Ұшасын тексеру. Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері - алдыңғы, ортаңғы және артқы болып үшке бөлінеді. Алдыңғы лимфа түйіні жұтқыншақ пен көмекейдің артында, кеңірдектің үстінде, қалқанша бездің төменгі жағында жатады. Ортаңғы лимфа түйіні мойынның орта бөлімінде орналасқан. Артық лимфа түйіні кеңірдектің үстінде, бірінші қабырғаның алдында жатады. Лимфаны мойын еттерінен, желкеден, жақ сүйектерінен, шықшыт бездерінен мойын омыртқаларынан, көмекей мен өңештен жинайды. Лимфа шығаратын өзектері кеңірдек лимфа өзегімен қосылады