|
|
бет | 3/5 | Дата | 12.06.2023 | өлшемі | 20,4 Kb. | | #100636 |
| Байланысты: Vii-а топша элементтері (Сутегі. Фтор, Хлор, Бром, Иод. Алынуы, Химиялық қасиеттері.
Барлық металдармен жақсы әрекеттеседі. -1 тотығу дәрежесін көрсетеді. Металдармен бөлме температурасында немесе қыздырғанда әрекеттеседі. Алтын мен мыспен белгілі бір жағдайда әрекеттеседі.
3F2 + 2Au → 2AuF3
Cu + Cl2→ CuCl2
Галогендер көптеген бейметалдменде әрекеттеседі.
Хе + F2 → XeF2
Si + 2Cl2 → SiCl4
Галогендер көміртекпен, оттегімен, азотпен бөлме температурасында әрекеттеспейді.(фтордан басқа) Галогендер күшті тотықтырғыштар, күрделі заттың элементтерімен әрекеттеседі.
2F2 + 2H2O → 4HF + O2
2F2 + SiO2 → SiF4 + O2
Бромды су натрий сульфиті ерітіндісімен әрекеттеседі.
Br2 + H2O + Na2SO3 → 2HBr + Na2SO4
Реттік нөмірі артқан сайын алдыңғы галоген келесі қосылыстардан ығыстырып шығарады.
F2 + 2KCl → 2KF + Cl2
Cl2 + 2KBr → 2KCl + Br2
Фтор сутегімен фторлы сутек түзеді. Тіпті қараңғы жерде қопарылыс бере әрекеттеседі.
F2 + H2 → 2HF
Фторлы сутек-түссіз, иіссіз газдар, суда еріп фторлы сутек қышқылын түзеді.Фторлы сутек қышқылы орташа,күшті қышқыл,ерітіндіде димер түрінде болады.(Н2F2) Екі негізді қышқылға жатады.Белсенді металдармен, негіздермен, негіздік оксидтермен әрекеттеседі.
Н2F2 + SiO2→2H2O + SiF4↓
Бұл қышқылдың тұздары екі түрлі:
1) орта тұздар Na2F2
2) қышқыл тұздар NaHF
Фтордың оттекті қосылыстарына ОF2,O2F2 оксидтері белгілі. Галогендер оттегімен тікелей әрекеттеспейді, сондықтан жанама әдістермен алады
2F2 + 2NaOH → OF2 + 2NaF + H2O
Түзілген оксид- күшті тотықтырғыш
OF2 + HI → I2 + H2F2 + H2O
OF2-oттегі фториді
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|