Жұтқыншақтан кейінгі бүйір лимфа түйіні - ұзындығы 4-5 см, (қойдікі 0,6-0,8 см) ауыз омыртқаның алдыңғы жағын, шықшыт безінің артын ала орналасқан. Лимфаны бас пен мойынның жалғасқан жеріндегі терісінен, ерін ұртынан шайнау қызыметін атқаратын бұлшық еттерден, жақ сүйегінен, сыртқы құлақ пен бұлшық етінен, мойынның бұлшық еттерінен жинайды. Жоғарыда айтылғандай бастың басқа лимфа түйіндерінен аққан лимфа осыған келіп құйылады. Ал осы түйіндегі лимфа кеңірдек түйінінің өзегіне ағады, ол барып үңгір венасының күре тамыр венасы мен қосылған жеріне барып құяды. Ал басты кесіп алғанда, көпшілік уақытты бұл лимфа түйіні мойында қалады.
Ішкі ағзалардың ЛТ.
Көкірек қуысының ортаңғы лимфа түйіндері - 0,5-5см, жұтқын-шақтан жоғары, қолқа доғасының оң жағындағы, көкірек қуысының алдыңғы және артқы лимфа түйіндерінің аралығында жатады. Лимфаны кеңірдек пен жұтыншақтың көкірек бөлімінен, өкпе мен плевраның орталық бөлімінен жинайды. Лимфаныкөкірек лимфа өзегіне береді.
Көкірек қуысының артқы лимфа түйіні - көкірек қуысының артқы жағында көкірек қолқа тамырының астында, жұтқыншақтың үстінде жатады. Ұзындығы 15-25 см, (қойда 6,0-9,0). Лимфаны өкпенің кейінгі бөлімінен, жұтқыншақтан, плевра мен диафрагмадан, бауыр мен көк бауырдың диаф-рагмаға жабысқан жерінен жинайды. Лимфа шығаратын өзектерді көкірек түйіндерінің өзектерімен қосады.
Көкірек қуысының үстіңгі лимфа түйіндері - қолқаның үстіңгі жағында, омыртқалардың астында орналасқан, ұзындығы 1-3,5 см. Лимфаны иық белдері мен омыраудан көкірек пен үлпершектен плевра мен диафрагмадан, бауыр мен көк бауырдан жинайды. Лимфаны көкірек өзегіне құяды.
Сол бронхтың лимфа түйіні - ұзындығы 2,5-3,5 см, қалың майдың арасындағы сол бронхтың түбінде, қолқаның көмкерілген жерінің астында орналасқан. Лимфаны жұтқыншақтан, өкпе лимфа түйіндерінен, жүректен және бронхтардан жинайды. Жиналған лимфа көкірек лимфа өзегіне немесе көкірек қуысының алдыңғы лимфа түйіндеріне ағады.
Оң бронхтың лимфа түйіні - ұзындығы 1-3 см, кеңірдектің бронх-ыларға бөлінген жерінде жатады. Лимфаны өкпенің жиегінен, жұтқыншақтан, кеңірдектен және бронхтардың басталған жерінен жинайды. Лимфаны көкірек өзегіне құяды.
Достарыңызбен бөлісу: |