Ветеринария факультеті



бет54/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
Байланысты:
Ветеринария факультеті

Жүнін жұлу. Қауырсын, мамықты жұлу кезінде құс терісінің былғанбауын және жыртылмауын қамтамасыз ету керек. Терінің жыртылуы онда микробтардың жылдам өсіп-өнуіне, еттің тез бұзылуына әкеліп соқтырады. Құйрық, канат қауырсындарын жұлу арнаулы машиналардың көмегімен немесе қолмен қансыздандырудан кейін іле-шала жүргізіледі. Сонан соң, ұшадағы қауырсын, мамықты түгел етті жарақаттамай алу үшін құс ұшасы ыстық сумен өңделеді. Ол үшін, құс ұшасы конвейермен арнаулы ыстық сулы астауға жеткізіледі. Құрғақтағы құсты өңдеуге 51-55°С, ал су құстарын өңдеуге 60-72°С су пайдаланылады. Жидіту құс түріне, жасына байланысты 80-90 сек, кейде 180 сек уақыт алады. Осыдан соң, кұс ұшасы конвейер бойынша орналасқан бірнеше жүн жұлатын машиналардан өткізіледі. Қауырсын түбірінен және басқа да жүн қалдықтарынан тазарту үшін құрғақтағы құс ұшасын үйітеді. Ол температурасы 700°С шамасындағы газ пештерінде жүргізіледі. Сонан соң, теріні күйік қалдықтарынан тазарту үшін салқын сумен жуып, ұшаны тез салқындату үшін мұзды сулы астауға түсіреді,
Су құстарының қауырсын, жүн қалдықтарын тазарту арнаулы балауызды сұйықтықпен өңдеу арқылы жүргізіледі. Балауызбен өңдеу арнаулы астауларда, ұшаны 2-3 рет батыру арқылы орындалады. Әр астаудағы балауызға батыру 3-6 сек, ал бір астаудан екінші астауға жеткізу уақыты 20 сек шамасында болуға тиіс. Балауыз ашық түсті канифол және ақ парафинді балқытып, үстіне 1% әк қосып дайындалады. Балауызбен өңдеу төмендегі әдіспен жүргізіледі. Аяғынан және басынан конвейерде бекітілген құс ұшасы астаудағы ерітілген балауызға (температурасы 62-65°С) 5-6 сек батырылады, ұшаның басы мен аяғынан басқа денесі түгел балауызбен жабылуы тиіс. Сонан соң, ауаны 20 сек салқындатып, температурасы 52-54°С болатын екінші астауға батырылады. Осылай өңделген құс денесіндегі балауыздың қалыңдығы 1,0-2,5 мм жетеді. Ал, ұша бір астауда өңделетін болса, оның температурасы 52-54°С болуы тиіс.
Балауызбен өңдеу цизерин қосылған балауызды қоспамен де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде бірінші астаудағы температура 70-75°С, екіншісінде 70-75°С, ал бір астауда өңдегенде 75-80°С. Осылайша балауыз қоспасымен өңделген құс ұшасы салқын сулы астауда (0-4°С) немесе құбырдағы сумен (12-20°С), (90-120 сек) салқындатылып, балауыздан тазарту машиналарына жіберіледі. Сонан соң, құс ұшасын ішек-қарын тазартуға жіберер алдында 20 мин мұзды суда салқындатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет