Табиғат және мәдениет. Мәдени коммуникация. Тіл және мәдениет
Табиғат («натура» лат.) бұл өзіндік қасиеттері бар шексіз құбылыстарға толы бізді қоршаған орта. Табиғат адамның санасынан тыс объективті шынайылықты білдіреді. Оның басы мен аяғы жоқ, уақыт пен кеңістікте шексіз, кеңістікте үнемі қозғалыста болады, әрі өзгеріп отырады.
Табиғат адамның пайда болуына жағдай жасады. Табиғаттың объективті заңдылықтарын тани отырып, оған арнайы жасалған еңбек құралдарының көмегімен әер етіп, адамдар табиғаттың күш-қуаты мен байлығын адамзатқа қажетті құндылықтар ашу үшін пайдаланды. Сонымен, табиғи өмір сүру ортасы жасанды «екінші табиғатпен» толықтырылады. Оған табиғатта дайын күйінде болмайтын, тек қоғамдық өндіріс процесінде жасалатын заттар жиынтығы жатады. Антикалық Грекиядағы Демокрит мәдениетті «екінші табиғат» деп санаған.
Әрбір жеке тіршілік иесі табиғи қатынаста тең емес. Адамға табиғаттың әр саласына таралу мен әртүрлі жұмысқа бейімділік тән. Табиғат пен мәдениет бір-біріне қарама-қарсы. Бірақ әрбір мәдени құбылыс негізінде бір мәдени құбылыспен байланысты өңделінетін табиғи құбылыс жатыр.
Адамның жасаған іс-әрекеттері алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер мен нәрселерде көрініс табады. Осы жерде мәдениеттің екі түрін қарастырып кетейік: рухани мәдениет және материалдық мәдениет.
Рухани мәдениет дегеніміз – білім, идея, заң, мінез-құлық ережелері, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл болып табылады.
Материалдық мәдениетке - тұрмыстық және өндірістік білім, құрал-саймандар, өндіріс техникасы мен технологиясы, еңбек құралдары, діни ғимараттар, тұрмыс жабдықтары, әшекейлер, жалпы айтқанда, адамдардың рухани, материалдық қажеттілігін қанағаттандыратын заттардың, іс-әрекеттердің барлығы жатады. Кітап – материалдық мәдениет объектісі, ал оның мазмұнындағы білім, идея – рухани мәдениет бөлшегі, ал әшекей тағу – рухани мәдениеттің элементі.
Өркениет сөзінің астарында тәрбиелену деңгейі, жабайылық немесе тұрпайылыққа қарама-қарсы қойылған қоғамның даму сатысы деген түсінік жатыр.
Қазіргі тілдердегі мәдениет сөзі былай түсіндіріледі: жалпы процестегі зиялы, рухани, эстетикалық дамудың абстрактылы белгіленуі; құқық пен тәртіпке, парасаттылық пен материалдық мәдениеттің дамуына негізделген қоғамның күйін сипаттау, бұл жерде мәдениет сөзінің кейбір мағынасы өркениет сөзінің мағынасына сәйкес келеді; өмір сүру салты немесе тіршілік ету әдісінің ерекшелігі болып табылады.
Адам ағзасының анатомиялық-физиологиялық құрылысы табиғи жағдайларда белгіленген қызмет түрін алдын ала анықтамайды. Адам өзінің табиғатында әмбебап, ол әртүрлі қызметті игере алады. Бірақ ол өзінің қоршаған ортасы мәдениетті болғанда ғана, өзі тектес тіршілік иесімен тілдескенде ғана адам бола алады.
Адам – табиғат қатынасында өзінің биологиялық және әлеуметтік тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасаған, әлеуметтік топтарда өмір сүретін, өзін шығармашылық, еркін субъект ретінде көрсететін қоғамдық тіршілік иесі.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адамзат ғасырлар бойы қалыптасқан, алайда жаугершілік пен алапат соғыстардың салдарынан жиі-жиі үзіліп қалған өзінің бірыңғай мәдени бірлігін қалпына келтіре бастайды. Осылардың ішінде белгілі философ-экзистенциалист Карл Ясперстің (1883-1969) белдеулік уақыт ілімі ерекше орын алады. К.Ясперстің пікірінше, адамзат біртұтас күйде пайда болған, негізгі даму бағыты ортақ және тағдыры мен болашағы ұқсас. Жалпыадамдық мәдениет пен өркениеттің қалыптасуына шешуші әсер еткен фактор-тарихтағы рухани даму, құдайлық сенімнің адамдарды баурап алуы. Бірақ әрбір дүниежүзілік немесе ұлттық дін өзара таластың салдарынан жалпыадамдық наным мен сананы қалыптастыра алмады. Дегенмен бұл мәселелерді мәдени коммуникация, тіл және мәдениет, құндылықтар арқылы қарастырып көрейік.
Мәдени коммуникация
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл- коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өз ара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.
Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл- өсиет, даналық ой, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге айналды.
Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі сезім мүшесі құлақ болды. Есту сенумен пара пар болды. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі болып есту мүшесі құлақ емес, көру мүшесі-көз келді.
Коммуникация құралдары күрделене келе, тек адамды қоршаған ортаны ғана өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің де ойлау жүйесіне, дүниетанымына, іс-әрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізді. Жазу-сызудың пайда болуынан басталған жатсыну, шеттену процестері Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен одан ары ұлғая түсті. Христиандық Еуропада ХҮ ғ. Иоганн Гутенберг өзінің тапқан баспа станогын іске қосты. Осыған қатысты ХХ ғ Канадалық философы Маршалл Маклюэн өз мақаласында «Гуттенберг галактикасы» атты идеясын айтады. «Гутенберг галактикасының мақсаты - алдымен фонетикалық алфавит, содан кейін типография- баспа іс – адам тәжірибесінің, дүниетанымының және өзін-өзі көрсетудің формаларын өзгеруіне мүмкіндік беріп», баспа ісі- нағыз ақпараттық төңкеріске келіп соқты. «Гуттенберг галактикасының» арқасында тұңғыш көпшілік конвейерлік тауар – басылып шыққан кітап дүниеге келді. Ол бұрын болмаған көп мүмкіншіліктерге жол ашты. Жазу-сызуы жоқ уақытта ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тәжірибені ру көсемдерінің зердесі сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған
М. Маклюэннің айтуы бойынша, қатынас құралдарының өзгерісіне байланысты болатын мәдени кезеңдердің біреуінен екіншісіне өту барысында көптеген үйреншікті мәдени элементтер жоғалды. Аудио-визуалды кеңістік кезеңі жаңа қарым-қатынас құралдарын-телеграфты, радионы, телефонды, теледидарды, компьютерді және т.б. ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және мәдениет институттары дағдарысқа ұшырады. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің, әдебиеттен ақын- жазушылардың – күнделік, хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады. Біртұтас электрондық байланыс біздің планетаны «үлкен ауылға» (глобальная деревня «Галактика Гутенберга: Становление человека печатающего» (1962)) айналдырып отыр.
Тіл - тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды.
Тіл және мәдениет.
Дискурс-тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени-тілдік контексті.Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүиетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің нақты тілдік шындығын айтады. 19 ғ швейцариялық тіл маманы Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды., екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие, үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.
Тіл-бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз. Өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда мынаны байқаймыз - әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен.
Рухани болмыс- мағыналы белгі, таңба болмысы. Өйткені, белгі қашанда ,,материалдық», ,,заттық,, белгіге бөлінеді. Белгілік шығармашылықтың жемістері- өнер туындысы, ғылыми жұмыстар, діни рәміздер, салт-дәстүрлер және т.б. бәрі адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық заттай бөліктері. Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, өзіндік құндылығында.
Жалпы, ұғыну мәселесі ХХ ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды десек болады. Осы мәселеге сонау Ф.Шлейермахерден , В. Дильтейден бастап М.Хайдеггер, Ханс-Георг Гадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. Түсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көзқарастарды қарастырып өткеніміз жөн. В. Дильтей өзінің міндетін гуманитарлық ілімнің ерекшеліктерін, немесе сол В.Дильтейдің кезіндегі Германияда қалыптасқан терминология бойынша, ,,рухани ғылымдардың, өзіндік ерекшеліктерін» түсіндіру деп білді.
Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі.
Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады.
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамның қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейкесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал – саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуы да тегіннен – тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) “Палеолит”термині гректің “палайос” – көне, “литос” – тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5 – 2,6 млн. жылдай бұрын басталып, б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.
Неолит дәуірінде қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан туындылары мен иероглифтер дүниенің төрт бұрышында кеңінен таралған. Олардың басым көпшілігі Африка құрылығында табылса, стилі жағынан өте ұқсас болып келетін материалдық мәдениеттің ескерткіштерін Испанияда, Ресейдің Онега көлінде, Ақ теңізде, Сібірде, Өзбекстанда және т.б. жерлерден кездестіруге болады.
Палеолит дәуіріндегі өнерге қарағанда неолит дәуірі өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар.Ең бастысы- аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Жартастағы графикалық алғашқы қауымдық бейнелеу өнерінде тұңғыш рет әсем нәзіктікке талпыныс айқын байқалады.
Тассилин-Аджер өнерінен гүлденген, ашық бояулы, ғажап жұмбақ дүние ашылды. Сурет мазмұнында – жайылым және мал табындары. Келісті сиырларды бақташылар бағып жүр. Адамдар мен малдардың денелері түрлі түстер арқылы әсем де, көрікті етіп берілген.
Неолит дәуіріндегі адамдарды шаруашылықты жүргізу тәсіліне байланысты екіге бөлуге болады. Олардың алғашқылары аң аулаумен, балықшылықпен шұғылданды. Бұл- иелену экономикасы болып табылады.
Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономика» деп атаған. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар, деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы пайда болған өркениеттің ошағы- көне Египет Мысыр болды.Осы бір жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты белгілері – аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және қауымдық ұйым, ал діндер-анимизм болды.Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім.
Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі-фетишизм болып саналады. Фетишизм- табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну.Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді.Өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті – дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды.Ол негіздер - әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және т.б. болды.Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар-адамзат тіршілігінің басты мән- мағынасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |