Ветеринария факультеті


Қосымша әдебиеттер тізімі



бет8/131
Дата14.04.2022
өлшемі254,94 Kb.
#31018
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131
Байланысты:
сойыс умкд -новый

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидалар. 2015ж.


1.Сойыс малы. Ет өндірісінде ең бірінші етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Сонымен қатар басқа өнім үшін бағылған малды да ет өндірісіне қолданады. Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетін малды сойыс малы деп атайды. Бізде сойыс малына ірі қара, жылқы, түйе, қой, ешкі, шошқа деп атайды. Б Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 тәулік толмаған төлдерді сойыс малына жатқызбайды.

Сойыс малының жалпы сипаттамасы. Iрi қара. Шошқа. Кұс. Үйректің етті тұқымдары. Қаздың етті тұқымдары. Қоян. Страус еті. Саз құндыз. Малдың қоңдылығы. Сойыс малын бордақылау. Сойыс малдарын тасымалдау. Автокөлікпен тасымалдау. Малды айдау. Тасымалдау стресінің алдын алу үшін фармакологиялық заттарды қолдану. Малды союга дайындау, оның ет сапасына әсері. Мал өңдейтін кәсіпорындарына койылатын мал дәрігерлік-санитариялық талаптар.

2.Сойыс малдарын тасымалдау.Тасымалдау кезінде мал қоңдылығын төмендетпеу, тасымалдау әсерінен болатын аурулардың алдын алу, малдың жарақаттанбауын қадағалау, тасымалдауға жұқпалы ауруы бар малды жібермеу мал дәрігерінің, шаруашылық қызметкерлерінің басты міңдеті. Малды, құсты ет комбинаттарына ауру-сырқаусыз, шаршатпай жеткізу көптеген жағдайларға байла­нысты. Оған малдың жалпы жағдайы, малды тасымалдауға алдын-аладайындау, тасымалдау көлігінің түрі, сапасы, малды көлікке тиеу және түсіру, тасу жылдамдығы, жол жағдайы, мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтау ж.б. жатады. Етке тапсырылатын мал жұқпалы аурудан таза шаруашылықтардан шығуы тиіс және дені сау болуы керек. Ол үшін сойыс малының дене қызуы өлшенеді, жалпы жағдайы тексеріледі және басқа да қажетті жұмыстар жүргізіледі. Жылқыны міндетті түрде маңқаға тексереді. Ол үшін клиникалық тексерумен қатар, етке тапсырардан 2-3 күн бұрын көзге маллеиндеу жүргізіледі. Екінші peт маллеин реакциясымен ет комбинатында сояр алдында тексереді. Ет комбинаттарына бруцеллез, туберкулез (ауруларының клиникалық белгілері болса), ауруы анықталмаған, дене қызуы әдеттегі қалыптан жоғары не төмен болған жағдайда және аусылға қарсы белсен-ділігі төмендетілген вирусты вакцинамен егілген малды 21 күнге дейін, ал топалаңға (жамандат, қараталақ, ақшелек) қарсы егілен (вакцина немесе сыворотка) малды 14 күн өткенше тапсыруға болмайды. Со-нымен қатар антибиотик егілген, пестицидтермен өнделген малды да, олардың арнаулы құжаттарында көрсетілген мерзімнен тыс етке тапсы­руға рұқсат етілмейді. Ал балық немесе балық ұнымен азықтандырылған малды 30 (құсты 10) күннен кейін ғана етке тапсыруға болады.Етке тапсырылатын малға қажетті құжаттар дайындалады. Олар малдың сырға нөмірі көрсетілген тізбе, товар-көлік құжаты, N1 мал дәрігерлік куәлік (немесе аныктама). Ал мал бір тәуліктен артық айдала-тын немесе темір жолмен тасымалданатын болса, малды қай жолмен айдау, мал суғаратын, демалдыратын жерлер көрсетілген жол қағазы дайындалады.Автокөлікпен тасымалдау. Теміржолмен тасымалдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет