Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама деректерімен салыстыру үрдісі статистикалық жорамалды тексеру деп аталады.
Жорамалдарды статистикалық тексеру міндеттері:
Қандай да бір бас жиынтыққа қатысты Н0 жорамалы айтылады.
Осы бас жиынтықтан таңдама бөлініп алынады.
Таңдама деректері бойынша Н0 жорамалын қабылдауға немесе жоққа шығаруға болатындай ереже көрсетілуі тиіс.
Статистикалық жорамал – бұл таралудың түрі жөніндегі немесе бас жиынтықтың белгісіз параметрлерінің шамалары жөніндегі, таңдама көрсеткіштерінің негізінде тексеруге болатын ұйғарым.
Параметрлік критерийлер деп есептеу формуласына таңдаманың орта мәні, дисперсиясы сияқты параметрлері кіретін және бас жиынтықтың қалыпты таралуына негізделген критерийлерді айтады.
Параметрлік емес критерийлер деп бас жиынтықтың таралу түріне негізделмеген және есептеу формуласында жиынтықтың параметрлерін қолданбайтын критерийлерді айтады.