2.Иллюстративті көрнекіліктер
Бұл көрнекіліктер тобын негізгі екі түрге бөліп қарастыруға болады: көлемді және бейнелі-жазықты. Бірінші түріне – модельдер және муляждар, екінші түріне - түрлі көлемді суреттер, кестелер, схемалар, көркем суреттер, карталар. Бұл көрнекіліктерді қолдану танысқалы отырған заттың өзін тікелей көруге мүмкіндік болмаған жағдайда, олардың бейнесін суреттеме түрінде пайдаланылады.
Муляж – табиғи обьектінің дәл ме дәл көшірмесі, яғни оның сыртқы белгілері (түсі, пішіні, көлемі) сақталынады. Оларды парофин, пластиллин, ұн немесе желімді пайдалана отырып даярлауға болады.
Қыста оқытылатын кейбір обьектілерден, мәселен, шырынды жемістер, саңырауқұлақтар муляждарын жасауға болады. Саңырауқұлақтардың муляжын оның өзіне қарап отырып, желімді маталардан жасайды да, соны бояйды.
Модель - зат пен оның құрлысының барлық детальдарын сол қалпында қайталайтын көшірмесі.
Модельдердің танымдық маңызы өте зор. Жазықтыққа салынған суреттерге модель оқып отырған зат туралы кең ұғым бере алады.
Балалардың сүйікті ойыншықтары, әсіресе жол қатынасы құралдарын бейнелейтін – жүк автомабильдері, вагондар, ежелгі паравоздар, моторлы қайықтар, көтергіш крандар, жұмыс істейтін машиналардың модельдері, кейде олардың өте бәлдікпен жасалған көшірмесі болып есептелінеді.
Дүиетану пәні бойынша бағдарламаға сәйкес материалдарды меңгеруде пайдасы болатын модельдерді біреше топқа біріктіруге болады. Ондай топтардың біріне географиялық модельдер жатады. Олар жер бетінің формалары: тау, төбелер, өзен аңғарлары, өзен және оның салалары, сайлар, жыралар жатады. Әсіресе экскурсияда көріп білген заттарды бейнелейтін модельдердің маңызы ерекше болады.
Қыста оқытылатын кейбір обьектілерден, мәселен, шырынды жемістер, саңырауқұлақтан модельдерін жасауға болады. Алайда бұл модельдердің муляж деген түрімен кездестік. Гүлдің бөліктерін табиғи гүлден көріп біліп, білімді тиянақтау үшін құрлысы әр түрлі гүлдерді, олардың аталықтары, аналықтары, күлте жапырақшалары схемасының модельін жасаған пайдалы.
Көрнекі құралдардың үлкен тобын әр-түрлі техникалық құрлыстар мен құбылыстардың модельдері құрайды. Бұл жерде әсіресе қозғала алатын, жұмыс істейтін модельдер: су құбыры, фонтан, ағын сулы дөңгелек, жел қозғалғыштар пайдалы болады.
Модельдеу практикасы және модель жасауға қажетті материалдар.
Моделдеу жұмысына әрдайым желім керек. Дүкендерде сатылатын даяр кеңсе желімдерін пайдалануға болмайды, оларды пайдаланған қағазда сары дақ қалып, кепкен кезде ақтаңдақтар пайда болады.
Жұмыс жасау үшін желімнің екі түрін: ағаш желімдейтін және ұннан жасалған желім даярлап алу керек. Шаруашылық дүкендерде ағаш желімдейтін жұқа плитка түрінде сатылады.
Ұннан жасалатын желімді бидай немесе картоп ұнынан даярлайды. Картоп ұнынан желімді тезірек даярлауға болады. Кастрольге бір стакан су құйып қайнатады. Басқа ыдысқа суық суға иленіп қалмайтындай шай қасықпен картоп ұнын салып араласырады және оны ыстық суға үздіксіз араластырып тұрып, тез құяды. Бұл желімді тек екі күн ғана қолдануға жарамды. Ал кем дегенде екі апта пайдалануға жарамды болатын бидай ұнынан жасалған желім көбірек қолданылады. Оны әзірлеу үшін бір шай қасық бидай ұнын стакандағы жылы суға салып араластырып, 2-3 минуттай араластырып тұрып қайнатады. Жұмыс үшін суытылған желім пайдаланылады.
Бояулар. Ең алдымен желімді плакаттық бояулар-гуашь керек. Техникалқ құрылыс модельін табиғи безендіру үшін електен өткізілген құм мен топырақ; өсімдіктерді бейнелеу үшін ағаш үгіндісі мен мүк те қажет болады. Алдамшы қар әзірлеуге мақтамен бор қышқылы пайдаланылады. Су бетін еліктеу үшін терезе шынсының сынықтары мен целлофан қолданылады.
Модельдердің барлық түрлерін даярлау үшін қажеттті материалдар: түрлі қалыңдықтағы қатырма қағаз кескіндері, сурет салынатын қазаз, тұғырға қажетті тақтай және фанера кесектері, ылғал сіңіретін және мата жасайтын мақта, газет, орауға арналған қағаздар, жіп, жаңқа, сым темір, ағаш ұнтақтары.
Модель жасаудың тәсілдері көп, бұл жерде солардың кейбіреуі баяндалады.
Жабыстыру арқылы географиялық рельеф жасау. Жер бейнесінің ой-қырын, тауларды, төбелерді, жыраларды, шұғанақтарды даярлағанда саз балшықпен пластилиннен жабыстырып жасаудың қажеті жоқ. Әдістемелік кабинеттен басқа класқа, одан қайта кабинетке жиірек тасмалданатын модельдер берік те, жеңіл болуы крек. Пластилин жабыстыруға қолайлы болғанымен оның кеппейтін, қатаймайтын қасиеттері жасалған бұйымдарға кері әсерін тигізеді де, олар мыжылып, пішіндерін өзгертеді. Саздан жасалған бұйымдар ауыр да морт келеді.
Таулардың, төбелердің, тау беткейлерінің адырларын және жыралардың ойлы-қырлы рельефін қалыптастыру үшін жұқа қағаздар немесе жұмырланған газетті пайдаланған жөн. Қағаздарды ұн немесе өте сұйытылған ағаш желімдермен сулап, олардан модельдің мөлшері рельефіне орай әр түрлі көлемдегі сықпаланған кесектер жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |