3.Сойылған малдың өнім шығыны жөнінде түсінік. Ет комбинаттарында, малды сою бір-бірімен жалғасқан арнаулы технологиялық үдерістерден тұрады. Сою технологиясын сақтау алынған өнімнің сапасына, шығымына үлкен әсерін тигізеді. Сою малды асып немесе жатқызып қойыпжүргізіледі. Малды жатқан қалпында сою механикаландырыл-маған қасапханаларда, үй жағдайында жүргізіледі Жұмыстың ыңғайлылығы және санитарлық талаптарды орындау малды асып сойғанда оңай, әрі тиімді. Мал түріне байланысты сою технологиясында аздаған өзгерістері бар.