Ветеринария факультеті


-32-сабақтың тақырыбы. Тағамдық өнімдерді дегустациялық бағалау негіздері



бет125/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131
Байланысты:
сойыс умкд -новый

31-32-сабақтың тақырыбы. Тағамдық өнімдерді дегустациялық бағалау негіздері

Сабақтың мақсаты: тағамдық өнімдерді дегустациялық бағалау негіздері әдістерін меңгеру

Сабақтың мақсаты:Тексерілген ағзалардың біреуінен патологиялық өзгерістер байқалса, осы нөмір арқылы малдың ұшасы мен терісін, т.б. ағзаларын тез тауып алады.Ірі қараның бір жерде басы, екінші жерде талағы, өкпе-бауыр, жүрегі, үшінші жерде ұшасы мен бүйректері қаралады. Төртінші орында күдік туғызған ұша мен ағзалар соңғы рет тексеріледі.

Шошқаны бауыздағаннан кейін терісін сыпырмастан бұрын бастың лимфа түйіндерін тіліп қарап, топалаңға тексереді. Кейін басын, ағзаларын, бұлшық еттерін цистицеркозға тексереді. Ұшасы соңғы рет мұқият қаралады. Қой мен ешкінің, бұзаудың басы ең соңынан қаралады, ал ағзалары мен ұшасын тексеру әдістері ірі қара малдың ұшасы мен ағзаларын тексеру әдістеріне ұқсас.

Мал дәрігерінің жұмысын жеңілдету үшін малдың басы, ағзалары белгілі бір орынға ілінеді. Тексеру барысында лимфа түйіндеріне ерекше көңіл бөлінеді. Олар организмдегі патологиялық өзгерістерге байланысты алғашқы реакция береді. Қандай малдың, қай органдардың қандай аурумен зақымданғанын, қаншама ағзаның, қандай себеппен браққа шығарылғанын журналға жазып қояды. Бұл журнал құнды документ, сондықтан ол бірнеше жыл бойы сақталады. Өте қауіпті жұқпалы ауру анықталса, бұл туралы мал әкелінген шаруашылықтың мал дәрігеріне дереу хабарланады. Ол ауруға қарсы жүргізілген шараларды жүзеге асырады. Топалаң мен трихинеллез, т.б. адамға қауіпті аурулар кездессе, жергілікті мал дәрігерлмерімен қатар, сол жердегі медицина қызметкерлеріне де міндетті түрде хабарлау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет