Жүнін жұлу. Қауырсын, мамықты жұлу кезінде құс терісінің былғанбауын және жыртылмауын қамтамасыз ету керек. Терінің жыртылуы онда микробтардың жылдам өсіп-өнуіне, еттің тез бұзылуына әкеліп соқтырады. Құйрық, канат қауырсындарын жұлу арнаулы машиналардың көмегімен немесе қолмен қансыздандырудан кейін іле-шала жүргізіледі. Сонан соң, ұшадағы қауырсын, мамықты түгел етті жарақаттамай алу үшін құс ұшасы ыстық сумен өңделеді. Ол үшін, құс ұшасы конвейермен арнаулы ыстық сулы астауға жеткізіледі.
Бақылау сұрақтары
1.Үйрек сою технологиясының негіздері
2. Қаз сою технологиясының негіздері
Дәріс №9
Қоян сою технологиясының негіздері
Дәріс мақсаты: Қоян сою технологиясының негіздері
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Ет пен ет өнімдерін консервілеу
2.Етті төменгі температурада консервілеу әдістері.
3.Етті жоғары температурада консервілеу әдістері.
4.Суық көздері.
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:
1.Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. М., «Агропромиздат», 1991 г.
2.Боровков М.Ф. , Фролов С.А. и др.ВСЭ с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства, Санкт-Петербург, 2007 г.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидалар. Астана 2015ж.
1.Ет пен ет өнімдерін консервілеу. Ет тез бұзылатын өнім, сондықтан ол әдеттегі жағдайда ұзақ сақтауға келмейді. Еттің және басқа тез бұзылатын өнімдерді балауса күйінде және тағамдық қасиетін ұзақ сақтау үшін оларды арнаулы өңдеуден өткізеді, былайша айтқанда консервілейді.
Консервілеудің биологиялық негізі еттегі микробтар мен ұлпа ферменттерінің әрекеттерін тоқтату үшін немесе оларға кедергі жасау болып табылады. Ол үшін төмендегі биологиялық принциптерді басшылыққа алады: абиоз-жоғары температура,антисептиктер, ультракүлгін және радиоактивтңк сәулелер, ультрадыбыс т.б. көмегімен ет ішіндегі микробтардың өсіп-өнуін және биологиялық үдерістер тоқтатылады. Анабиоз- тоңазыту, кептіру, көмірқышқыл газы, вакуум, жоғарғы осмотикалық қысым, қышқылдандыру, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |