Гербарии (кеппе шөп) материалдары – сабақта демонстратциялық әрі таратпа материалдар ретінде пайдаланылады. Алайда бастауыш кластарда кеппе шөптерді пайдаланудың эффектілігі төмен, себебі өсімдік мүшелерінің түстері толық сақталынбай өзгеріп кетеді, сондықтан сол затты толық танып білу үшін қосымша тағы басқада көрнекіліктермен үйлестіре қолдануды қажет етеді.
Сонымен өсімдіктердің түрлерімен танысу лабараториялық жағдайда әртүрлі ортадағы түрлі тұқымдас өкімдерінің гербарилерін алдын ала даярлап жинақтап, пайдалануға болады. Ол үшін ашық күндері өсімдіктерді толық вегетативті, генеративті мүшелермен қоса таңдау арқылы жинап алады. Шөптесін өсімдіктерді тамырымен қоса қазып алады. Ол үшін гүлдеп немесе жемісті түйін салған өсімдік таңдалынады. Ал ағаштар мен бұталардың бұрақтарынан 20-25см кесіп алынады. Жиналған өсімдіктер тамырын топырақтан тазалап, мүшелерін еппен түзулеп бүктелген газет беттерінің арасына, содан соң папкаға салынып қысылады. Папканы 35х37см келетін екі бөлек картоннан немесе сондай көлемдегі фанерден жасап, түп жағып панерден жасап, түп жағын қайыс жіппен бекіту керек. Газеттің арасына өсімдікпен бірге этикета, яғни сол өсімдікті жинаған күні, қай жерден терілгені, жинаушының аты жөні, жазылған блокноттың бір парағы салынады.
Өсімдіктерді преске салғанда оның тамырлары, сабақтары, жапырақтары газет шетіне шығып қалмауы және әрбір газетке бір өсімдік салынуын қадағалау керек. Өсімдіктер кішкене болса ғана бірнеше өсімдікті бір газетке салуға болады.
Егер өсімдіктердің сабақтары жапырақтарынан жуан болса, онда жапырақтардың қалыңдығы сабақпен бірдей ету үшін, оның екі жағына да газет салынады. Гүлдің астына бір қабат ылғал тартқыш аптеке мақтасын салып, оның үстіне газет жауып қойылады. Процесті астынан жел тиіп тұратындай етіп орналастыу керек.
Өсімдік табиғи түсін жоймас үшін оларды күнде құрғақ газетке орналастыру крек.
Кепкен гербарийлер көлемі 26х36см ақ параққа тігіліп, төменгі оң бұрышына көлемі 8-13см келетін этикетка жазылады. Ол үшін өсімдік анықтауышпен анықталады.
Өсімдіктердің генеративті мүшесі гүлін кептіру, сақтау үшін жуылған табада немесе кенерлі қаңылтырда кептірілген майда құм алып, оның қалыңдығы 2-3 см етіп, кортоннан жасалған қораптың түбіне салынады. Оған гүлдің күлтесін жоғары қаратып, гүл сабағын қадап, үстіне жайлап құм саламызГүлдің бетіндегі құмның қалыңдығы 1-см ден аспауы крек. Ішінде құм мен гүл бар қорапты жылы, құрғақ жерге, мысалы қаңылтыр шатырлы үйдің төбесіне немесе күннің көзіне қойылады. 8-9 күннен кейін қораптың ішіндегі құмды оның түбіндегі жасалған тесіктерінен түсіріп жіберіп, гүлді шығарып аламыз.
Құмда кептірілген гүлді, металл құрсауы алынып тасталынған электр шамы шынысының ішіне қойған өте сұлу көрінеді. Шамның тесігіне жасыл пластилинді тығып, оған гүлдің сабағын бекітіп қоюға болады.
Концентратциялы тұзды немесе қант ертіндісінде консервленген жемістер дәне формалинде жануарлар және жеке мүшелерінен даярланған (фиксациоланған) ылғал препораттар және жеке мүшелерінен даярланған құрғақ препораттар.
Достарыңызбен бөлісу: |