Ветеринария факультеті



бет126/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
Бақылау сұрақтар?

1.Әр түлік мал ұшасы мен ағзаларының ветеринариялық-санитариялық сараптау техникасын меңгеру

2. Әр түлік мал ұшасы мен ағзаларының ветеринариялық-санитариялық сараптау әдістерін меңгеру

3.Әр түлік малды ветсансараптау ерекшеліктері



Қолданылатын әдебиеттер:

1. Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М. «Ветсансараптау практикумы»,Алматы, 2007 жыл.

2.Горегляд Х.С. В.А.Макаров и др.Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства. Издательство Колос. М-1981

33-34-сабақтың тақырыбы. Сойыс малын алғашқы өңдеу технологиясы және гигиенасы
Сабақтың мақсаты сойыс малын алғашқы өңдеу технологиясы және гигиенасы сойғаннан кейінгі сараптауды үйрену

Сабақтың мақсаты:Мал дәрігерінің жұмысын жеңілдету үшін малдың басы, ағзалары белгілі бір орынға ілінеді.

Басын тексеру. Басты кесіп алғаннан кейін жақ етін түп жағының екі жанынан пышақпен тілгенде, ол жақ сүйектерінің арасына салбырап түседі. Бастағы алқым, шықшыт, жұтқыншақтың ортаңғы және бүйір лимфа түйіндері толық тексеріледі. Еріндер, қызыл иек, тіл, ауыздың ішкі жағы, бас сүйек пен жақ сүйектер мұқият қаралады. Жақ сүйектерінің шайнау кызметін атқаратын бұлшық еттерін, сыртқы жағынан екі рет, ішкі жағынан бір рет тіліп қарап финнозға тексереді.

Өкпе - бауырды (жүрек, өкпе, бауыр, диафрагма-шымылдық ет), байланысқан түрінде, жігін жазбай суырып алады да, кеңірдектен ілмекке іледі. Көкірек куысындағы лимфа түйіндерін кесіп қарайды, өкпені сыртынан ұстап, қысып байқайды, сонан соң ұзынынан қиялап кеседі. Үлпершек пен эпикардты қарайды.

Жүректің етін 2-3 жерден пышақпен тіліп цистицеркозға тексереді. Жүрек қуысын ашып қарайды, қанның бар жоғын анықтайды. Сонан соң бауыр лимфа түйіндерін кесіп қарайды.

Бауырды қолға ұстап көреді, пышақпен кесіп ет жолын тексереді. Эхинококкоз немесе бітеу жара барлығына күдік туса оларды пышақпен кеседі. Көк бауыр да осылай байқаудан өтеді.

Бас пен ағзалардың барлық лимфа түйіндерін тексергеннен кейін, ұшасын қарайды. Әсіресе, жалқаяққа және бауыздағанда қанының қалай шыққанына көңіл аударады. Мойын, белдеме еттері финнозға тексеріледі. Ал ұшаның лимфа түйіндері жоғарыдағы айтқандай, қажет болған жағдайда ғана кесіп қаралады. Нашар қансызданған малдың етіне қол сыртын тигізгенде, қолға сарысу сияқты болып жұғады. Мұндай етті міндетті түрде бактерио-логиялық тексеруден өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет