Ветеринария факультеті



бет21/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131
Байланысты:
сойыс умкд -новый

Малды кансыздандыру. Мал денесінен қанның шығуы еттің сапа-сына, онын сақталу мерзіміне үлкен әсерін тигізеді. Малды бауыздау асылған немесе жерде жатқан кезде жүргізіледі. Әрине асылған малдан қан толық әрі тез шығады, әдетте ет комбинаттарында барлық мал түрі аспалы жолда бауыздалады. Есеңгіретілген малды (қой, ешкі есеңгіре-тілмей) артқы аяғынан тұзақ салып аспалы жолға көтеріледі,

Ірі қараны қансыздандыру. Ет ішек-қарыннан шығатын жынмен былғанбас үшін малды қансыздандыру алдында өңеш байланады. Олүшін асулы тұрған малдың мойын терісі мойынның ортасынан кеуде тұсына дейін (20-30 см) тілініп, өңешті кеңірдектен ажыратып, жіппен буады да қысқаш салады. Малды қансыздандыру есеңгіретуден кейін 1,5 мин ішінде жүргізілуге тиіс. Қанды тамаққа немесе дәрі-дәрмекке пайдалануға тек қана сау малдан жинайды. Бұл үшін арнаулы үшкірленген қуысты пышақ қолданылады. Ол таттанбайтын болаттан жасалады, ұзындығы 51 см, диаметрі 22-24 мм. Пышақтың ұстауға ыңғайлы сабы болады, оған ұзындығы бір метрдей резеңке түтік жалғанады.

. Шошқаны қансыздандыруға арналған қуыс пышақ біршама қысқа.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет