Ветеринария факультеті


Лимфа түйіндердің топграфиясы



бет90/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131
Лимфа түйіндердің топграфиясы.Малдың қандай түрі болсын лимфа түйіндерінің орналасатын жерлері бір-бірімен ұқсас. Малдың түріне қарай түйреуіштің басындай мөлшерден, ұзындығы 10-30 см жетеді және онан да артады.

Ірі қара мал мен қойдың лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей. Олар бұршақ тәріздес, сопақша немесе дөңгелек пішінді, сыртынан маймен қаптал,аг, пышақпен тілгенде сұр немесе сарығыш-сұр түсті.Ешкініңі де осылай орналасқан, бірақ көпшілігінің пішіні жарты ай тәріздес.

Жас малдардың лимфа түйіндері, ересек малдың лимфа түйіндеріне қарағанда біркелкі үлкен және шырыны мол, болбыр келеді.

Кәрі мал мен арық малдың лимфа түйіндері дәнекер ұлпалардың өсіп, лимфойд ұлпаларының азаюына орай семеді. Қартайған малда (әсіресе ірі қарада) өте жиі ошақты, сиректеу бір-біріне сіңіскен қара немесе қоңыр түсті рең (пигменттену) байқалады.Семіз малдарда торлы ұлпалардың май ұлпасына айналуына орай лимфа түйіндері көпшілік жағдайда кішірейеді. Лимфа түйіндеріне көршілес қою қызыл түсті, домалақ гемолимфатикалық түйіндер кездеседі. Малдәрігерлік санитариялық сараптау барысында бұндай түйіндердің ешқандай маңызы жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет