VII тарау
Кластан тыс ұйымдастырылатын жұмыс
Кластан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлері оқушыларға білім және тәрбие беруде үлкен мағынаға ие. Бұл оқу үрдісінде балаларға қосымша білім және тәрбие беретін оқу түрі болып есептелінеді, бірақ міндетті бағдарлама талап етілмейді.
Кластан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенділігі артады, білімдері тереңдейді. Кластан тыс жұмыстар барысында бала бойындағы жауапкершілік, тәрбиенің басқа да түрлі қырларының қалыптасуы жүзеге асады. Мұғалімге үлкен көмекші болып табылады. Сңынан түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, жетекші болып шығады.
Кластан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерінен сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу түрінің айырмашылығы оқу бағдарламасына сәйкес оқушының орындауы міндетті, ал кластан тыс жұмыс түрлері оқушылардың өз еркімен, қызығушылықпен белсенділік танытса айналысып, ұйымдастырылатын оқудың қосымшы түрі болып келеді.
Кластан тыс жұмыстарға: тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, тәжірибие алаңындағы жұмыстар, түрлі тақырыптық үйірмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, ондағы материалдарды өңдеу, көрнекіліктер даярлау т.с.с. жұмыс түрлері жатады.
Бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне орай кластан тыс жұмыстардың да түрі сол жасқа лайықты таңдалынады. Ең алдымен 1-2-класстарда класстан тыс жұмыстардың мазмұны сол уақытқа дейін меңгерген білімдеріне сәйкес өзгеріп отырады. Бұл топпен орындалады, атап айтсақ: тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, бөлме өсімдіктерін күту, өсімдіктерді басқа ыдыстарға көшіру, түрлі коллекциялар даярлау, топтық іс-шаралар өткізу мысалы, ағаш егу, «Құстар күні» мерекесін өткізу, түрлі викториналық сұрақтар дайындау, өсімдіктер мен жануарларға, құстарға көмек, ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жұмыстары, қоғамдық-пайдалы еңбектерді жүргізу, көгалдандыру т.с.с.
Қазіргі уақытта мектепте класстан тыс жұмыстар жеке-дара, топттық, көпшілік түрде ұйымдастырылады. Бұл ұйымдастырылу түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыра түседі. Мұның негізгі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім деңгейі, олардың қызығушылықтары мен құмартуын және таңдауынан туындайды. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс баланың жан-жақты дамуына, дұрыс тәрбиелеуіне көп әсерін тигізеді, экалогиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |