Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
1.Кластан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлері.
2.Жеке-дара жүргізілетін жұмыс түрлері қандай?
3.Топпен жүргізілетін класттан тыс жұмыстар қалай ұйымдастырылады?
4.Кластан тыс ұйымдастырылатын шарашың бір түріне жоспар даярлау.
VIIIтарау
Дүниетануды оқытудың материалдық базасы
8.1.Дүниетануды оқытуға қажетті көрекіліктер классификатциясы
А.Дистерверг (1790-1866) сабақта көрнекі құралдардың маңыздылығын аса бағалап былай деген: « көрнекі құралдарды пайдалана білім беруден асқан жол жоқ, басқа ешбір әдіспен білім сапасы көтерілмейді». Әсіресе бастауыш класта дүниетанудан сабақ беру әсем безендірілген көрнекіліктер қолдану міндетті. Себебі жаңа ұғым, жаңа затқа байланысты атауларды ұғындыру үшін, шартты түрде сол заттың бейнесін көз алдына көрсету керек . Яғни бала сөз бен заттың арасындағы байланыстың маңыздылығын,онда заттың пішіні, түсі, көлемі, дыбысындағы ерекшеліктерді түйсінуі қажет.
Жаратылстану пәндері бойынша лағаш көрнекі құралдарды пайдалана сабақ өтуді насихаттаған 1786 ж. В.Ф.Зуев және А.Я.Герт болған.
Дүниетануды оқыту процесін жоғары деңгейде жүргізу үшін материалдық базаның маңыздылығы жоғары. Демек дүниетануды оқытуда көрнекілік принципі негізге ұстанады.
Дүниетану пәні бойынша материалдық база 3 негізгі топқа жинақталады:
-класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар;
-тірі табиғат бұрышы;
-мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескісі, географиялық алаң.
I. Класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар немесе оқу жабдықтары. Бұл көрнекі құралдары өз кезінде үш топқа жіктеледі:
1.Табиғаттың тірі және өлі обьектілері.
2.Иллюстративті (суреттер, кестелер, модельдер т.б.)
3.Қосымша көмекші құралдар ( лабараториялық құрал-жабдықтар, приборлар) және техникалық құралдар ( кодоскоп, диапректор, микроскоп, теле-видеоапараттар, компютерлер т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |