Н1 балама жорамалы деп нөлдік жорамалмен бәсекелес, яғни оған қарама-қайшы келетін жорамалды айтады.
Тек бір ғана пікірден тұратынжорамалды жай жорамал деп атайды : a=a0 .
Жай жорамалдардың шексіз көп санынан тұратын жорамалды күрделі деп атайды: а>5.
Н0 жорамалын тексерудің статистикалық критерийі деп, осы жорамалды қабылдайтын немесе жоққа шығаратын ережені айтады.
Жорамалды тексерудің негізгі принципі
Жорамалды тексеру X1,X2,…,Xn таңдамасының нәтижелері бойынша жүргізіледі, таңдамадан статистикалық критерий деп аталатын Tn=T(X1,X2,…,Xn ) таңдама функциясы құрылады.
Tn=T(X1,X2,…,Xn )
Сыни аймақ S жорамалды қабылдау аймағы
Жорамалдарды тексергенде мүмкін болатын қателіктер
Бірінші текті Екінші текті
Н0 жорамалы
Жоққа шығарылады
Қабылданады
Дұрыс
Дұрыс емес
1-ші текті қателік
Қателік жоқ
Қателік жоқ
2-ші текті қателік
Критерийдің мәнділік деңгейі () деп 1-ші текті қателікті жіберу ықтималдығын айтады.
2-ші текті қателіктің ықтималдығы β арқылы белгіленеді.
Критерийдің қуаттылығы деп 2-ші текті қателікті жібермеу ықтималдығын айтады және оны (1- β) арқылы белгілейді.
Р(жоққа шығару Н0/Н0 дұрыс) немесе Р(Н1/Н0)
βР(қабылдау Н0/Н0 дұрыс емес) немесе βР(Н0 /Н1)
1-βР(қабылдау Н1/Н1 дұрыс)
Критерийдің қуаттылығы
неғұрлым үлкен болса,соғұрлым 2-ші текті қатенің ықтималдығы аз.
Мысал:
Айталық, пациентте қандай да бір ауру түрінің жоқтығы туралы жорамал тексерілсін. Аурудың белгісі белгілі бір көрсеткіш болады( мысалы, артериалдық қысым).
Н0 – қалыпты жағдайдағы көрсеткіш, яғни пациенттің дені сау.