қолайлы
нұсқада бере білгені жөн.
Тəжірибе көрсетіп отырғандай, жаңа технологиялар мен дəстүрлі оқыту элементтері
бір-бірімен тоғысып жатыр. Оқытудың екі жүйесінде де бірінің элементінен екіншісі
қашып құтыла алмайды жəне ол мүмкін де емес. Сондықтан оқытушы студентке үздіксіз
сапалы білім беру үшін мейлі ол орта кəсіби білім ордасында болсын, мейлі жоғары оқу
орнында болсын белгілі бір психологиялық қолайсыздықтарға жолықпас үшін қазіргі
кезден бастап жаңа технологиялар элементтерін қабылдай отырып, өзінің əрекетін қайта
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
148
қарап, қажетті жерде өзгерткені дұрыс [1,75].
Оқытушы бақылаушы қызметімен ғана шектеліп, студенттерге бірқатар тақырыптар
мен олардың іс-тəжірибелік өңдеуін өз беттерімен оқып үйренуге беруден қорықпағаны
жөн. Студенттер ақпаратты ортада жұмыс істеуге, пəнді талдап, құрылымдық жəне
авторлық тезаурусын құруға қабілетті. Дəрісханадан тыс өздік жұмыс пен олар меңгеруі
тиіс материалды уақытына лайықтап анықтағаны жөн. Демек, оқытушы өзіндік тəртіп
пен өзін-өзі бақылау, жоспарлау құралдары мен əдістерін, жаңа білім беру
парадигмасындағы оқыту үрдісін ұйымдастыруды анықтауды, жаңа педагогикалық
ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін жəне
ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технология келешек ұрпақтың жан-жақты білім
алуына, іскер əрі талантты, шығармашылық қабілеті мол, еркін дамуына жол ашады
жəне педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы зор.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы
дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра оты-
рып, оқу-тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-
латуды көздейді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі
– қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда ақпараттық- коммуникациялық
технологияны қолдану саласы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру негізгі
міндеттердің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»,
- деп көрсетілген [2, 36].
Білім беруді ақпараттандырудың бір құралы ретінде компьютерді алуға болады. Ол
дидактикалық жəне оқыту құралы болып саналады. Сондықтан кез келген білім беру
саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пəндерді оқытуға
пайдаланылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – студенттерге ақпараттық білім негіздерін
беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны
өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып,
қазіргі қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуын əлемнің жүйелік-ақпараттық
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
149
бейнесін студенттердің шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту
арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып
табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы деп қараған жөн.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру оқу орнының материалдық-техникалық базасына;
ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; студенттердің ақпараттық
мəдениетін қалыптастыру жүйесіне; меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың
информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тəрбие бағытының
ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тəуелді.
Қазір білім беру барысында интерактивті құралдарды қолдануға мүмкіндік мол.
Мұндағы интерактивті сөзі – inter (бірлесу), act (əрекет жасау) ұғымын білдіреді.
Интерактивті құралдарды қолдану барысында білім алушының бірлесе жұмыс жасауға
қатыспай қалуы мүмкін емес.
Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне белсенді түрде енгізу
бағытында қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық-техникалық кешен
болып саналатын интерактивті тақта.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі жəне де дəріс
берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды: ақпараттың кескіні мен қарапайым
маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Ал активті экран кешені – білім үдерісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге
жəне оны компьютермен басқаруға тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе. Бұл
бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық қызметі – білім алушының ойлау
жəне ойын қысқа да түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттыруы.
Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны
сабақты қызықты жəне динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен
қызығушылықты тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те қарауға
болады. Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте
мəтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM жəне интернет ресурстарын қолдана
алады. Бұл кезде оқытушы қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын
қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау, қалам арқылы жазулар жазу жəне т.б. əрекеттерді
жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық келесі мəселелер
шешімін табады:
- пəн бойынша базалық білімді меңгеру;
- алған білімді жүйелеу;
- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- білім алушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде əдістеме-
лік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау жəне оқушылардың ақпаратты
меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін
қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін əдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% жəне көргенінің 20% есте сақтайтыны
белгілі. Аудио жəне видео ақпараттарды бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 %
дейін арттырады.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
150
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында оқытушы дəріс қызықты əрі жаңаша
өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды.
Ал жекелеген курс бойынша мəселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы
«білім беруші – білім алушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді жəне қайталауды
оқытушыға жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік береді [3, 10].
Білім беруді ақпараттандыру үдерісі пəн оқытушыларына жаңа ақпараттық
технологияны жан-жақты пайдалануға байланысты үлкен талап қояды.
Интерактивті
құрылғылардың
барлық
мүмкіндіктерін
пайдалана
отырып,
студенттердің шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-
шараларды қолданудың маңызы зор:
- білім алушының дайындық деңгейін, ынтасын жəне қабылдау лездігін ескеру
арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру жəне оқыту
үдерісіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;
- оқытудың жаңа əдістері мен үлгілерін сабақта жиі қолдану;
- проблемалық зерттеу, аналитикалық жəне модельдеу əдістерін қолдану арқылы
классикалық əдістерді жетілдіру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуни-
кация, виртуалды жəне мультимедиялық технология, интерактивті құрылғылар)
пайдалану арқылы оқу үдерісінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Оқытудың осындай интерактивті құралдары арқылы оқытушы алдыңғы сабақта өткен
материалды қайталай алады. Мұндай əдістеме сабақтың тығыздығын арттырады.
Тақтада жұмыс істегендердің орындаған іс-əрекеттерін есте сақтап, келесі сабақта
қолдануға болады.
Сонымен, интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға
жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті
қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу
материалдары – презентациялар, мəтіндік, кескіндік ақпараттық нысандар – сабақтың
жақсы өтуін жəне барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен,
активті экран кешенін қолдану арқылы оқыту үдерісінде жаңа дидактикалық
мүмкіншіліктерді ашуға болады.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында
интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде
де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет
қағазбен жұмыс жасағандай тақырыпқа қажетті жеріне белгілеулер енгізіп, негізгі
ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі-түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына
фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы, қазақ
тілі, əдебиет, география, физика, биология жəне т.б. пəндерден сабақ жүргізгенде
қолайлы. Мысалы, фон ретінде лингвистикалық ареал картасын, белгілі бір жазушының
портретін, пейзажды, географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға
болады жəне сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын
жүргізуге, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word
мəтіндік редакторы, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презен-
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
151
тациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мəтіндік
тапсырмаларды қамтитын құжат əзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды
қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету
керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» нысандарымен
жасырамыз. Сабақтың керек кезінде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office
режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office-нің барлық мүмкіншілігін ұсынады.
Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мəтінді қосуға болады, яғни
экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен,
мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып,
оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін
жылжыту немесе жою арқылы) жəне дайындалған материалды шаблон ретінде келесі
сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды
жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның
сілтеме жасауға арналған сыңарын қолдануға болады. Бұл сыңар жəне Microsoft Office
құралдары арқылы құрылған құжаттарға, кескіндік редакторлардың немесе бағдар-
ламалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді
ұйымдастыруға мүмкіншілік береді [4, 5].
Қазіргі уақытта
«қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген
ұғымдар біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз –
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің
нəтижесі, яғни адам өміріне іс-əрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты əсер етуі
мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті үдеріс.
Ол оқыту мазмұны, əдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл
үдерістегі негізгі мəселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады,
ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету – өндірістік мəселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте
маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді
ақпараттандыру жағдайында бұл мəселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады.
Мұндағы негізгі мақсат – білім алушының қоршаған əлем жайында ғылыми болжамын
қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.
Қазіргі заман маманнан тек өз пəнінің терең білгірі болумен қатар, тарихи-танымдық,
педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси қырағылық, экономикалық білімділік
жəне ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде
жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп,
оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен
білімі жоғары жетекші тұлға ретінде қалыптасады.
Қорыта келе, интерактивті құралдарды барлық бағыттағы мамандықтарда пай-
даланып, оқыту үдерісін жаңа технологиялармен қамтамасыз ету заман талабы демекпіз.
Əдебиеттер
тізімі
1.
Деңгейлеп
саралап
оқыту
технологиясы
//
Қазақстан
мектебі
. - 2003. -
№
3.
2.
Садыбекова
Ж
.
Оқу
-
тəрбие
үрдісінде
ақпараттық
-
коммуникациялық
технологияны
қолдану
қажеттілігі
//
Информатика
негіздері
, 2008. -
№
4.
3.
Қазақстан
Республикасының
білім
беру
жүйесін
2010
жылға
дейін
дамытудың
Мемлекеттік
бағдарламасы
.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
152
4.
Информатиканы
оқытуда
интерактивті
тақтаны
қолдану
//
Информатика
негіздері
, 2008. -
№
5.
Қабылданды
4.10.2010
УДК 811.512.122’1
С. Симбаева
ШҚМТУ, Өскемен қ.
НОҒАЙЛЫ ДƏУІРІ МҰРАЛАРЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТІЛДІК СИПАТЫ
Ноғайлы дəуірінің туындылары бес-алты ғасыр бұрын дүниеге келгендіктен, түрлі
белестерден өтті, өзгерді, өңделді. Сол себепті де, мəтіндерінде кездесетін образды сөз
оралымдарының, жеке тілдік тұлғалардың мағынасын айқындау өзекті болып табылады.
Кезінде белгілі болған мұралар қалпын сол күйінде сақтап қалу қиын. Оны жеткізушілер
тарапынан өзгеріске түсуі де мүмкін.
Зерттеу барысында шығармалар мəтінінің жарияланымдарында ала-құлалықтың
барлығы байқалды. XIV-XVI ғғ. дүниеге келген мұралар тек ХІХ-ХХ ғасырларда ғана
хатқа түсе бастаған. Сол кезеңдегі жазба дəстүрдің араб не латын графикасымен
жазылуынан бір сөз көркемдеуде өңделіп, қосылса, бірі түсіп қалады, не өзгертіледі.
Мəтінтану мəселесі үшін жырлар мен толғауларды бұрмаламай, қосымша сөздер қосып
көркемдемей берген абзал. Ол сол ғасырдағы қолданыста жүрген кірме сөздердің
мөлшерін жəне əдеби мұра дүниеге келген кезеңнің тілдік үлгілерін танып білуге
көмектеседі.
Жыраулар толғаулары мəтінінің тарихы зерттеліп, қолда бар нұсқаларының
сипаттамасы беріліп, ғылыми түсініктер жазылғанымен, лингвистикалық талдаулардың
нəтижелері көбінесе ескерусіз қалып келеді. Сол себепті де толғаулардың тұрақты
(канонды) бір ізге түскен мəтінін зерттеу тоқтаған жоқ.
Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет толғауларының мəтіндері лексика-грамматикалық,
көркемдік-композициялық құрылымы жағынан өз дəуірлеріне сай элементтерді көбірек
сақтаған. Мысалы, Қазтуғаннан «Қара ұнымы сұлтандайын жүрісті» деген жолдарды
кездестіреміз немесе оның «Салп-салпыншақ анау үш өзен» дегендегі салп-салпыншақ
эпитеті қазір қолданылмайды. Шалкиізде кездесетін:
Тұсыңдағы болған нартың қорлама,
Сөз боларсың көлемге.
Сындырау арқа, сарт соқпақ,
Шемшірлігін ноқталап...
Құдаған өскен арулар.
Көміртіп не беркініс қолыңнан.
Күділенген балдан сарқыт жоқ, - деген жолдардағы «нартың», «көлемге»,
«сындырау», «шемшірлігін» «көміртіп», «күділенген» деген сөздердің түсініксіздігі
айтылмақ ойды көмескілеп тұр.
Қ. Өмірəлиев Ноғайлы циклі нұсқаларындағы мұндай элементтер Ноғай ордасынан
келіп қосылған ру-тайпалар арқылы енген, оларды сол ру-тайпалардың ұрпақтары – Кіші
жүз қазақтары көп өзгертпеген деп түйеді [1, 93 б.]. Зерттеуші бұл жерде осы сөздер көне
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
153
емес, түбі бір туыстас өзге түркі тілдік дегенге меңзейді.
Доспамбет жырауда сұлу қызды:
Маңдайы күнге тимеген,
Желке шашын өрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген [1, 86 б.], -
деп сипаттайтын жолдары бар. Басқа басылымдарда «желке шашын өрмеген» деген
тіркес бірде «желке шашын үрмеген» деп берілген.
Араб графикасының қиындығы сол, бұл сөздерді желке-желге, өрмеген-үрмеген деп
те оқуға болады. Мұндағы дұрысы - шашты үрмеу емес, шашты өрмеу деген тіркес болса
керек. Бірақ жырау айтқан «маңдайы күнге тимеген» аппақ арудың, «серпіліп адам бетін
көрмеген» инабатты сұлудың желке шашын өрмей қоя беруі – көңілге қонымсыз. Демек,
Желге шашын өрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген, –
деп «Алдаспанда» [60] дұрыс көрсетілген.
Сол сияқты Шалкиіз жыраудың толғауларынан :
Алтынды десе сары бал,
Алсам мен саған ұсынармын [1, 73 б.].
Алтынды кесе сары бел,
Алсам мен саған ұсынармын [2, 37 б.], -
деп түрліше жазылып жүр. М. Бекмұхамедовтың жинағында бұл жолдар:
Алтын кесе, сары бал, – деп жазылған. Қазіргі тілдің сипаты тұрғысынан қарағанда
осы соңғы нұсқасы дұрыс болар. Шалкиіз жырауда мынандай да жолдар кездеседі:
Көн сандықтың ішінде,
Көбе бұзар жебе бар [1, 79 б.].
Осы жолдарды Арыстанғали Берқалыұғлы «Ақын» жинағында:
Көн садақтың ішінде, – деп берген. Көбе бұзар жебенің көн садақтың ішінде болуы
мəтіндегі ойға тура келеді. Мұндағы садақ сөзі сауыт мағынасында жұмсалған, яғни
көннен жасалған сауыт.
Толғаулар мəтінінде түрліше жазылып жүрген тіркестердің тағы бір себебі – бұл
күнде ұмыт болған көне образдардың түсініксіздігінен туындап отырған мəтінтанымдық
ала-құлалықтар.
Осы күнгі басылымдар майқан деген сөздің қазіргі мағынасы түсініксіз
болғандықтан, оны бүгінгі күнге түсінікті мықын сөзімен алмастырып жазып жүр.
Арғымаққа оқ тиді,
Қыл мықынның түбінен (Доспамбет).
Доспамбет жыраудың ноғайлар арасындағы осы толғауында бұл тіркес былай
берілген:
Арғымаққа оқ тийди,
Қыл майканныңь тувынан [3, 90 б.].
Бұл жолдарды ақын Қадыр Мырза-Əли:
Арғымаққа оқ тиді,
Қыл құйрықтың түбінен, – деп аударады.
В. Радлов сөздігінде: маікап – зад лощади [31] деген ұғымды білдіретіндігі
көрсетілген. Демек, «қыл майқан» деген тіркес ХVІ ғасырда қазіргі «қыл құйрық тұлпар»
Достарыңызбен бөлісу: |