«Жаншылған тамшы»әдісі Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіндегі өсіріндіні заттық шыныға жағып, бетін жабын шынысымен жабады. Материал тамшысының мөлшері заттық шынымен жабын шынының аралығындағы кеіңстікті толтырып, жабын шынысының шегінен асып кетпеуі қажет. Препаратты иммерсиялы жүйеде кондерсорды аздап төмендетіп қарайды.
«Аспалы тамшы»әдісі Ортасында ойығы бар заттық шыны болуы қажет. Өсірінді тамшысын жабын шыныға тамызады, бетіне ортасында ойығы бар заттық шыныны жабады, алдын-ала ойық жиектеріне вазелин жэағылады. Содан соң заттық шыныны жабын шыныға аздап жабыстырып, жабын шыныны жоғары қаратып, препаратты аударады. Нәтижесінде тамшы ұзақ уақыт кеуіп қалмайтын, ауа кірмейтін жабық камера пайда болады.
Жаңа тақырыпты меңгеру
Презентация
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9
Слайд 10
Бактериялық өсірінді –қоректік ортада жасанды жолмен өсірілетін бір түрге жататын бір бактерия жасушасының ұрпағы болып табылатын бактериялар жиынтығы. Бактериялық өсінділерді сақтау үшін тығыны бұралып жабылатын сынауықтардыды қолданған ыңғайлы. Бактериялық өсінділердің көптүрлілігін 5-7*С тан жоғары емес, температурада сақтаған тиімді.
Бактериялық өсіндісі бар сынауық немесе ампулаға атауы, номері мен бөліп алынған күні көрсетілген этикетка жапсырылады. Зертханада бөліп алынған немесе сақталатын барлық бакктериялық өсінділер арнайы нұсқаулыққа сәйкес тіркеледі.
Бактерияларды жасанды қоректік ортада өсіру барлық микробиологиялық зерттеулердің негізі болып табылады, ол бактериялардың морфологиялық, физиологиялық және басқа да ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бактериялардың қоректік заттарды қажет етуіне қарай бактериялық өсінділерді өсіру үшін органикалық субстратты орталар немесе энергия көзі ретінде көміртеекті қосылыстар кіретін тұзды жасанды орталаро алынады.