ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
154
деген мағынада қолданылған. Ал
Екі арыстап жау шапса,
Оқ қылқандай шансылса [2, 31 б.], -
деген тармақтар тағы бір басылымдарда:
Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шансылса [1, 88 б.], -
боп өзгертілген. Дұрысы екі арыстан жау шабу емес, екі арыстап жау шабу болу
керек. Себебі арыш (ккіR) – тоRт –арыш - четыре стороны света [4]. Яғни «екі тұстан, екі
жақтан жау шабу» деген ұғымды білдіреді.
Көнерген сөздерді түсініктірек тұлғаға айналдыруды мынадай мысалдардан да көруге
болады.
Сіреу, сіреу қар
Асты кілік, үсті мұз
Күн-түн қатса да жібімес (Доспамбет).
Асты кілең, үсті мұз [2].
Асты кілем, үсті мұз (Ерт. əдеб.).
Осындағы түрліше жазылған тіркес Ғабдулла Мұштақтың «Шайыр» жинағында «үсті
кілеңнің асты мұз» деп жазылған. Ал В. Радлов сөздігінде: кілең (klan) – блестящий,
лоспящийся (лед, плешь, лысина), (kilarai) – гладкий дегенді білдіреді делінген [4]. Бұдан
«қардың үсті жылтыр, асты мұз» деген мағынада айтылғанын көреміз. Ал осы Доспамбет
жыраудың:
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес [1], –
деген толғау жолдарындағы кілең бұздай дегені жалтыр мұздай деген тіркес болып
келеді. Бұл ойымыздың растығы дəлелді болу үшін ХІХ ғасырдағы Махамбет ақынның
өлең жолдарымен салыстыратын болсақ, онда да «жылтыр мұз қабыршағы»
мағынасында кездеседі.
Тағы да осы Доспамбет жыраудың толғауындағы «еміне кіру» тіркесі кей
басылымдарда «еңекке кірер күн қайда» [2, 33 б.] деп, түрліше жазылып жүр. Көне түркі
тілінде «Амін – надежно, уверенно» [5, 75 б.] дегенді білдіреді. Сонда еміне кіру тіркесі
Доспамбет жыраудың «Баяғыдай еңсесі биік ақ боз ордаға сеніммен кірер күн қайда?»
деп айтқаны болмақ.
Шалкиіз жыраудың би Темірге айтқан:
Айдынды көлге қал шауып,
Тоғызын соғып ұшырған
Құс сұлтаны саһарсың! [2, 41 б.], -
деген тармақтарындағы қал шауып тіркесінің мағынасы түсінікті болмағандықтан,
«Ертедегі əдебиет нұсқаларында» «қол жауып» түрінде басқан. Көне түркі тілінде қал,
қалы сөздері «мықты», «жоғары» деген ұғымды білдіреді. В. Радлов сөздігінде: қал (куs)
– крепкий [4, 219 б.] деп түсінік берілген. Осы тіркестің мағынасын əлі де айқындай
түсуді қажет етеді. Доспамбет жыраудың:
Ерен үйін тіктіріп,
Омыраудағы он түймесін ағытып,
Кейінгі қалған көпекке
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
155
Қалай де белін шешті екен! [1, 86 б.], –
деген тармақтарындағы ерен үй деген тіркесінің мағынасы бізге беймəлім.
М. Бекмұхамедов жинағында ерінің үйін деп жазылған. Осы сөз толғау мəтініне тура
келетін сияқты.
Сол кездегі толғаулардың мəтінін қарастырғанымызда əдеби тілдегі образдар өз
кезеңіндегі халықтың өмір-тіршілігімен ұштасып жатқандығы көрінеді. Ел қорғауды,
жаугершілікті жырлауға керек образдар бұларда молынан орын алады. Жаугершілік
мазмұнды тұтас шумақтар немесе жеке тіркестер мен сөздер – сол кездегі əдеби тілдің
сипатты белгілерінің бірі. Ұрыс, соғыс, ел қорғау ұғымындағы лексиканың əдебиет
дүниесінде басты орын алғандығы сондай, ол көркемдеу құралына айналып, образ
жасайтын фразалар құрғанын кез келген толғау, жырлардың мəтінін оқи отырып көз
жеткіземіз. Мысалы, толғамалы ала балта, қанды көбе, атқан оғын оздыру немесе
жоғалту, жау бастау, қол бастау, қатты тартып биік ату т.б тіркестерді біз сөз етіп
отырған кезең поэзиясы белсенді қолданған [6, 100 б.].
Бұл кездегі əдеби дүниелер мəтінінен айналадағы тірлік-тіршілікпен жəне ортамен
байланыстылығын дəлелдейтін өзге де фактілерді кездестіруге болады. Мысалы,
Шалкиіз, Қазтуған жырауларда өзен, теңізге қатысты теңеулер мен метафоралар жиі
кездеседі: Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған...
Балығы көлге жылқы жаптырмас (Қазтуған) . Ақдария толқын күшейтер Құйрығын күн
шалмаған балығым Ортаңнан ойран салар деп (Қазтуған) . Көк теңіздің үстінде
Көтеріп желке аштырып (Шалкиіз).
Ноғайлы-қазақ ортасында туған, авторлары, мүмкін, жоғарыда сөз болып отырған
жыраулар болып табылатын кейбір батырлар жырындағы «төрт шарбақты, төрт
кентті» деп келетін образ да, немесе «Əділ сұлтан» жырындағы Əділдің анасы
Байбикеш ханымның толғауындағы: «Бақ амалы, бақшалы, Баурында ағар шешмелі,
Төбесінде жасыл ала шөлмекті, əрбір шаһардан өрнекті» деген жолдары қала суретінен
хабар береді.
Ал ибалықпен сөйлеп сөз, наздылықпенен көсілген; дүниеде жүзін көрмеген, біз секілді
бейшара сыртыңнан жүріп шөлдеген (Едіге). Тоқсан баулы ноғайды ақылымен билеген
(Орақ, Мамай) сияқты оралымдар халықтың тəлім-тəрбиеге байланысты түсініктерін
көрсетеді.
Азғана ноғай сен деді, көп қалмақпын мен деді; Қырық таңбалы Қырымға, Он екі
баулы Ұрымға; Қырымның байтақ ерлері; Ноғайлы деген ел еді, Етек жеңі кең еді
(Қарасай, Қази) сияқты жолдар оқиғаның өтіп жатқан орнынан мəлімет береді.
Əдеби туындылардың көбі ХV-ХVІ ғғ. тілдік ерекшеліктерін көрсете алатынын айта
кеткен жөн. Рас, онда кейбір кейінгі қоспалар, аздаған өзгерістер болуы да мүмкін. Бірақ
ол авторлы поэзияның басты ерекшелігі емес. Сондықтан осы ғасырлардағы поэзияға тəн
тағы бір үлкен ерекшелік - ондағы айтылған ой қазақтың мақал-мəтелдерімен астасып,
ішкі мағынасы жағынан да, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру ерекшеліктері
жағынан да үндесіп, қоғамдық құбылыс жайлы «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
беріледі.
Асанқайғының:
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
156
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса, шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса, шығады, – деуі нағыз нақыл сөз.
Немесе: «Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан қарағай басын шалмай
ма?!» – түріндегі астарлы ой халық ұғымында күні бүгінге дейін «Қилы-қилы заман
болар, қарағай басын шортан шалар», яғни мақал, нақыл түрінде айтылып, ойға
сыймайтын, еске келмейтін өзгеріс заман да болар деген ұғым білдіреді. Қазтуғанның
«Азамат ердің баласы жабыққанын білдірмес, Жамандар мазақ қылар деп», – дегенін
оқығанда: «Бөрі арығын білдірмес, сыртқы жүнін қампитып», – деген мақал еске түседі.
Мұндай ой түйіндері, нақыл сөздер Шалкиіз жырау поэзиясынан тіпті көп кездеседі:
Бар күшіңді сынамай, балуандармен күреспе...
Таң боларсың əлемге, сөз боларсың күлемге...
Ақылсыз достыдан ақылды дұспан артық-ты...
Қырға шықпас жаманның барынан да жоғы игі... т.б. көптеп кездестіруге болады.
Халық поэзиясын жақсы білген, оған өзі де үн қосқан Шалкиіз жырау кезі келгенде
дайын мақалдарды тілдік материал ретінде пайдаланып отыр ма, əлде Шалкиіз аузынан
сəтті шыққан сөз маржандары, өрелі ой кестесі нақыл болып, кейін халық мақалына
айналып кетті ме? Бұл сияқты сұрақтарға нақты жауап бере қою оңай емес. Қайткен
күнде де Шалкиіз жырау халық даналығын қастерлеп, ондағы мəнді ойды білдіретін
дайын мақал-мəтелдерді қолданып қана қойған жоқ, кейінгі ұрпаққа мұра боп қалған
көптеген нақылдардың да авторы оның өзі болған деген тұжырым айтуға болады [7, 116
б.]. Қалай болғанда да жыраулар толғауларының мəтінінен нақыл сөздер мен мақал-
мəтелге бергісіз сөз орамдары көптеп кездеседі.
Ал сол дəуірдегі жырлардың мəтінін сөз ету үшін «Қырымның қырық батыры» деген
атпен «Арыс» баспасынан жарық көрген ноғайлы жырларының ішінен «Едіге», «Орақ,
Мамай», «Қарасай, Қази», «Ақжонасұлы Ер Кеңес», «Көкшенің ұлы Ер Қосайды»,
қарастырдық.
Осы жырлар мəтінінде толғаулар мен «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар
батыр», «Ер Тарғын» жырларында кездесе бермейтін мүфти, қазы, би, ғұлама сөздері
орын алған. Мысалы: Ақжонасқа ой түсті, ой түсіп мұңайды. «Мен ертең қазы, ғұлама,
билерімді жинайын, сосын мұның қалай екенін сұрайын», – деп ойлады:
– Қазы, мүфти, сіз деді,
Перзентсіз болдық біз деді,..( Ақжонасұлы Ер Кеңес)
Сонымен қатар төрт түлік малдың пірлерінің аттары аталып, бір перзентті солардан
сұрайды:
– Түйе тілесең, сұлтаным,
Ойсыл қара пірі бар.
Одан барып тілеңіз,
Қой тілесең шопан бар,
Мұнан барып тілеңіз,
Басына барып түнеңіз.
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
157
Тілесең сиыр, сұлтаным,
Зеңгі баба пірлер бар,
Соған барып тілеңіз,
Басына барып түнеңіз.
Бас тілесең, сұлтаным,
Шаһимардан оған бар,
Алланың шері Арыстан,
Арыстан деп ат қойған
Соған барып түнеңіз,
Содан перзент тілеңіз,
Мырзалықты тілесең
Садуақас, оған бар,
Оған барып түнеңіз,
Одан мырзалық тілеңіз, – деді.
Ал алдыңғы жырларда перзент тілеп жеті пірге, əулие, əнбиелерге барады. Қарап
тұрсақ, Шаһимардан, Арыстан, Садуақас, төрт түлік мал піріне табыну – ноғайлы
дəуіріне тəн халық дүниетанымынан елес береді жəне сол дəуірдегі сөз қолданысының
ерекшелігіне жатады.
Жалпы салыстырылған еңбектер арқылы жырлар мен толғаулардың қазақ жəне ноғай
халқында сақталғанын жəне өзара ұқсас екеніне көз жеткіздік. Ноғай Ордасында болып,
кейін жеке ұлт ретінде отау тігіп кеткен, қазіргі қыпшақ тілдерінің тобына жатқызылып
жүрген
татар,
қарақалпақ,
құмық,
башқұрт,
қырғыз
əдебиеттерінде
оларды
кездестірмедік.
М. Сеңгірбаев жырлайтын «Қырымның қырық батыры» жыр тізбектерінде кездесетін
батырлар есімі мен Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың толғаулары
ноғай халқының ауыз əдебиетінде де ұшырасады.
Мысалы,
Асан Қайғылы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Дели Ағыс,
Сыбыра мен Бериздак,
Шал-Кийиз бен Эл-Буга,
Калган дуныя олардан
Эдил, Эдил, Эдил йер,
Қарагай бойлы Казтуган
Кайгыланып отькен ер...
Немесе:
Куьлик баътир, Дели Агыс,
Эр-Копланды, Муьсевке,
Эл Керейи эр Давыс,
Эр Доспамбет ат шабыс,
Камбар баътир,
Ер Таргыл,
Манашы мен Сайын да,
Коькше минен Косай да,
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
158
Қазтуған мен Шора да,
Ногайдынъ деймін анавда
Кырктан оьткен батъирим (Айт десеңіз, айтайым, 9-10 бб.) деген жыр жолдарының
ноғай нұсқасында қазақ эпосындағы батырлар мен жыраулар есімі аталады.
Ескерту: ноғай тілі графикасының ерекшелігін ескерсек: аъ-ə, оь-е, е-йе, уъ-ү, ий-й, г-
ғ, к-қ, нъ-ң болып оқылады.
«Бес ғасыр жырлайды» жинағында берілген Шалкиіздің «Жапырағы жасыл жаутерек»
толғауы «Түрік əдебиетлары антологиясында (Ноғай əдебиеті)» «Жапырағы жасыл ала
байтерек» деп беріліп, қазақ нұсқасында кездеспейтін мына жолдар бар:
Шал-Киіз айтар екенде,
Жапырағы жасыл ала байтерек,
Жайқалмағы желдендүр,
Жасармағы көлдендүр,
Жапырағы береннің
Түсе қалса белдендүр.
Құлан менен киіктің
Жүрер жері майдандүр,
Арғымақтың ат болары тайдандүр.
Құндызлы кирпүв бөрік киіп,
Жағасы оқа тон киіп,
Байлардың мақтанмағы
Малдандүр
Жалаң қылыш байланып,
Атаның ұлы ер жігіттің
Арқа ауылдың бойында
Жау қашырмақ сойдандүр,
Ойнайық, дослар, күлейік,
Ажалымыз Алла білер қайдандүр.
Жалпы Шалкиіздің ноғайлар арасында сақталған «Мен көремен», «Не болды?»,
«Əдилем», «Карангыда турган едим тандыр деп», «Еменнен айыр шыққан бұтақпын»
толғаулары мен Қазтуғанның «Идилим», Доспамбеттің «Қосайым» сияқты толғауларын
қазақ нұсқасынан кездестірмедік.
Ғалымдарымыз айтып жүрген «ауызша баспаның заңды редакциясынан өтіп», еленіп-
екшелген сөз орамдарынан өз уақытына тəн нормаларды танытуда лингвистикалық
талдау мен мəтінтанымдық ізденістердің орны ерекше.
Мəтінтанымдық талдауда тіл мамандарының міндеті көне мəтіндерде кездесетін, бұл
күнде өзі ескірген немесе мағынасы өзгерген сөздердің, кірме элементтердің,
фразалардың түп-төркінін, беретін ұғымын, жұмсалу орындарын ғылыми негізде зерттеп,
дұрысын көрсету, ең жөн деген жазылуын ұсыну болмақ. Осы міндеттерді алға қоя
отырып, ноғайлы-қыпшақ бірлестігі дəуірінде дүниеге келген əдеби туындылар мəтінін
сөз етеміз. Халық жырының інжу-маржандары – эпостық жырлар мен жыраулар
поэзиясы ғасырлар бойы ауызша таралып, басым көпшілігі негізінен ХІХ ғасырдың соңы
мен ХХ ғасырдың бас кезінде жиналып, əрі араб əрпімен хатқа түскендіктен, қазіргі
басылымдарда кейбір жеке сөздер мен сөз тіркестері, тіпті өлең шумақтары əр
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
159
басылымда əртүрлі беріліп, ала-құлалықтармен басылып жүр. Осылайша əр басылымда
əртүрлі берілуі жекелеген сөздер мен ұғымдарды лексикологиялық, грамматикалық
зерттеулерді қиындатады.
Сондай-ақ сөз етіп отырған дəуірде кейбір синоним сөздердің сараланып
қолданылуының да өз əсері болды, мысалы, жұрт, ел, алаш т.б. сөздердің əрқайсысының
өзіндік мəні, бояуы айқындала бастайды. Сонымен бірге кейбір сөздердің көне тұлғалары
да жиі кездесіп отырады: қол мағынасында ал; дала, жапан түз мағынасындағы жазы;
орау мағынасындағы құрсау; сол сияқты толғау, сақын (сақтау), абғыту, тебір,
көмбідей ару жалар, нараду, үрмеу, қарындас, игі, қыршын т.б. сөздер. Мұндағы сөз
тұлғаларынан көне кезең ізі де байқалады. Қазіргі қимыл есімі (тұйық етістік) – у
тұлғасының орнына бірде -ар, -ер, бірде -мақ, -мек тұлғалары жұмсалып отырады.
Жарақшылар жоқ па екен жарай білте саларға (салуға, Доспамбет); Жауға шаппақ
(шабу) не керек (Шалкиіз) т.б.
Əдебиеттер
тізімі
1.
Өмірəлиев
Қ
.
ХҮ
-
ХІХ
ғасырлардағы
қазақ
поэзиясының
тілі
. –
Алматы
:
Ғылым
, 1976. –
270
б
.
2.
Бес
ғасыр
жырлайды
: 3
томдық
/
құраст
.
Қ
.
Өмірəлиев
. –
Алматы
:
Жазушы
, 1989. – 1
т
. – 384
б
.
3.
Ноғай
халық
йыры
/
бас
ред
.
А
.
Ахматов
. –
Уфа
:
Наука
, 1995. – 575
б
.
4.
Радлов
В
.
В
.
Опыт
Словаря
тюркских
наречии
:
В
6
т
. –
СПб
., 1893. –
Т
.1. – 345
с
.
5.
Древнетюркский
словарь
. –
Л
.:
Наука
, 1969. – 676
с
.
6.
Сыздықова
Р
.
Қазақ
əдеби
тілінің
тарихы
. –
Алматы
:
Рауан
, 1991. – 295
б
.
7.
Исаев
С
.
Қазақ
əдеби
тілінің
тарихы
. –
Алматы
:
Ана
тілі
, 1996. – 320
б
.
Қабылданды
4.10.2010
ж
KU
ТТЫ
K
ТАЙМЫЗ
!
ПОЗДРАВЛЯЕМ
!
ЗДОРОВЬЯ
,
СЧАСТЬЯ
,
УСПЕХОВ
,
ДОРОГОЙ
ЮБИЛЯР
!
••••
МЕРЕЙТОЙ
ИЕС
I
НЕ
МЫ
K
ТЫ
ДЕНСАУЛЫ
K,
ТАУСЫЛМАС
БА
K
ЫТ
,
ТВОРЧЕСТВОЛЫ
K
ТАБЫС
Т
I
ЛЕЙМ
I
З
!
ВОРОБЬЕВА
АЛЕКСАНДРА
ЛЬВОВИЧА
,
доктора
биологических
наук
,
профессора
кафедры
строительных
материалов
,
стан
-
дартизации
и
сертификации
6 0
ГУМАНИТАРНЫЕ
НАУКИ
ISSN 1561-4212.
«ВЕСТНИК
ВКГТУ
»
№
4, 2010.
160
УДК 378.14
Т.П.Чернова
ВКГТУ, Усть-Каменогорск
ПСИХОЛОГО-ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ – НАПРАВЛЕНИЕ ИННОВАЦИОННОЙ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ
Образование сегодня становится производительной отраслью единого хозяйства стра-
ны, т.е. в ней создается товар, обладающий определенной потребительской стоимостью и
стоимостью, определяемой через конкуренцию в рамках рыночных отношений.
Следовательно, наивысшими качествами обладает тот образовательный товар, ко-
торый наиболее конкурентоспособен. Любому государству нужна конкурентоспособная
образовательная система.
Старая, традиционная система образования уже не в состоянии удовлетворить ни ре-
альный сектор экономики, ни социальную сферу высокопрофессиональными кадрами
специалистов. Особо остро этот вопрос стоит перед классическими университетами.
Создание инновационной среды в образовании позволит быстро и эффективно адап-
тировать образовательные программы, учебно-методическую и научно-исследователь-
скую работу к меняющимся условиям казахстанского и международного образовательно-
го пространства, а также создание благоприятных условий для устойчивого развития ин-
новационно-образовательной деятельности на выпускающих кафедрах университетов на
основе:
- интеграции образования, науки и инновационной деятельности;
- международного сотрудничества;
- социального партнерства с предприятиями и организациями, научными институтами;
- применения перспективных технологий, активизирующих инновационно-образова-
тельную деятельность.
В программе приоритетных задач социально-экономического развития любого госу-
дарства роль современного образования включает в себя:
|