Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидалар. Астана 2015ж.
Кұс. Ет өндірісі үшін тауық, үйрек, қаз, түйе тауық пайдаланылады. Құстың тез жетілуі одан аса сапалы етті тез арада өндіруге мүмкіндік береді. Етті тауықтың тірідей массасы 3,5-4,5 кг, ал балапан етінің шығымдылығы ішек-қарынын жартылай ақтарғанда 80%, ал толық ақтарғанда 59-60%, ересек тауықта тиісінше 80 және 62%. Қазіргі кезде, тауықтан ет өндірісінде негізінен бройлер балапандарын өсіру аса пайдалы. Олар 7 апталығында 1,6-1,7 кг жетеді және еті дәмді.
Үйректің етті тұқымдарына Пекин, Украин сұры, Москваның ақ және басқалары жатады. Үйректің тірілей массасы 3-3,5 кг, ал қораздары 3,5-4 кг. Етінің шығымы ішек-қарынын жартылай өңдегенде 81%, толық ақтарғанда 59-60%.
Қаздың етті тұқымдарына Холмогор, Арзамасс, Үлкен сұр т.б. жатады. Тұқымдарына қарай тірілей массасы 4-5 кг 11-12 кг дейін. Етінің шығымдылығы ішек-қарнын толық ақтарғанда 60%, жартылай 79%.
Түйе тауықтың Солтүстік Кавказ, Москваның ақ, Тихорецкий т.б. тұқымдары өсіріледі. Тірілей массасы 4-15 кг дейін. Орташа есеппен мекиенінің массасы 6-8, қораздары 12-18 кг. Етінің шығымдылығы ішек-қарнын жартылай ақтарғанда 86%, ал толық ақтарса 64%.
Етке тапсырылатын құс жасына байланысты балапан және ірі құс болып бөлінеді. Балапан құстың (тауық, қаз, үйрек, күрке тауық балапандары) төс сүйегінің қыры сүйектенбеген (шеміршек) кеңірдек сақиналары солқылдақ, иілгіш, оңай қысылады, қанатында бірден артық, ұшы сүйірленген қауырсыны болады, ал бройлер балапандарында қауырсын қанаты бестен кем болмауы керек. Балапан аяқтарының терісі және тері қабыршығы солқылдақ, аяққа жабысып тұрады. Жас қораздар мен күрке тауықтардың тепкісі (щпор) жетілмеген, ұстап байқағанда жұмсақ, қозғалмалы. Қаз және үйрек-қаз балапандарының аяқ терісі жұмсақ, созылмалы, тұмсығы мүйізденбеген. Үлкен құстың төс сүйегінің өсіндісі сүйектенген, қатты, кеңірдек сақиналары қатты, қысылмайды. Аяқ терісі, тері қабығы дөрекі, бұдырлы, Қораздың, күрке тауықтың тепкісі қатты, тұмсығы мүйізденбеген.
Достарыңызбен бөлісу: |