Ветеринария факультеті



бет50/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
Ветеринария факультеті

Белдеме лимфа түйіндері - белдеме етіндегі май арасында орналасқан және өте ұсақ келеді. Лимфаны белдеме мен жотаның бұлшық еттерінен жинайды.

Бақылау сұрақтар?
1.Мал дәрінерлік санитариялық сараптаудағы лимфа түйіндерінің маңызы?
2.Ірі қара мал лимфа түйіндерінің топографиясы
3.Қойдың лимфа түйіндерінің топографиясы
4.Шошқаның лимфа түйіндерінің топографиясы
5.Жылқының лимфа түйіндерінің топографиясы
6.Түйенің лимфа түйіндерінің топографиясы
7.Бас лимфа түйіндерінің орналасуы
8.Ұшаның негізгі лимфатүйіндері


19-20 тақырыбы. Қоян бас, ұша мен ішкі сүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптау
Сабақтың мақсаты: Қоян бас, ұша мен ішкі сүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптау әдістерді меңгеру


Керекті құрал-жабдықтар: ет сынамалары, микроскоп, сүзгі қағаз, спирттік шам, Грам әдісімен бояуға Грамм әдісімен бояуға арналған бояулар мен реактивтер, төсеніш шынылар 96% -спирт, колбалар, қайшы, қысқыштар


Сабақтың мазмұны. Сезімдік зерттеу тәсілі (органолептикалық). Әр түлік малдың етін бір-бірінен ажырату үшін, етті малдәрігерлік сараптаудан өткізеді. Бұл зерттеуде сезімдік мүшелердің көмегімен еттің түсін, иісін, түсін, пішінін, тығыздығын және қаңқа сүйектердің ерекшеліктері ескеріледі. Нүкте тәрізді микробтар, ішек таяқшалары көптеп кездеседі.


Жұмысты жүргізу тәртібі:
1.Сынама алу ережесі: тексерілетін әр ұшаны немесе оның массасы 200г шамасы мойын (4-5 мойын омыртқаларының тұсы), жауырын және санның қалың етінен сынама алынады. Сынаманы зертханаға жіберерде оның әр бөлігін пергамент қағазға орап, оған қаламмен мынаманың атын, номерін жазады да жәшікке салады. Оны пломбалайды, жолдама құжатта сынаманың алған жері, уақыты, малдың түрі, ұшаның номері, сынаманың иесінің аты, жөні, неге тексергені жөнінде көрсетіп жіберуші адам қол қояды.
2.Сезімдік тексеру. Сынаманың сыртқы түрі, түсі, иісі, консистенциясына және май мен шандырдың, сондай ақ сіңірдің жағдайына көңіл аударады. Иісін жақсы анықтау үшін етінің кішкене бөлігін колба ішінде суға қайнатып буының иісін, мөлдірлігін анықтайды, сорпаның бетіндегі майға көңіл аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет