Vii тарау Кластан тыс ұйымдастырылатын жұмыс


Табиғаттың өлі табиғи обьектілері



бет5/8
Дата07.01.2022
өлшемі32,62 Kb.
#17581
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғаттың өлі табиғи обьектілері – топырақ, тау жыныстары мен минералдар және қазба түрлері болып келеді. Олар сабақта әрі демонстратциялық көрнекілік, әрі таратпа материалдары болып табылады.

Демонстрациялық көрнекілік мақсатында қолдану үшін көрсетілетін обьектіні кластың барлық оқушыларына анық көрінетіндей көлемді болуы тиіс. Олар көбіне арнайы қорапқа салынған, минералдар мен тау жыныстарының коллекциясы түрінде болады (мысалы; «Гранит және оның құрамдас бөлігі», «Граниттің мүжілуі», «Тау жыныстары мен минералдар колекциясы» т.с.с.)

Дүниетану пәні бағдарламасы бойынша 3-класта «Тау жыныстары және пайдалы қазбалары» мазмұнында арнайы тарау беріледі. Бұл сабақтарда өлі табиғи обектілерін танып білу әрекеттері жүргізіледі. Айталық; гранит және оның құрамдас бөліктері, құмтас, құм және саз, сондай-ақ пайдалы қазбалар- темір, мыс, қорғасын, алюминий, кенге жатпайтын пайдала қазбалар – тұз, фосфориттер, әктас, мәрмәр, топырақ түрлері т.с.с. өлі табиғат эльементтерінен тікелей көзбен көріп, қолымен ұстау арқылы танып білудің қажеттілігі туындайды. Сондықтан осы дүниелердің міндетті түрде ірілі-ұсақты жинақтамалары болуы қажет және оны орынды пайдалана білген жөн. Мысалы тығыз тау жыныстары мен танысыу сабағында гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір жинақтама – үлгілерін пайдалана отырып олардың табиғи таза түрлері мен құрлысқа, тұрмысқа қажетті өңделген түрлерін көрсету арқылы таным процесін тереңдетуге мүмкіндік туады.

Жанғыш пайдала қазбалармен танысу сабағында таратпа материалдар тұрғысында шымтезек, көмір жинақтамалары және мұнай, оны өңдеу барысында алынатын қалдық өнімдер вазелин, парафин, машина майы т.б. түрлерін пайдалана таныстыруда балаларға заттардың сыртқы түр-түсін, исі және т.б. қасиеттері арқылы сол затты танып білуге толық мүмкіндік туады.

Кен пайдалы қазбалар құрамын таныстыру сабағында минералдар коллекциясымен бірге металдар құймаларын да көрсетуге әбден болады.

Сабақта қолданылатын таратпа материалдар арнайы қораптар мен жәшіктерде сақталынады. Сабақ барысында өзінің арнайы қорапшаларымен немесе арнайы падносқа салып әр партаға таратылып қойлады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет