Шонданай лимфа түйіндері – шонданай сүйегінде орналасқан. Лимфаны жамбас пен құйрықтың терісі мен еттерінен, жамбас пен ортан жіліктің қосылған жерінен, тік ішектен жинайды да жамбас түйіндеріне құяды.
Шаптың үстіңгі лимфа түйіндері- еркек малда жыныс мүшесінің қасында жатады, ал сиырда желінінің үстінде орналасқан. Лимфаны құрсақтың көк еті мен терісін және сан мен тірсектің ішкі жақтағы терісі мен еттерінен жинайды. Жиналған лимфа мықынның дөңгелек лимфа түйіндеріне ағады.
Мықынның дөңгелек лимфа түйіндері- сан артериясының бастауында орналасқан. Бұған артқы аяқтың барлық лимфа түйіңдері құяды, жамбастың қабырғасы және құрсак көк етінен жиналған лимфа да осыған келіп қосылады.
Мықынның бүйір лимфа түйіндері— бүйір құрсақ бұлшық етінің үстінде жатады. Лимфаны ұршық буын мен құрсақ бұлшық еттерінен жинайды. Лимфаны жалғас жатқан лимфа түйіндеріне береді.
Мықынның ортаңғы лимфа түйіндері- мықынның сыртқы артерия-сының алдыңғы жағында орналасқан. Лимфаны белдеменің бұлшық еттер-інен, жамбастан, саннан, ен мен енбаудан, аналық без бен тұқым жолынан, жатырдан, бүйрек пен қуықтан, сол сияқты мықынның бүйір және құйымшақ лимфа түйіндерінен жинайды. Лимфаны белдеменің лимфа өзегіне береді.
Құйымшақ лимфа түйіндері - құрсақ қолқасының ішкі және сыртқы мықындық артерия болып екіге бөлінген жерінде орналасқан. Лимфаны белдеме сан, сауыр бұлшық еттерінен, жамбастың қабырғасы,жатыр, қынап және қуықтан жинайды. Шонданай мен мықынның бүйір лимфа түйінде-ріндегі лимфа да осында құяды. Жиналған лимфа ең соңында мықынның орта лимфа түйіндеріне ағады.
Белдеме лимфа түйіндері - белдеме етіндегі май арасында орналасқан және өте ұсақ келеді. Лимфаны белдеме мен жотаның бұлшық еттерінен жинайды.
Бақылау сұрақтар? 1.Мал дәрінерлік санитариялық сараптаудағы лимфа түйіндерінің маңызы?
2.Ірі қара мал лимфа түйіндерінің топографиясы
3.Қойдың лимфа түйіндерінің топографиясы
4.Шошқаның лимфа түйіндерінің топографиясы
5.Жылқының лимфа түйіндерінің топографиясы
6.Түйенің лимфа түйіндерінің топографиясы
7.Бас лимфа түйіндерінің орналасуы
8.Ұшаның негізгі лимфатүйіндері