Құйымшақ лимфа түйіндері - құрсақ қолқасының ішкі және сыртқы мықындық артерия болып екіге бөлінген жерінде орналасқан. Лимфаны белдеме сан, сауыр бұлшық еттерінен, жамбастың қабырғасы,жатыр, қынап және қуықтан жинайды. Шонданай мен мықынның бүйір лимфа түйінде-ріндегі лимфа да осында құяды. Жиналған лимфа ең соңында мықынның орта лимфа түйіндеріне ағады.
Белдеме лимфа түйіндері - белдеме етіндегі май арасында орналасқан және өте ұсақ келеді. Лимфаны белдеме мен жотаның бұлшық еттерінен жинайды.
Бақылау сұрақтар?
1.Мал дәрінерлік санитариялық сараптаудағы лимфа түйіндерінің маңызы?
2.Ірі қара мал лимфа түйіндерінің топографиясы
3.Қойдың лимфа түйіндерінің топографиясы
4.Шошқаның лимфа түйіндерінің топографиясы
5.Жылқының лимфа түйіндерінің топографиясы
6.Түйенің лимфа түйіндерінің топографиясы
7.Бас лимфа түйіндерінің орналасуы
8.Ұшаның негізгі лимфатүйіндері
17-18 тақырыбы. Қой малы лифма түйіндерінің орналасу реті. Бас,ұша мен ішкі мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптау
Достарыңызбен бөлісу: |