Ветеринария факультеті



бет34/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131
Байланысты:
сойыс умкд -новый

Сабақтың мақсаты: мал сою мекемелері, ет өңдеу кәсіпорындары құрылымы, жұмысымен танысуды оқып-үйрену.
Сабақтың мазмұны: Сойыс малдарын шаруашылықтардан ет өндіріс орындарына тасымалдау аса күрделі де жауапты шаруа. Тасымалдау кезінде мал қоңдылығын төмендетпеу, тасымалдау әсерінен болатын аурулардың алдын алу, малдың жарақаттанбауын қадағалау, тасымалдауға жұқпалы ауруы бар малды жібермеу мал дәрігерінің, шаруашылық қызметкерлерінің басты міңдеті. Малды, құсты ет комбинаттарына ауру-сырқаусыз, шаршатпай жеткізу көптеген жағдайларға байла­нысты. Оған малдың жалпы жағдайы, малды тасымалдауға алдын-аладайындау, тасымалдау көлігінің түрі, сапасы, малды көлікке тиеу және түсіру, тасу жылдамдығы, жол жағдайы, мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтау ж.б. жатады.

Сойыс малдарын ет өндіру орындарына темір жолмен, автокөлікпен, кейде су жолымен жеткізеді. Республикада тасымалдаудың ең дамыған түрі автокөлікті пайдалану. Сойыс малын тасымалдау мал дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі.

Етке тапсырылатын мал жұқпалы аурудан таза шаруашылықтардан шығуы тиіс және дені сау болуы керек:

Ол үшін: сойыс малының дене қызуы өлшенеді, жалпы жағдайы тексеріледі және басқа да қажетті жұмыстар жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет