Қорытынды
Қорыта келгенде, Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынған бұзауларға, ата-тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық камтамасыз етілсе, олордың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындыла алады. Мал төлден өседі. Сондықтан мал шарушылығының тажірбиелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды. Бұзау туғаннан кейін оларды көлемді, шырынды азықтарды көп, ал жемді азырақ беріп өсіреді. Етті ірі қара мал шарушылықтарында керісінше, жемді көбірек береді. Бірінші тәсілді қолданғанда өсіп келе жатқан малдардың организімде зат алмасу күшейіп, әрі ас қорту органдары жақсы жетіледі. Сөйтіп, мұның барлығы суттің көп болуына әсер тигізеді. Екіншісінде, етті шаруашылықта бұзауларға жемді көп беруден аз уақыттың ішінде көп салмақ қосады . Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып, бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп өсіреді. Етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды 6-8 айға дейін енелерімен бірге, әрі қосымша азық беріп өсіреді. Мұның өзі екі бағыттағы шаруашылықтардың бұзау өсіру тәсілдерінің әр түрлі екендігін көрсетеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қойбағаров Қ.У., Ешмурзаев Л.М., Нурмышев А.Ж., Кокаев Б.К.
Зоогигиена жəне ветеринарлық санитария
Ж.Мырзабеков, П.Ибрагимов. «Ветеринарияляқ гигиена» Алматы «Білім» 2005ж.
Кузнецов А.Ф. и д р . Гигиена животных. М., Колос. 2001.
Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена.
Садуақасов М.С. Ветеринариялық гигиена.
Достарыңызбен бөлісу: |