Vii тарау Кластан тыс ұйымдастырылатын жұмыс


Жеке-дара жүргізілетін класстан тыс жұмыс



бет2/8
Дата07.01.2022
өлшемі32,62 Kb.
#17581
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
88-98 Дүниетану Айдана

Жеке-дара жүргізілетін класстан тыс жұмыс. Бұл белгілі бір белсенді оқушының инициавасымен жүзеге асады. Алдымен мұғалімнің арнайы тапсырмасы бойынша жапырақтар, бұтақтар, жемістер, тамырлар коллекциясын даярлау; үйде құстарды бақылау; жыл мезгілдеріне орай жапырақтардың түсінің өзгеруін бақылау; бүршік жару, судың қатуы; осыларға орай қосымша кітаптарды оқу тапсырмалары беріледі. Класы жоғарылаған сайын тапсырма оқушының қызығушылығнан туындайды. Тәжірибие жасау, табиғатқа өз бетінше бақылау жасау, түрлі қосымша кітаптар оқып оқушылар алдында хабарлама жасау тағы сол сияқты болып келеді.

Топпен жүргізілетін кластан тыс жұмыстар түрлі тақырыпта, түрлі бағытта ұйымдастырылған үйірмелер. Мысалы: «жас натуралистер», «жасыл сақшылар», «жас экологтар» т.с.с. тақырыптағы үйірмелер болады.

Үйірме өз еркімен жазылған шектеулі санды 12-15 мүшелерден құралады. Үйірме сабақтары аптасына 1 рет немесе айына 2-3 рет өтіледі. Үйірме жұмысы нақты жоспарланған, әр түрлі эксприменттер, практикалық және теориялық тапсырмалар, ғылыми әдебиеттермен жұмыс, тұрған класының, ауылыны, өңірдің тарихы бойынша өлкетану ждұмыстары, сол өңірдің табиғатын, өсімдіктерін, жануарларын зерттеу бағыттары бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқушыларда бірте-бірте белгілі бір затқа немесе құбылысты тереңірек білгі келетін қызығушылық туындайды. Содан жекелей бағытқа ауысы бастайды. Мысалы; біреуі өсімдіктерді, біреуі жануарларды, енді бірін минералдарды зерттеу қызықтырады, кейбірі түрлі табиғи құбылыстарын сырын білгісі келеді, заттардың қасиеттерін зерттеуге бағытталады, ал біреуін бөлме өсімдіктері немесе табиғат бұрышындағы өсімдіктердің бұрышындағы өсімдіктердің түршіліктері қызықтырады. Осындай бағытта жүргізілетін зерттеу, зерделеу, бақылау жұмысының қызықты нәтижелері клас алдында немесе үйірме отырыстарында баяндалып отырылады. Бұл іс-әрекеттер пәнді терең меңгеруге мүмкіндік береді, баяндама, мәлімдемелері басқа оқушылардың да сөзсіз құштарлығын арттырады.

Үйірме мүшелерінің басшылығымен түрлі орындарға экскурсия жасалынады, көптеген материалдардан сабаққа қажетті көрнекіліктер даярлайды. Үйірме сағатында жасалынған тәжірибе-класс алдында сабақта да көрсетіліп таныстырылады.

Кей жағдайда үйірме мүшелерінің өнертапқыштық қабілеттері туындайды. Үйірме жұмыстарының нәтижелері көрме, кеш, семинар түрінде жарияланады. Үйірме мүшелерінің жетекшілігімен үлкен іс-шаралар ұйымдастырылады айталық: «Құстар күні», «Гүлдер мерекесі», «Алтын күз», «Көк аспан», «Орман күні» т.б. Үйірме мүшелері мектеп маңындағы оқу-тәжірибие үлескісіндегі, географиялық алаңдағы, тірі табиғат бұрышындағы жұмыстарды ұйымдастырады, ондағы заттарды, жұмыстарды қадағалап отырады.

Көпшілікпен ұйымдастырылған кластан тыс жұмыстар: класты безендіру, белгілі бір тақырыпта сурет салу конкурсы, тақырыптық кештер, түрлі қойылымдарға даярлану, табиғатқа, мұражайға, жануарлар бағына, көрмеге экскурияға бару. Мұндай шаралар барысында балға эстетикалық, табиғатты қорғау, ұжымдық сияқты тәрбие беріледі. Сабақта алған білімдері, жауапкершілік қасиеттері толығады, өз бетінше жұмыс істеуге машықтанады. Мектеп маңындағы көктемгі күзгі жұмыстар, кештерге, тақырыптық ойындарға қатысу жатады.

Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлі мынандай әдістерімен жүргізіледі: әңгіме, әңгімелесу, түрлі қызықты қосымша кітаптармен жұмыс, лабараториялық-практикалық жұмыс, бақылау, тәжірибие жүргізу т.с.с. әдістер жатады. Кластан тыс жұмыстар ұқыпты дайындықты қажет етеді.

Кластан тыс ұйымдастырылатын «Маужырап барқын қоңыр күз, өнімі мол Алтын күз» - атты сахналық кештің бағдарламасы үлгі ретінде қосымша ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет